Жоғары сатыдағы ӛсімдіктерді омыртқалы жануарлармен салыстырып қарағанда,
соңғысының денесінде ӛзіне тipeк боларлықтай қаңқасы болады. Мұндай тipeк
ӛсімдіктерде жоқ. Сондықтан ӛсімдік денесіндегі тipeк қызметін клетка қабықшасы
атқарады.
Екіншіден, клетка қабшасы клеткдағы түрлі нәзік бӛлімшелерді (протоплазма,
ядро, пластидтер) сырттан тиген әсерлерден қорғап тұрады; сӛйтіп ӛсімдік органдарының
қалыпты дамып жетілуіне мүмкіндік туғызады.
Клетка қабықшасының химиялық құрамы, жоғарыда айтылғандай, таза клетчаткадан
құралған, ӛте серпімді және мықты келеді. Сондықтан да осы қасиеттеріне бола клетка
қабықшасын адам бұрынғы заманнан бері қажетінше жұмсап келеді мысалы: зығырдың,
кендірдің, кенептің және т.б. сол сияқты басқа да торқалы ӛсімдіктердің талшықтары
адамның алуан түрлі қажетіне жараған. Бұлардың ӛте тазасынан тоқыма фабрикаларында
түрлі маталар жасалады. Сол сияқты торқалы қатайынқыраған клеткаларынан жіп, арқан
еседі.
Kӛп ӛсімдіктер клеткаларынын қабықшалары түрлерін ӛзгертеді (сүректеніп,
тозданып, минералданып және т. б.). Бұларды да әр қилы жолдармен тазартып алып, іске
асырады. Мысалы: қарағай, қайың және тағы басқа да әр түрлі сүректі ӛсімдіктерден
вискоза (жасанды жібек), тондық жағалық және бӛріктік, костюмдік маталар және т. б.
жасалады.
Тургор - ӛсімдік мүшелерінін. жұмсақ, жас бӛліктерінің
сырт пішінін сақтап,
кеңістікте ӛз денесін тік ұстауын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: