1-2 Блок. Теориялық сұрақ. Сұраққа қысқаша жауап беріңіз. ДҰрыс жауап үшін жоғАРҒы балл 30%


Жеңілтотығатын заттарды тұрақтандыру. Мысалы



бет25/71
Дата27.05.2024
өлшемі1,38 Mb.
#202947
түріРегламент
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   71
Байланысты:
птл 1-11

56. Жеңілтотығатын заттарды тұрақтандыру. Мысалы
Жеңіл тотығатын заттарға аскорбин қышқылы, адреналин гидротартраты, этилморфин гидрохлориді, викасол, новокаинамид, фенотиазин туындылары жэне т. б. жатады.Осы препараттардың инъекциялық ерітінділерін дайындау процессі кезінде суда және ерітінді үстінде оттегінің қатысуында дәрілік заттардың тотығуы жүреді, бүл, әсіресе, жылулық стерильдеу кезінде күшейе түседі. Жеңіл тотығатын заттардың ерітінділерін тұрақтандыру үшін антиоксиданттар қосылады. Жеңіл тотығатын заттар және оларды тұрақтандыру:
- адреналин гидрохлориды, адреналин гидротартраты, норадреналин гидротартраты, 1 л ерітіндіге 1 г натрий метабисульфитін қосып тұрақтандырады;
- 5% аскорбин қышқылының ерітіндісіне 2 г сусыз натрий сульфитін немесе 1 г натрий
метабисульфитін қосып тұрақтандырады. Аскорбин қышқылының ерітіндісі қышқылды орта (рН 2,6- 2,8) болғандықтан жөне енгізген кезде ауыртатындықтан, нейтралдау үшін, 1 л 23,85 г мөлшерде натрий гидрокарбонатын қосады;
- фенотиазин туындылары аминазин, дипразин, имизин жене пропазин, 1 л ерітіндісіне 1 г натрий сульфитін, 1 г натрий метабисульфитін, 2,0 г аскорбин қышқылын қосып тұрақтандырады; - новокаинамид 1л ерітіндіге 5г натрий метабисульфитін қосып тұрақтандырады. Еритін стрептоцид ерітіндісінің 1 л 2г натрий сульфитін қосады
-кейбір жеңіл тотығатын заттарды тұрақтандыру үшін ронгалит қолданылады Мысалы, парааминосалицилат,этазол-натрий 1 л ерітіндісіне 5 г ронгалит косады
-глюкоза ерітінділерін тұрақтандыру. Стерильдеу кезінде глюкоза ерітінділері, әсіресе сілтілі шыныда, тотығады және карамелизицияланады. Бұл кезде ерітінді сары түске боялады. Глюкоза ерітінділерін тұрақтандыру үшін оның полифункционалды қасиетін ескеру қажет. Сілтілі ортада глюкоза тұрақсыз, оттегі әсерінен оксиқышқылдар: гликоль, левулин, құмырсқа және басқа қышқылдар және оксиметилфурфурол түзіледі. Бұл процестерді болдырмау шін глюкоза ерітінділерін МФ ХІ басылымына сәйкес 1 л ерітіндіге 0,26г натрий хлоридын және 0,1 н. хлорсутек қышқылынан рН мәні 3,0-4,0 болғанға дейін косып тұрақтандырады. Глюкоза ерітінділерін дайындаған кезде, олардың концентрациясына байланыссыз, тұрақтандырғышты ерітінді көлемінен 5% мөлшерде қосады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет