Ағылшын табиғат зерттеушісі — Джон Рей (1627 - 1705) негізінен ӛсімдіктер мен
жануарлар дүниесін жүйелеуге еңбектенді..
Француз ботанигі, профессор Турнефор Жозеф П и т т о н (1656 — 1708) ӛсімдіктер
дүниесін зерттеуде кӛптеген елдерге (Греция, Англия, Армения, Грузия) саяхат жасады.
XVI — XVIII ғасырлардағы ӛсімдіктер дүниесінің жаңа жүйесін
жасаған
ботаниктердің бірі — шведтің аса кӛрнекті табиғат зерттеушісі, ғалымы Карл Линней
(1707 - 1778). Ол Теофраст пен Цезальпиннің жүйесін
қабылдамай, негізгі жүйелік белгі
ӛсімдіктегі гүл аталықтары және аналықтары болу керек деп топшылады.
Алайда К. Линней еңбегі — жануарлар мен ӛсімдіктер дүниесін жүйелі түрде тануға
жол ашты.
Ӛсімдіктер мен жануарлар дүниесінің табиғи жүйесін жасауда зор еңбек сіңірген
ғалымның бірі — француздың атақты ботанигі А. Л. Жюсье болды.
Ламарк 1780 — 1782 жылдары бүкіл Еуропаны аралады.
Ондағы мақсаты
француздың ботаникалық бағын жасау еді.
Түр жӛніндегі Ламарктың бұл ілімін сол кезде қуаттамағандардың бірі француздың
аса кӛрнекті ғалымы Жорж Кювье (1769 — 1832) еді. Ж.Кювье тірі табиғаттың ӛзгеруі
жӛніндегі Ламарктың материалистік идеясын жоққа шығарғысы келді.
Чарлз Роберт Дарвин (1809 - 1882)-органикалық дүниенің тарихи даму заңын
материалистік тұрғыдан тұңғьш рет ашқан ғалым. Ч. Дарвиннің түрдің пайда болуы
жӛнінцегі бұл теориясын ашуда асыранды жануарлардың
жаңа тұкымдары мен мәдени
ӛсімдіктердің жаңа сорттарын шығару жолындағы жиналған орасан кӛп мәліметтерге
сүйенді.
Қазақстан Республикасындағы ботаникалық зерттеулер Қазақстан жерінің ұшан-
теңіз аумағы, табиғи жағдайы, геофафиялық орны ӛте ерте заманнан-ақ саяхатшылар мен
табиғат зерттеушілердің назарын аударған.
Қазакстан ӛсімдіктерін ғылыми тұрғыдан, атап айтқанда, биохимия мен генетикадан
- Т.Б.Дарқанбаев пен Г.Н.Бияшев, цитологиядан — Ф.М.Камалетдинова, флористика мен
геоботаникадан — Б.А.Быков, М.С.Байтенов, С.А.Арыстанғалиев, С.А.Бедаров,
Л.Я.Курочкина, Е.А.Ағелеуов, Р.Н.Плисак, жалпы экологиялық және тамыр жүйесінен —
И.О.Байтулин, физиологиядан — А.Қ.Қылышев, Ф.А.Полымбетова, И.Р.Рахымбаев,
В.П.Беденко, Б.Сарсенбаев, Ж.Ж.Жатқанбаев т.б.
окымыстылар жан-жақты зерттеп,
ботаника ғылымының дамуына ӛздерінің үлестерін қосты.
Достарыңызбен бөлісу: