Үйектегіштер. Жарықтың дөңгелектік және эллипстік үйектелуі. Үйектелген жарықты талдау. Жасанды оптикалық анизотропия. Үйектелу жазықтығын бұру.
Үйектегіштер. Үйектегіш деген үйектелген жарықты алуға, табуға және тал-қылауға, сонымен қатар үйектеу құбылысына сүйенген зерттеулер мен ӛлшеулерге арналған қондырғылар. Оларға үйектегіш призмалар, поляроидтар жатады.
Үйектегіш призмалар екі классқа бӛлінеді: 1) тек жазық үйектелген шоқ беретін үйектегіш призмалар - бірсәулелік призмалар; 2) ӛзара перпендикуляр жазықтардағы үйектелген екі шоқ беретін призма - екісәулелік үйектегіш призмалар.
1-сурет
1-суретте бірсәулелік Николь призмасы немесе жай Николь деп аталатын призма кӛрсетілген. Ол исландиялық шпаттан жасалған АВ сызығы бойынша канадтық бальзаммен (n=1.55) жабыстырылған қос призма. ОО' оптикалық осі призманың кіру қырымен 480 бұрыш құрады. Призманың алғы қырында СВ қабырғаға параллель табиғи сәуле екі сәулеге бӛлінеді: кәдімгі (n0=1.66) және ӛзгеше (n e=1.51). Егер түсу бұрышы шекті бұрышқа тең немесе үлкен болса, кәдімгі сәуле толық шағылады (Канада бальзамының сыну кӛрсеткіштері осы мәндердің аралығында жатады), одан соң қарайған СВ – бетте толық жұтылады. Ӛзгеше сәуле түскен сәулеге параллель күйінде кристалдан шығады. Екісәулелік үйектегіш призмада кәдімгі сәуле мен ӛзгеше сәуленің сыну кӛрсеткіштерінің айырымы сәулелерді бірінен-бірін алшақтатуға пайдаланылады. Бұл призмалар исландиялық шпаттан және шыныдан жасалынған, бірімен-бірі жабысқан (клейленген)тік бұрышты призмалардан немесе оптикалық осьтері ӛзара перпендикуляр екі исландиялық шпат призмалардан тұрады.
Бірінші призмалардан (2-сурет) кәдімгі сәуле екі рет сынады, сондықтан күшті ауытқиды, ӛзгеше сәуле призмадан ауытқусыз ӛтеді. Жазық үйектелген жарықты алу үшін
үйектегіштер кең түрде таралған, олардың әсері негізінде дихроизм құбылысы жатады. Дихроизм - жарықтың селективтік жұтылуы, жарық толқынының электр векторы тербелісінің бағытына тәуелді болуы.
Турмалин кристалдарының дихроизмі ӛте күшті. Жазық үйектелген жарықты алуға поляроид қабыршақтары да пайдаланылады. Қалыңдығы 0,1 мм қабыршақтар спектрдің кӛрінетін облысында кәдімгі сәулені толық жұтады.Үйектегіш призмалармен салыстырғанда поляроидтар жеткілікті мӛлдір
2-сурет
емес және жұту селективтілігі де жеткіліксіз болып келеді.
Жарықтың дөңгелектік және эллипстік үйектелуі. Р (3- сурет) үйектегіштен ӛткен табиғи жарық шоғы бір осьті оң кристалдың оптикалық ОО' осіне параллель кесіп алынған, ені d кристалл пластинкаға қалыпты түседі. Пластинканың ішінде ол кәдімгі (o) және ӛзгеше (e) сәулелерге бӛлінеді. Олар оптикалық оське перпендикуляр бір бағытта тек әртүрлі жылдамдықтармен таралады. Е векторының тербелістері (е) сәуледе кристалдық оптикалық осі бойынша, ал (о)-сәулелерде оптикалық оське перпендикуляр болады .
Жалпы жағдайда Р үйектегіштен шыққан электр векторы кристалдың оптикалық осімен еркін бұрыш құрады (4-сурет) .
3-сурет 4-сурет
Ол кезде кәдімгі (Е01 ) және ӛзгеше ( Ее1) сәулелердің электр векторлерінің
амплитудаларының шамалары тең:
E01 E sin , Ee1 E cos
Ені d пластинкадан ӛткен соң осы сәулелердің оптикалық жол айырымы no ne d, ал тербелістердің фазалар айырымы тең болады:
2 n nd 1
o e
Пластинкадан шыққанда ӛзара перпендикуляр тербелістердің қосылу нәтижесінде келесі жарық толқындары пайда болады. Олардың Е векторы (сондықтан Н) уақыт бойынша ӛзгереді оның шеті координаталық осьтерге еркін бағытталған эллипсті
бейнелейді. Шынында, пластинкадан ӛткен сәулелер үшін,
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |