1 – Тақырып. Саясаттану ғылым ретінде «Саясаттану»


Ежелгі Грекия мен Римдегі саяси идеялар



Pdf көрінісі
бет5/31
Дата24.10.2023
өлшемі374,55 Kb.
#187856
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Саясаттану дәріс тезистері 2

Ежелгі Грекия мен Римдегі саяси идеялар. 
Саяси ӛмірді теориялық зерттеудің 
негіздерін алғашқылардың бірі болып Сократ қалаған еді (б.д.д. 470-399 жж.). Ол жазба 
деректер қалдырған жоқ, бірақ Платон мен Ксенофонт жеткізген оның ауызша 
әңгімелерінде, моральдық-саяси философияның ірге тасы қаланған-ды, оның айтарлықтай 
бӛлігі құқық туралы, саясат, мемлекет жӛнінде пайымдауға арналған болатын. Сократ 
саяси ӛмірді, оның кӛрінісіндегі бүкіл формаларын елестету, болжамдау және мифтер 
деңгейінде қарастырмай, белгілі бір категориялар жүйесінде таныған. Сократтың 
теориялық ақылы оның саяси ғылымдар үшін маңызы аса құнды қорытындылар жасауға 
дейін кӛтерілуіне мүмкіндік берді.
Ежелгі Грекияның саяси ойын Платон (б.д.д. 427-347 ж.ж.) сапалы жаңа деңгейге 
кӛтерді. Ол Сократтың дана ізбасарларының бірі болып қана қоймай, сонымен бірге ұлы 
ойшыл да болды. Сократтың ықпалы Платонның ертеректе жазған еңбектеріне ерекше 
әсер етті.
Аристотельдің саяси ілімдерін түсінуде оның «Саясат», «Афиналық полития», 
«Этика», «Риторика» атты еңбектері аса қызығушылық тудырады. Кӛп жағынан 
ұстазының жолын қуғанымен ол ӛзінің саяси ілімін жасады. Платонға қарағанда оның 
шәкірті Аристотель интуицияға емес, бақылауға арқа сүйеген антикалық бағыттың іргесін 
қалаушы болып шықты. 
Ежелгі Римнің де саяси ойы айтарлықтай жетістіктермен сипатталды. Саясаттың 
бірегей идеялары дамыған Рим ойшылдары шығармаларының арасында Тит Лукреций 
Кардың (б.д.д 99-55) «Заттардың табиғаты туралы» поэмасы ерекше кӛзге түседі. Ол 
құлиеленушілік демократияның идеологы болды. Ежелгі Грекия ойшылы Демокриттың 
кӛзқарастарын жақтай отырып, Кар мемлекеттің пайда болуын тарихи процесс ретінде 
дәлелдеді, құлдықтың ӛткінші сипаты туралы да айтты. 
Ежелгі Римнің аса кӛрнекті саяси ойшылы және мемлекеттік қайраткері Марк 
Тулий Цицерон (б.д.д 106-43) болды. Ол ӛзінің артына үлкен интеллектуалдық мұралар 
қалдырды. Алайда оның саяси ойлары «Мемлекет туралы», «Заңдар туралы», «Республика 
туралы» және басқа да еңбектерінде мейлінше толық және жүйеге келтірілген түрде 
баяндалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет