1 -тақырып : Әкімшілік құқыктың пәні мен әдістері


Әкімшілік-құқықтық нормалардың мазмұнын түсіну үшін ең қажетті болып келесі критерийлер табылады



бет5/7
Дата07.02.2022
өлшемі34,49 Kb.
#84123
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Әкімшілік құқық

Әкімшілік-құқықтық нормалардың мазмұнын түсіну үшін ең қажетті болып келесі критерийлер табылады: а) мазмұны; ә) субъектілердің жүріс-тұрысына ықпал ету әдісі; б) мақсаттық арналуы; в) қолданылу аясы; г) заңды күші; ғ) әрекет ету шегі (кеңістіктегі, уақыттағы, субъектілерге байланысты әрекеттері). Әкімшілік құқық нормаларын мазмұны бойынша материалдық және процессуалдық деп бөледі. Материалдық нормалар азаматтардың, ұйымдардың, атқарушы органдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін бекітеді. Бұл, мысалы, атқарушы билік субъектісінің құқықтарын, міндеттерін, құзыретін, сонымен қатар әкімшілік құқық реттейтін қатынастар қатысушыларының жауапкершілігін анықтайтын нормалар. Процессуалдық норма ретінде материалдық нормаларды қолдану барысында және мемлекеттік билік органдарымен нормативтік актілерді басуда мемлекетпен орнатылған немесе санкцияланған ұйымдастырушы қатынастарды жүзеге асыру ережелері танылады. Әкімшілік құқық нормаларын субъектінің жүріс-тұрысына ықпал ету әдісі бойынша міндеттейтін, тыйым салатын және құзырет беретін деп бөледі. Міндеттейтін нормалар тұлғаға белгілі бір әрекеттер жасауға міндет орнататындар болып табылады. Мысал ретінде әділет органдарында заңды тұлғаларды міндетті тіркеу туралы нормаларды, белгіленген мерзім ішінде басқару органдарымен (лауазымды тұлғалармен) азаматтардың шағымдарын қарау қажеттілігі туралы нормаларды келтіруге болады. Тыйым салатын нормалар берілген нормалармен анықталатын жағдайларда белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салудан көрініс табады. Тыйым салулар жалпы және арнаулы сипатта болады. Жалпыға мысал ретінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді жасамауды талап етуді келтіруге болады. Ал арнаулыға мысал ретінде салық қызметкерлеріне егер салық төлеуші олардың туысы болса, онда өздерінің кәсіби міндеттерін осы салық төлеушіге қатысты орындауға тыйым салынады. Әкімшілік құқық нормаларын мақсаттық арналуы бойынша реттеуші және қорғаушы деп бөледі. Реттеушілерге немесе бастапқыларға мемлекеттік билік аясындағы қатынастарды ұйымдастыру мен реттеу міндеттерін жүктеумен немесе субъектілерге құқық берумен байланысты нормалар жатады. Қорғаушы нормалар құқық бұзушылықтардың құқықтық салдарларын орнататын, яғни әкімшілік теріс қылық құрамдары мен оларды жасағаны үшін өндіру болып табылады. Әкімшілік құқық нормалар заңды күшіне байланысты заңнамалық және заңасты болып бөлінеді. Нормаларды аталған түрлерге жатқызу оны шығарған органның мемлекет органдары иерархиясындағы орнына тікелей байланысты. Заңнамалық нормалар Парламент қабылдаған заңдарда, сонымен қатар Парламент оған заң шығару құзыретін берген кезеңде Президент шығарған және заң күші бар Президенттің жарлықтарында бар болады. Заңдасты нормалар – Президент жарлықтары мен өкімдерінде, Үкіметтің қаулыларында және атқарушы билік органдарымен өз құзыреті шегінде шығаратын т.б. нормативтік актілерде болады. Кеңістікте қолданылу шегі бойынша нормалар жалпыға бірдей міндетті және ішкіжүйелік болып бөлінеді. Жалпыға міндетті нормалар әкімшілік-құқықтық қатынастардың барлық субъектілерінің орындаулары үшін орнатылады.Ішкіжүйелік нормалар атқарушы биліктің төмен тұрған органдарына белгілі бір талаптар таратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет