Қосарланып сыну – кристалдардағы диэлектриктік ӛтімділіктің анизотропиясының нәтижесі болып табылады. Оптикалық оське параллель немесе перпендикуляр бағыттарда
-нің // және шамалары ӛзгеше, ал басқа бағыттарда - шамасы аралық мәндерге тең.
Сыну кӛрсеткіші n тең болғандықтанЕвекторы әртүрлі бағытталғанэлектромагниттік толқындардың сыну кӛрсеткіштері кез келген шамаларға ие болады. Сондықтан жарық тербелістерінің жылдамдығы электр векторларының тербелістерінің бағытына тәуелді ( v c / n ).
Электр векторларының тербелістері кәдімгі сәуленің кез келген бағытында кристалдың оптикалық осіне перпендикуляр. Сондықтан кәдімгі сәуле кристалда кез-келген бағытта бірдей жылдамдықпен V0 C / n0(n0 const , (кристалдағы кәдімгі сәуленің
сыну кӛрсеткіші) таралады. Ӛзгеше сәуле үшін Е векторы тербелісінің бағыты мен оптикалық осьтің арасындағы бұрыш 900-тан ӛзгеше және сәуленің бағытына тәуелді.
Сондықтан ӛзгеше сәуле кристал ішінде кез келген бағытта ve c / ne жылдамдықпен таралады. (nE const -кристалдық ӛзгеше сәуле үшін сыну кӛрсеткіші).
ve жылдамдық Е векторымен оптикалық осьтің арасындағы бұрышқа тәуелді.
Шынында, оптикалық ось бойында екі сәуле бірдей V жылдамдықтармен таралады.
(v e v0 , ne n0 ) .
Айталық, белгілі бір уақыт мерзімінде бір осьті кристал ішіндегі нүктелік жарық кӛзі жарық толқынын шығарсын. 8 және 9 суреттерде кәдімгі немесе ӛзгеше сәулелердің крис-талдарда таралуы кӛрсетілген, мұндағы бас жазықтық суреттің жазықтығымен сәйкес келеді, ОO'-оптикалық осьтерінің бағыты.
Кәдімгі сәуленің толқындық беті сфера, ал ӛзгеше сәуленің толқындық беті айналу элипсоиды болып табылады. Элипсоид пен сфера OО'-оптикалық осьпен қилысқан нүкте-лерде бірімен бірі түйіліседі. Егер Ve V0 болса (ne n0 ), яғни ӛзгеше сәуленің элипсоиды
кәдімгі сәуле сферасының ішінде орналасса, онда бір осьті кристалл оң болып саналады.
(4.10- сурет).
8-сурет
9-сурет
Егер Ve V0 болса (ne n0 ), элипсоид сфераның маңайында орналасады, ал бір осьті
кристалл теріс болып аталады.(9-сурет). Исландиялық шпат теріс кристалл.
Бір осьті кристалдағы кәдімгі сәулемен ӛзгеше сәуленің таралу бағытын табу үшін
Гюйгенс принципін пайдаланайық. Жазық толқын бір осьті оң кристалдың қырына қалыпты түссін, (10-сурет), ал OO'-оптикалық ось онымен кез-келген бұрыш құрсын. Центрі А және В нүктелерде кәдімгі сәулеге сәйкес сфералық толқындық беттерді, ал ӛзгеше сәулеге сәйкес эллипстік беттерді құрамыз. ООІ осінде жататын нүктеде беттер түйіседі. Гюйгенс принципі бойынша сфераларға жанама бет (а-а) кәдімгі толқынның фронты. Ол элипсоидтарға (b - b) жанама ӛзгеше сәуленің фронты болады. Түйісетін түзу сызықтарды ӛткізіп, кәдімгі (о) және ӛзгеше (е) сәулелердің таралу бағытын аламыз.
10-сурет
Осы жағдайда кәдімгі сәуле бастапқы бағыт бойынша ӛтеді, ал ӛзгеше сәуле бастапқы бағытынан ауытқиды.
11-сурет
Оң кристалдың бетіне жарық қалыпты түссін, бұл жағдайда (11-а сурет) оптикалық ось сындыру бетіне перпендикуляр. Басқа жағдайда (11-б сурет) оған паралель. Бірінші жағдайда кәдімгі және ӛзгеше сәулелер оптикалық ось бойынша ыдырамай бірдей бағытта тарайды, екінші жағдайда бірдей бағытта тек әртүрлі жылдамдықпен тарайды. v 0 v e .
Кристалдан шыққанда сәулелердің фаза айырмалары пайда болады.
9- дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |