Педагогикалық зерттеудің үш деңгейі, олардың мақсаты мен әдістері



Дата12.12.2023
өлшемі18,79 Kb.
#196654
Байланысты:
f604f2e95308c6


Педагогикалық зерттеудің үш деңгейі, олардың мақсаты мен әдістері
Педагогикада зерттеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық. Эксперименталды –эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар (гр. Empieria – тәжірибе).

  1. Бақылап – зерттеу – заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау; зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу. Бақылап – зерттеуге, ең алдымен, бақылаушының өзі, зерттеу объектісі, бақылап – зерттеу шарттары, сондай- ақ бақылап – зертттеу құралдары – видеоаспаптар, аспап құралдар мен өлшеу құрал – саймандары.

Зерттеу барысында бақылап – зерттеу түрлерінің әр алуан жіктемесі ажыратуға болады:
– тікелей бақылап – зерттеу, мұғалім зерттеуші оқу – тәрбие жұмысының тікелей басшысы; сонымен қатар ол тікелейкуәгер бола тұра бейтарап адам; мұғалім зерттеу мүшесі ретінде зерттеушілерретінде кіргізілуі. Оның рөліне байланысты эмпирекалық фактілерді жинақтудың техникасы мен әдісі таңдалоып алынады;
– жанама бақылап – зерттеу, ол тікелеу бақылап – зерттеуді толықтырады және ол зерттеушімен бірге және оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкілдер арқылы жүзеге асады. Зерттеуші біреу туралы немесе бір нәрсе туралы жанама деректер алады;
– жасырын немесе елеусіз бақылап зерттеу тұйық теледидар және сынып бөлмелерінде телекамералары бар мектептерде жүргізіледі.
Оқушылар мен мұғалімдердің бір бірімен оңаша кездегі мінез – құлқы оларды бөтен біреулер бақылап отырған мінез – құлқынан әлдеқайда өзгеше болады;
– үздіксіз бақылап – зерттеу оқыту процесін, екі – үш оқушыны сабақтағы, ойындағы, сыныптан тыс, мектептен тыс – оқу – тәрбие процесі физикалық қолайлы уақыттағы мінез – құлқын зерттеу үшін қолданылады;
– дискретті бақылап – зерттеу объектіні ұзақ уақыт бақылайтын кезде қолданылады. Бақылап – зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін – жарты жыл немесе бір жыл. Бақылап – зерттеу белгілі бір уақытта үзіліп, кейін қайтадан жалғастырылады;
– монографиялық бақылап – зерттеу бір адамды немесе бір затты бақылау кезінде қолданылады;
– бір затты бақылап – зерттеу жалпы тұтастықтан бақылап – зерттеу мақсатына сай бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде, қолданылады;
– бақылап – зерттеу және іздеу көп деректер арасынан зерттеуші өзіне керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады.

  1. Педагогикалық эксперимент танымның эмпирикалық деңгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі болып табылады, ол құбылыстарды олардың өту барысының нақты тіркелген жағдайларында зерттеуге бағытталған. Эксперимент ғылыми зерттеудің теориялық және эмпирикалық деңгейлері арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.

Педагогикада эксперименттің бірнеше түрі бар: қалыпты, оқыту мен тәрбиенің күнделіәкті жағдайларында жүзеге асады; лабораториялық, оқушылардың белгілі бір топтарын бөлу арқылы жүзеге асады.
Педагогиканы зерттеулерде эксперименттің ойдағы эксперимент деген түрі болады, алайда оны эксперимент деп шартты түрде ғана атайды, өйткені эксперимент дегеніміз тәжірибе, практика.

  1. Сұрақ – жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлардың элементтерінің объективті қасиеттерімен қоса өзара байланысты “субъект – субъект” жүйесінің қасиеттері танылып, есепке алынады.

Сұрақ – жауап әдісінің мынандай түрлері бар:
а) әңгіме сұхбат
ә) сұхбат – әңгіме
б) анкета

  1. Мұғалімдердің, жаңашыл – педагогтардың тәжірибесін зерттеу өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту және тәрбиелеумен байланысты. Тәжірибе дегеніміз – педагогтың ұзақ жылдар бойындағы практикалық – педагогикалық іс – әрекет нәтижесінде жинастырған шеберлігі, ол практик – мұғалімнің тәжірибелілігі.

  2. Эмпирикалық әдіс әдіс ретіндегі дәрігерлік – педагогикалық тексеру медикалық – педагогикалық кестені жаппай дайындаумен байланысты. Ол кестелер оқушыларға қатысты жеке дара қолданылады, оқуышылар әр түрлі ғылыми мамандар тексеруінен өтеді.

  3. Оқушылардың жазбаша, графикалық және шығармашылық жұмыстарын зерттеу зерттеушіге оқушылардың интеллектуалды – даралық ерекшеліктері мен қабілеттері туралы мағлұмат беретін әдістің бір түрі.

  4. Педагогикалық құжаттарды зерттеу білім беру жүйесі қызметінің негізгі бағытарының жағдайы мен даму тенденцияларын көрсетеді. Оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар, оқу – әдістемелік оқу құралдары, мұғалімдердің сабақ жоспарлары, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, колледждердің оқу тәрбие бағдарламалары мен жоспарлары, сынып журналдары, мұғалімдердің есеп берулері, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық компоненттері тіркелетін басқа да құжаттар зерттеудің ең маңызды негіздері болып табылады.

  1. Теориялық деңгей әдістері

Ғылыми танымның екінші деңгейі – теориялық деңгей. Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер ароасындағы себеп – салдарлық тәуелділікті айқындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қорытындыларға көшу барысындағы педагогикалық зхаңдылықтарды анықтауға көмектеседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет