1- дәріс. Тақырыбы: Өсімдіктер әлемінің пайда болуы және дамуы. Өсімдіктің құрылысы және жасушаның тіршілік әрекеті


Өсімдіктер әлемінің пайда болуы және дамуы



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата08.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#122699
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
1Дәріс

1.1. Өсімдіктер әлемінің пайда болуы және дамуы 
Ӛсімдіктер кӛлемі жағынан да әр түрлі. Ең майда тірі организмдерге вирустар мен 
фагтар жатады. Оларды 100-300 мың және одан да артық есе үлкейтіп кӛрсететін 
электрондық микроскоп арқылы ғана кӛруге болады. Таяқша тәрізді бактериялардың 
кейбіреулерінің ұзындығы 1-10 мкм, ені 0,2-1 мкм (1 мкм – 10-6м). Темекіде теңбіл 
(мозайка) ауруын туғызатын вирустың ұзындығы орташа есеппен 300 нм (1 нм – 10-9м), 
ені 15 нм. Ал бактериофагтардың кӛлемі 50-100 нм аралығында. 
Жоғары сатыдағы гүлді ӛсімдіктердің де ергежейлі ӛте майдалары мен алыптары 
бар. Мысалы, тұщы сулардың бетінде қалқып жүріп тіршілік ететін кӛпжылдық кіші 
балдыршӛптің жапырақ тақтасының диаметрі 5-10 мм болса, су ӛсімдігі вольфияның 
жапырақ тақтасы 1-1,5 мм-дей ғана. Бұларға қарама-қарсы құрлық ӛсімдіктерінің ішіндегі 
ірісі - секвойядендронның биіктігі 100 м-ден асса, діңінің диаметрі 10 м-ге жетеді. 
Жердің даму тарихын бес эраға бӛлу қабылданған. Олар: архей, протерозой, 
палеозой, мезозой, кайнозой.. 
Ӛсімдіктердің жануарлардан негізгі айырмашылығы — клетка кұрамында 
хлорофиллдің болуы. Ол ӛсімдіктерге жасыл рең береді. Жасыл рең ӛсімдіктердің басым 
кӛпшілігіне (2/3-не) тән. 
Қоректену тәсіліне қарай тірі организидер үлкен екі топқа бӛлінеді: Олар: 
автотрофтар, гетеротрофтар. 
Автотрофты организмдерге жоғары сатыдағы жасыл ӛсімдіктер, балдырлар және 
клетка құрамында пигменттері (бояу заты) бар бактериялар жатады.
Гетеротрофты организмдерге кейбір жоғары сатыдағы ӛсімдіктер, саңырауқұлақтар, 
бактериялардың басым кӛпшілігі және жануарлар жатады. Бұлардың клетка кұрамында 
хлорофилл болмайды. Сондықтан жасыл ӛсімдіктер жасайтын дайын органикалық 
заттармен ғана қоректенеді. Гетеротрофты ӛсімдіктер паразитті және сапрофитті деп 
бӛлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет