4.сұрақ.Әкімшілік құқықтың қайнар көздері. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл әкімшілік құқық субъектілерінің атқарушы-бұйрықтық қызметінің аясында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың құқықтық нысандары.
Заң әдебиеттеріндеқұқықтың қайнар көздеріретінде мына алты нысан танылады:
1)құқықтық әдет;
2) нормативтік акт;
3) сот прецеденті;
4) келісімшарт;
5) сот тәжірибесін жалпылау;
6) ғылыми құқықтық доктрина.
Әкімшілік құқықтың негізгі қайнар көздеріне: ҚР Конституциясы;ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі; ҚР Парламенті қабылдайтын заңдар; Конституциямен анықталған ҚР Президентінің актілері:жарлықтар;өкімдер;заң күші бар жарлықтар; Конституцияның 69-бабына сәйкес бүкіл республика аумағында орындалуға міндетті ҚР Үкіметінің қаулылары;Мемлекеттік басқарудың орталық органдарының актілері (министрліктер мен ведомстволардың);ҚР Жоғары Сотының қаулылары. Оларды әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне толық көлемде жатқызуға болады егер олар:а) әкімшілік істерді қарау тәжірибесін жалпылауға қатысты болса;ә) әкімшілік заңдылықтың құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге қатысты болса. Әкімшілік-құқықтық қатынастар әдеттегідей әкімшілік-құқық нормаларымен реттелген мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастар ретінде қарастырылады. Бұл қатынастарды мынадай топтарға бөлуге болады: Атқарушы-биліктік қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарының құзыретін анықтайтын. Қоғамдық ұйымдардың құқықтық мәртебесін анықтайтын және мемлекеттік басқару аясында құрылатын қоғамдық қатынастар. Мемлекеттік басқару аясындағы азаматтық құқықтық мәртебесі. Субъектілермен өздерінің құқықтары мен міндеттерін орындау барысында туындайтын қатынастар. Процедуралық (процессуалдық) қатынастар. Әкімшілік-құқықтық қатынастар құқықтық қатынастардың бір түрі болып табылады. Оларға басқа құқықтық қатынастардың барлық негізгі белгілері тән, атап айтқанда: құқықтық норманың біріншілігі, соның арқасында құқықтық қатынас тиісті құқықтық норманың тиісті қоғамдық қатынасқа заңдық нысан беретін реттеушілік ықпал жасауының нәтижесі; осы қатынас тараптарының іс-әрекеттерін (мінез-құлықтарын) құқықтық нормамен реттеу: құқықтық нормамен белгіленетін құқықтық қатынас тараптарының өзара міндеттері мен құқықтарын сәйкестендіру және т.б. Сонымен, әкімшілік-құқықтық қатынастар – бұл әкімшілік құқық нормаларымен реттелінген басқарушылық қоғамдық қатынастар, ондағы тараптар әкімшілік-құқықтық нормалармен тағайындалған және кепілденген өзара байланысты міндеттер мен құқықтарды иеленуші болып табылады. Әкімшілік-құқықтық қатынастарда мемлекеттің мақсаттары мен мүдделері әрқашанда тиісті көрінісін табады, өйткені бұл қатынастар тараптарының бірі, әдетте, мемлекеттің атынан іс-әрекет жасайтын мемлекеттік орган немесе лауазымды адам болып табылады. Әкімшілік-құқықтық қатынастар өздерін басқа құқықтық қатынастардан айыратын ерекшеліктерге ие: Басты ерекшелік – тараптардың теңсіздігі. Әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптардың ынтасы бойынша пайда болады. Тараптардың арасындағы әкімшілік-құқықтық даулар әкімшілік тәртіп қағидасы бойынша, яғни өкілетті басқару органының немесе лауазымды адамның тікелей заңдық биліктік және өкім ету жолымен шешіледі. Әкімшілік-құқықтық нормалардың талаптарын әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптары бұзған жағдайда құқықтық қатынастың бір тарабының жауапкершілігі екінші тараптың алдында емес, мемлекеттің, оның атынан өкілдік ететін органның немесе лауазымды адамның алдында пайда болады. 5сұрақ. Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың өзіндік құрамы болады.