Герберт Спенсер (1820-1903)Әлеуметтанудың алғашқы ғалымдарының бірі- британдық философ-ғалым Герберт Спенсер болды. Спенсер әлеуметтік және табиғи өмірдің дамына эволюция себеп болды деп санайды. Ол қоғамды алып жаратылысқа ұқсатады: жүрек пен өкпе ағзаның өмірін қамтамасыз ету үшін бірігіп жұмыс істейтіні сияқты қоғамның бөліктері де қоғамды сақтау үшін бірге жұмыс істейді. Бұл идеялар арқылы Спенсер әлеуметтік зерттеулерді бағыттайтын екі негізгі қағиданы қалыптастырды. Біріншіден, ол «әр қоғам-қоршаған ортаға бейімделу» деп түсіну керек деген қорытындыға келді. Бұл бейімделу қағидаты бойынша қоғамды түсіну үшін өсу мен өзгерістер процесіне баса назар аудару керек. Бұл сондай-ақ қоғамды ұйымдастырудың бір ғана жолы «дұрыс» болмайтынын білдірді. Керісінше, түрлі жағдайларға байланысты қоғам да өзгеріп отыратынын байқатады.
Спенсердің әлеуметтануға қосқан екінші үлесі-оның ғылыми әдіске қатысты ұстанымы болды. Өз заманындағы көптеген ғалымдармен салыстырғанда Спенсер зерттеу барысында моральдық бейтараптық мен мұқияттың маңыздылығын дәлелдеді. Таптық жіктеліске, патриоттық және теологияға деген жалған көзқарастар туралы еңбектерінде ол әлеуметтаанушыларға қоғамды зерттеген кезде өз пікірін және қалауын таңбауы керектігін ескертті.