ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ хандары: Керей мен Жәнібек (1456-1480)
Бұрындық (1480-1511)
Қасым (1511-1518)
Мамаш (1518-1523)
Тақыр (1523-1533)
Бұйдаш (1533-1534)
Қожа Махмұт (1534-1535)
Тоғым (1535-1537)
Хақназар (1537-1580)
Шығай (1580-1582)
Тәуекел (1582-1598)
Есім (1597-1613)
Тұрсын (1613-1627)
Есім (1627-1628)
Жәңгір (1629-1652)
Әз-Тәуке (1652-1718)
Батыр (1718-1726)
Болат (1726-1730)
Әбілмәмбет (1730-1771)
Абылай (1771-1781)
Уәли(1781-1812)
Бөкей(1812-1822)
Ғұбайдұлла(1822-1837)
Кенесары(1837-1847)
XVIIІ ғасырдың алғашқы жартысында Жоңғар хандығының құрылғаны белгілі.Әз Тәуке ханның өлімінен кейін (1718 ж.) елдің бірлігі бұзылды. «ХVІІІ ғасырдың бас кезі,-деп атап көрсетті академик Бартольд,- Азия мұсылмандары үшін саяси-экономикалық, мәдениет салаларында құлдырау жылдары болып табылады». ХVІІІ ғ. басында Ш.Уәлиханов айтқандай, «қазақ халқының басына күн туды». Әсіресе, жоңғарлардың қаһарлы жүзі қазақ елінің шымбайына батты. Абылай ханның айтуынша, «ХVІІІ ғ. басындағы 40 жыл ішінде халықтың үштен екідейі қырылды».
Осы кезеңді пайдаланып қалмақтар қазақ жеріне шапқыншылық жорықтарын жүргізе бастады. 1710-1711 жж., 1717 ж., 1723-1725 жж., 1740-1742 жж. қазақ жеріне жоңғарлар бірнеше дүркін шабуыл жасады. Қалмақтарға күйрете соққы берген қазақ батырлары Жоңғар мемлекетін құлатты. Қазақ хандығының мемлекеттілігін, тәуелсіздігін сақтап қалуда Абылайдың батырлығы, ұйымдастыру қабілеті, дипломатиялық шеберлігі зор болды.
Қазақ қоғамының экономикалық-саяси өркендеуі ұсақ рулық дәрежеден аса алмады. Қазақ елін түгел қамтыған үлкен бір тұтас хандық мемлекет құрылуына мүмкіндік болмады. Қазақтың үш жүзі бір-бірімен өзара байланыссыз оқшау өмір сүруге тырысып бақты. Көрші елдер осы хандықтардың наразылықтарын пайдаланып, оларды біртіндеп бағындыруды көздеді.
Сыртқы жаулардың ішінде Қазақстанның ең қауіпті дұшпаны жоңғарлықтар еді. Жоңғарлар шабуылы қазақ хандығының тарихында ауыр кезең болды. Бұл - ел есінде «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» немесе «қайың сауған, ақ тышқан» жылы деп сақталған жұт жылы еді.
Қазақ хандығы төрт жүз жылға жуық өмір сүрді. Іргелі елдер қатарына қосылды. Алыс-жақын елдермен әкімшілік-саяси жағынан да, тарихи-руханияттық тұрғыдан да тұрақтылық пен байланыс орнықты. Алайда, Абылай өлімінен соң-ақ (1731 ж.) Ресейдің отаршылдық саясаты күшейе түсті. Ресейдің басқыншылық-үстемдік әрекеттерінен Қазақ Ордасы құлады. Қазақ хандығы бұл тұста саяси-рухани тәуелсіздігінен айырыла бастады. Азаттық, теңдік тақырыбы күн тәртібіне өткір қойылды.
Ақиқатында, азаттық жолы - ауыр, тәуелсіздік мұраты - қымбат та кәделі болып келген. Бүгінгі өмір шындығы, уақыт тынысы осыны айқын аңғартады.
Сондықтан, жоғарғы оқу орнында оқитын әрбір студент өз халқының тарихын, оның әрбір кезеңін, әдебиет тарихындағы орнын білуге міндетті.