1 -тақырып : Әкімшілік құқыктың пәні мен әдістері


сұрақ. Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымы. Әкімшілік-құқықтық



бет4/7
Дата07.02.2022
өлшемі34,49 Kb.
#84123
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Әкімшілік құқық

3сұрақ. Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымы. Әкімшілік-құқықтық нормалар атқарушылық билікті жүзеге асырудың қиын процесімен тығыз байланысты.Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес биліктің жалғаз бастауы болып халық табылады. Ол өз билігін тікелей өздерінің өкілдері немесе арнай құрылатын органдар арқылы жүзеге асырады. Әдебиетте «билік» түсінігі өз еркіне басқа субъектілерді бағындыру мүмкіндігі және құқығы ретінде қарастырылады. Осыған орай кез келген уақытта белгілі бір шекте өзін өзі дұрыс ұстауды немесе құқыққа қайшы әрекеттерді істеуден бас тартуды талап ететін субъектілер болады. Билік субъектісінің әрекеттері (атқарушы билік органдарының) әрқашан өзінің еркін басқаларға міндеттеумен байланысты. Егер мұндай құбылыстар қатынастарда жүзеге асатын болса, онда олар құқықпен реттелуі керек (әкімшілік-құқықтық нормалармен).Атқарушы билік нақты әрекет ету үшін оның заң талаптарына сәйкес болуы жеткіліксіз. Мысалы, азаматтық құқықта тараптардың мүдделерін ескеру келісімшарт жасаудың қажетті шарты болып табылады және келісім қатысушыларының жеке еріктерінің тәуелсіздігі қамтамасыз етіледі. Әкімшілік-құқықтық нормалар - әлеуметтік тірекке ие болуға және көпшілік мүдделерінің заңдық басымдығын сақтауға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайларда, әкімшілік-құқықтық нормалардың күші тек қажетті жүріс-тұрысты ұстануға сендіруде ғана емес, сонымен бірге нақты билікте. Мысалы, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мақсатында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» ҚР заңында анықталғандай мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары өздеріне жоғарыда аталған заңмен орнатылған шектеулерді қабылдайды және сыбайлас жемқорлықпен күресуге шаралар қолданбағандары үшін жауапқа тартылады. Бұрын әкімшілік-құқықтық нормалардың жалпыға міндетті сипаты басқаруды біртұтас орталықтан жүзеге асыру қажеттілігіне негізделді, себебі бүкіл ел бір ағза ретінде жұмыс жасады. Қоғамның әлеуметтік қатынастарының өзгеруі, демократиялық және құқықтық мемлекет құру үшін алғы шарттар пайда болуы жағдайларында тек қана бөлек басқару сұрақтарын шешу үшін белсенді ізденіс жүргізу емес, сонымен қатар атқарушы билікті кешенді реформалау қажет. Сонымен, әкімшілік-құқықтық нормалар мемлекеттің заңнамалық және атқарушы органдардың билікті еркін көрсетудің нәтижесі болып табылады. Олар: атқарушы билік аясындағы қоғамдық қаттынастарды императивті реттеудің әлеуметтік қажеттілігін сезінуді бейнелейді; мемлекет мүдделерінің заңдық басымдығын ескеретін қажетті, құқықпен рұқсат етілген жүріс-тұрыс ережелері бар; ресми және жалпыға бірдей міндетті сипаты бар, сонымен бірге қолдану барысында сендіру мен мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етіледі; әкімшілік құқық шығармашылық актісі болып табылады және мемлекетпен танылатын әкімшілік құқық бастауларында болады.(Сонымен әкімшілік-құқықтық нормалар – бұл мемлекеттік билік органдарымен (заң шығарушы, атқарушы) орнатылатын және атқарушы билік аясында қоғамдық қатынастарды реттейтін қажетті, құқықпен рұқсат етілген жүріс-тұрыс ережелері. Әкімшілік құқық нормалары әр түрлі критерийлерге байланысты сыныпталуы мүмкін, осыдан олардың сәйкесінше түрлерін бөліп алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет