Заттың анизотропиясы деген оның физикалық қасиет-терінің бағытқа тәуелділігі. Кристалдардың кӛбі (кубтық жүйедегі кристалдардан басқа) анизотропты. Олардың ди-электриктік ӛтімділігі және сыну кӛрсеткіші жарық толқы-нының Е электр векторының бағытына тәуелді.
Осының нәтижесінде қалың анизотроптық кристалға (мысалы исландиялық шпатқа) жіңішке жарық шоғы түскенде, одан кеңістікке екі ӛзара паралель бӛлінген шоқтар шыға-ды. (6-сурет). Бастапқы шоқ кристалға қалыпты түссе де, сынған шоқ екі шоққа бӛлінеді. Оның біреуі түскен шоқтың жалғасы болады да, ал екіншісі ауытқиды. (7- сурет).
6-сурет 7-сурет
Екі шоқтың біріншісі кәдімгі (0), екіншісі ӛзгеше (е). Кез келген анизотроптық кристалда қосарланып сынуы болмайтын, үйектелуі ӛзгермейтін кем дегенде бір бағыт болады. Осы бағытқа параллель ӛтетін кез келген түзу сызық - кристалдың оптикалық осі болады. Оптикалық осі бойынша таралған жарық шоғы қосарланып сынбайды. Табиғатта кристалдар бір осьті және екі осьті болады. Бірінші типті кристалдарға ислан-диялық шпат (оның оптикалық осі MN диагоналы бойында бағытталған), турмалин, кварц жатады. Екінші типті кристалдарға - слюда, гипс, топаз жатады. Әрі қарай тек бір осьті кристалдарды қарастырамыз. Кәдімгі және ӛзгеше шоқтар ӛзара перпендикуляр бағыттарда жазық үйектелген.
Жарық шоғы бағытымен кристалдың оптикалық осі арқылы жүргізілген жазықтық бір осьті кристалдың бас жазықтығы болып саналады.
Кәдімгі шоқтың электр векторының Е тербелістері бас жазықтыққа перпендикуляр, ал ӛзгеше шоқ - бас жазықтықтығында болады.
Достарыңызбен бөлісу: |