Кәсіпкерлікті дамыту кезеңдері Ицхак Адизес моделіне ораламыз. Көптеген компанияларды талдай келе, ол барлық компаниялар пайда болғаннан бастап жабылғанға дейін дамудың 10 кезеңінен өтеді деген қорытынды жасады. Әрбір кезең компаниядан әр түрлі іс-әрекетті талап етеді және басты ұстанымдарға менеджерлердің өзге түрлерін шығарады.
Бірінші кезең – «Пайда болу» (Courtship). Пайда болу кезеңі ұйымның эволюциясы мен дамуының бірінші кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде компания өзінің негізін қалаушының басында қалыптасқан идея түрінде ғана болады. Кәсіпорын эволюциясының осы кезеңі армандар мен мүмкіндіктерге негізделеді, ал басшының негізгі міндеті идеяны терең ұстануды қалыптастыру және дамыту болып табылады. Жобаның тәуекелі мен белгісіздігі жоғары болған сайын, нәтижеге деген сенім арта түседі. Компания дамуының осы кезеңінде жалдамалы басшылар пайдасыз болады.
Екінші кезең – «Балалық шағы» (Infancy).«Балалық шағы» идеясының иесі компанияны негіздеген және қаржылық тәуекелдер мен міндеттемелерді өзіне алған сәтте басталады. Идея нақты іс-әрекеттерге айналады, талқылау уақыты аяқталады,ал компаниядан нақты нәтижелер талап етеді. Жаңа компанияның өнімділігі төмен деңгейде, ол салада тиімді жұмыс істеуге тек үйреніп жатады.Әр түрлі сипаттағы дағдарыстар мен мәселелер жиі пайда болады, оларды шешу арқылы жұмыс тәжірибесі жинақталады және оның тиімділігі артады. Компанияның қызметкерлері мен басшылары тәжірибе жетіспеушілігін өтеу және қажетті нәтижелерге қол жеткізу үшін өз мүмкіндіктерінің шегінде үнемі жұмыс істейді. Кәсіпкерлік«балалық шағында» қалаушыларына өте тәуелді болады: егер олар идеяға сенбесе немесе мәселені шеше алмаса, жас компания өз қызметін аяқтайды. Жас компанияда табыстау үдерісі әлі қалыптаспаған, ақпаратты беру және басқару үдерістері жоқ, сондықтан барлығы шағын компанияның әрбір оқиғасына қатысатын басшыларға тұйықталады.
Осылайша, компания дамуының алғашқы екі кезеңінде басты іс-әрекет етуші тұлға кәсіпкер болады. Сіздердің әрқайсысыңызда PAEI барлық төрт атқарымдарының белгілері бар. Бірақ бірінші кезеңде сіз кәсіпкердің сапасын дамытуға баса назар аударуыңыз керек.