1 – модуль. Астрономия ғылымы. Аспан механикасы №1 дәріс Тақырып



бет3/17
Дата15.03.2023
өлшемі2,95 Mb.
#172527
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ Астрономия

Әдебиет: 1/М.М.Дагаев, В.И.Демин, И.А.Климишин, В.И.Чаругин «Курс общей астрономии», Москва «Просвещение» 1983 - §19-§23 стр 37-45 ;
2/П.И.Бакулин,Э.В.Кононович, В.И.Мороз «Курс общей астрономии» Москва «Наука» 1977 -§15-§17 стр 35-40

3 дәріс


Тақырып: Күнтізбе. Уақыт қызметі
Мақсаты: күнтізбе ұғымын баяндау, уақыт қызметімен таныстыру, аспан денелеріне байланысты уақыт өлшеу эталондарын анықтау.
Дәрістің мазмұны.

  1. Күнтізбелер. Күнтізбе реформасының проектілері.

  2. Уақыт қызметі.

  3. Жұлдыздардың, Ай мен Күннің бақыланатың қозғалыстары

  4. Ай мен Күннің нақты қозғалыстары

Егер бұлтсыз түнде жұлдызды аспанды бірнеше сағат бақыласақ, аспан біртұтас сияқты бақылау нүктеден өтетін елестетін ось қасында айналатындығын көреміз. Аспанның осы айналысын тәуліктік қозғалысы деп атайды, себебі бір толық айналыс бір тәулікте болады.
Егер жұлдыздардың тәуліктік қозғалысын Жердің солтүстік жартылай шарында бақыласақ және оңтүстікке қарап тұрсақ, олардың қозғалысы сағат тілінің бағыты бойынша шенбер траекториясымен болады. Жұлдыздар горизонттың шығыс жағында әрқашан бір биіктікке көтеріліп, батыста бір нүктеде отырады.
Егер солтүстікке қарап тұрсақ, кейбір жұлдыздар шығады және отырады, ал кейбір жұлдыздар бір қозғалмайтың нүктенің қасында толық шенбермен қозғалады. Бұл нүктені дүниенің солтүстік полюсы деп атайды. Осы нүктенің қасындағы жұлдызды орысша Полярлық жұлдыз, ал қазақша Темір қазық деп атайды. Темір қазықтын дүниенің солтүстік полюстен қашықтығы қазіргі заманда 1° кіші.
Күн мен Ай, жұлдыздар сияқты, горизонттың шығыс жағында шығады, ал батыс жағында отырады. Бірақ олардың шығатың және отыратын нүктелері жыл барысында өзгеріп отырады.
Күн қыс басында оңтүстік – шығыста шығып, оңтүстік – батыста отырады. Бірақ әрбір күнсайын оның шығу және отыру нүктелері солтүстікке жақындай береді, Күн ұзара береді, ал түн қысқарады. Жаз басында үрдіс керісенше өте бастайды.
Ай тәулік барысында батыстан шығысқа 13° ауысын, бір жұлдыз тобынан екіншісі ауыса береді. 12 жұлдыз топтары бойынша қозғалып, Ай 27, 32 тәуліктерде аспан бойынша толық айналым жасайды. Ал Күн сол жұлдыз топтары бойынша толық айналымды бір жылда жасайды.
Жұлдыздардың нақты қозғалысын қарастырмауға болады, себебі жұлдыздар Жерден өте үлкен қашықтықта болғандықтан оның әсері ғасырларда ғана білінеді. Солайда күннің масса ортасының қозғалысын ескермеуге болады, себебі бұл ауытқулар Күннің диаметрімен салыстырғында өте кішкентай болады. Күн жүйесі 200 млн жылдан көп уақыт мерзімінде біздің Галактика ядросының қасында бір айналым жасайды. Сондықтан бірнеше ай мерзімінде Күнге Галактика ядросымен жұлдыздардан түсетін күштердін өзгерісін ескермей, Күн жүйесің инерциалды санақ жүйе деп есептеуге болады.
Ал Айдың нақты қозғалысың ескермеуге болмайды, себебі Ай аспан денелердін ішінде Жерге ең жақыны. Ай үлкен осі 384400 км тең эллипс орбитасы бойынша қозғалады. Ай қозғалысының бір ерекшелігі – оның айналмалы қозғалысының периоды Жердің қасындағы қозғалыс периодына тең, сондықтан біз Айдың бір ғана жағын әрқашан көреміз. Ай қозғалысының әсері Жер бетінде мұхиттағы су қабатына білінеді, су деңгейі кезенді көтеріледі және төмендейді. Бұл Жердің өзіннің айналмалы қозғалысына біртексіздік береді. Онымен бірге Ай Жер-Ай жүйесінің бөлігі ретінде Күннің қасындада қозғалады. Сондықтан Айдың нақты қозғалысы күрделі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет