әлеуметтанушысы әрі саясаттанушысы Морис Дюверже (1917) болды.
Оның негізгі
еңбектері: «Саяси партиялар» (1951 ж.), «Саясат идеялары. Биліктің қоғамда қолданылуы»
(1966 ж.), «Саясат әлеуметтануы: саяси ғылымдардың элементтері» (1973 ж.).
Қазіргі кезге дейін ӛткен жүзжылдықтың 50-60 жылдарында Батыс елдерінде кеңінен
тараған идеологиясыздандару теориясы қайсыбір түсініктемелер алып, сақталып отыр.
Теориялық тұрғыдан алғанда бұл тұжырымдама ӛзінің шығуын неміс әлеуметтанушысы
Карл Мангеймнің (1893-1947) әлеуметтанулық білімінен алады. Бұл зерттеуші ешқандай
идеология ақиқат туралы нақты білім бермеуімен байланысты, идеологияны «жалған
білім» деп жариялады. 50-60 жылдары Батыстың ірі философтары, әлеуметтанушылары
Т.Парсонс, Э.Шилз, Д.Белл, С.Липсет, Р.Арон және басқалары идеологиясыздандыруға
әлеуметтік-саяси тұжырымдамалық сипат берді. Бұл тұжырымдама, бір жағынан, сол
кездегі ӛмір сүрген буржуазиялық идеологияны партиясыз «таза ғылым»
ретінде
кӛрсетуге бағытталса, екінші жағынан, «кез келген идеологияның ғылымсыздығы» туралы
пайымдаудың астарында оны ӛзге идеологияға қарсы қою жатыр еді.
Батыс әлеуметтануында институционализм айтарлықтай рӛл атқарады. Оның
ӛкілдері Сеймур Липсет (1922), Чарльз Милз (1916-1968) және басқалар қоғамдық, соның
ішінде саяси ӛмірдің тұрақты ұйымдасуы және реттелуі формаларын зерттейді. «Саяси
институт» осы бағытта қолданылатын негізгі ұғым болып табылады, бұл жерде ішкі
құрылымы бар және қызметтің бекітілген ережелері мен нормаларына бағынатын, белгілі
бір саяси мақсаттар мен функцияларды атқару үшін құрылған мекеме ретінде
түсіндіріледі.
Саяси ойда технократтық бағыттың пайда болуын кӛптеген зертеушілер америка
ғалымы Т.Вебленнің (1857-1929) есімімен байланыстырады, 20-шы жылдары шыққан
«Инженерлер және баға жүйесі» кітабында ол саяси билікті техника мамандарына беруді
ұсынды.
ХХ ғасырдың 40-50 жылдары, жоғарыда әңгіме болған тұжырымдамалар пайда
болып, ӛнеркәсібі дамыған елдерде технократияны саяси нақтылыққа айналдыру туралы
кӛзқарастар қалыптасты. Бұл тұжырымдамалардың авторлары
технократтар басшылық
қызметті тек кәсіпорындар мен олардың бірлестіктерінде алып қана қоймай, ӛздерінің
қолдарына саяси билікті шоғырландыруы тиіс деп санады. 60-70 жылдары
технократиялық идеялар америка әлеуметтанушылары мен саясаттанушылары
Г.Саймонның («ғылыми басқарылатын қоғам»), Д.Беллдың («постиндустриалдық қоғам»),
З.Бжезинскийдің («технотрондық қоғам») және басқаларының тұжырымдамаларынан
кӛрініс тапты.
Аталмыш тұжырымдамалармен қатар, ХХ ғасырда «постиндустриалды қоғам»,
«мемлекеттік шаруашылық теориясы», «әлеуметтік нарықтық шаруашылық», «бәрін
жарылқайтын мемлекет» тұжырымдары, «саяси плюрализм теориясы» және т.б. мейлінше
кеңінен тараған еді.
«Постиндустриалды қоғам» тұжырымдамасы авторларының бірі американдық
әлеуметтанушы Алвин Тоффлер (1928) «Болашақпен соқтығысу», «Үшінші толқын» және
басқа да еңбектерінде адамзат жаңа технологиялық революцияны басынан кешіріп жатыр,
соның барысында компьютерлік дәуір орнайды және ақпараттық қоғамға ӛту жүзеге
асады деп сендірді.
Қазіргі уақытта саяси плюрализм теориясы саясаттануда маңызды орын алған. Саяси
плюрализм теориясын Э.Дюркгейм, М.Дюверже, Р.Даль, Р.Дарендорф жасады. Олардың
кӛзқарастарының негізін қазіргі қоғамда таптар жойылды, олардың орнында әртүрлі ӛзара
әрекет ететін әлеуметтік жіктер ӛмір сүреді, бұлардың мүдделері антогонистік емес, олар
тату тұра алады деген қағида құрады. Мұндай жағдайда мемлекет әртүрлі топтардың
мүдделерін үйлестіру
функциясын атқарады, бәсекелесуші саяси күштердің арасында
қазылық рӛл атқарады, біреулердің екінші біреулерден асып кетуіне жол бермейді.
«Саяси плюрализм» теориясы демократиялық қоғамда әлеуметтік топтар ӛздерінің
мүдделерін еркін білдіретініне, саяси ӛмірге қатысуға, партиялар, қозғалыстар құруға
және т.б. сендірді. Мұндай қоғамда, олардың пікірінше,
саяси билік нығаяды, оның
шешімі әр түрлі әлеуметтік топтардың ӛзара әрекетінің нәтижесі болып табылады.
Идеялық плюрализм немесе пікір плюрализмі әртүрлі индивидтердің санасында
объективтік ақиқаттың алуан түрде бейнеленуінің нәтижесі, адами әр түрлі ойдың
мәңгілік табиғи формасы, онсыз адамзаттың қарқындап дамуы мүмкін емес. Саяси
плюрализмнің мәні таптар мен әлеуметтік топтардың әр түрлі мүдделері мен
позицияларының объективті себептеріне саяды, демек саяси салада олардың білінуі кӛп
түрлі формалардан байқалады.
ХХ ғасырдың 30-50 жылдарында АҚШ-тың саяси ғылымы бихевиоризмге үлкен
назар аударды. Бихевиоризмнің классиктері (Ч.Мериэм, Г.Лассауэлл, Дж. Кэтлин және
т.б.) саясатты тұлға аралық ӛзара әрекет тұрғысынан қарастырды.
Олардың түсінігі бойынша, саясат жекелеген индивидтердің ӛзара әрекеті мен саяси
әрекеттердің жиынтығынан құралады, яғни индивидуалдық саяси жүріс-тұрыс
векторларының қосындысынан қалыптасады. Индивидтер билік мәселесінде ӛзара қарым-
қатынасқа түседі, олардың индивидуалдық мақсаттары саяси ӛмірдің негізін құрайды.
Осы жағдайда саяси сала ең алдымен белгілі бір әрекеттер мен ӛзара
әрекеттерден
қалыптасатын («акций», «интеракций») индивидтердің саяси белсенділігінің жиынтығы
ретінде түсіндіріледі. Осы методологиялық ұстаным шеңберінде саясаттың ресурстар
алмастыруы (П.Блау), «саясаттың ойын теориясы» (О.Брамс), «саяси субъектілерді
ұтымды таңдау теориясы» (Ф.Фиорна) іспетті тұжырымдамалар жасалды.
Саяси ғылымдардың қазіргі саяси жүйелерді, құбылыстар мен процестерді зерттеу
мүмкіндігін барынша кеңейтуде болашағы зор бағыттарының бірі – салыстырмалы
саясаттану қалыптасты.
Америка саясаттанушысы Габриэль Алмонд (1911) осы бағыттың кӛрнекті ӛкілі
болып саналады. Оның негізгі жұмыстары:
«Салыстырмалы саясат: даму
тұжырымдамасы» (1966 ж.), «Дамушы аймақтардың саясаты» (1968 ж.), «Бүгінгі
салыстырмалы саясат» (1988 ж.).
Алмондты саяси жүйе және саяси мәдениет жӛніндегі теориялық зерттеулері
танымал етті. Алмонд дайындаған саяси жүйе моделдерінде негізінен «кіру» және «шығу»
функцияларына кӛңіл аударылды. Алмонд саяси мәдениеттің мазмұнын құрайтын саяси
бағыт-бағдарлардың және саяси жүйенің ӛмір сүру сипатының арасындағы ӛзара
байланысты кӛрсетті.
Алмонд пен С.Вербаның бірігіп шығарған «Азаматтық мәдениет. Бес мемлекеттегі
саяси қатынастар және демократия» (1963 ж.) атты еңбегінде
салыстырмалы саяси
талдаудың әдістерін, мысалға АҚШ, Мексика, Италия, Ұлыбритания және Германия
сияқты бес ел халықтарының саяси мәдениеттерін салыстыру арқылы паш еткен.
Достарыңызбен бөлісу: