59. Стерилдеудің негізгі әдістерін атаңыз
Стерильдеу (лат. sterilis) - объектегі тіршілікке икемді барлық микроорганизмдер мен олардың спораларын толық жою немесе олардан тазарту болып табылады. Бұл кезде стерилденетін заттардың қасиеттері өзгермеуі керек. Стерилдеудің физикалық және химиялық тәсілдері болады. Физикалық тәсілдерге қыздырып стерильдеу, жоғаргы жиілікті токтармен стерильдеу, ультракүлгін жэне радиациялық сәулелермен стерильдеу, ультрадыбысты стерильдеу жэне стерильді фильтрлеу жатады. Медицинада ең кең қолданылатын тәсіл - бумен немесе құргақ ыстықпен қыздырып стерильдеу. Қыздырып стерильдеу микробтық клеткаларды пирогенетикалық ыдырату, ақуыздардың қайтымсыз коагуляциясы немесе микроорганизмдердің ферменттік системаларын бүзуга негізделген.
Бумен стерильдеу. Бұл тәсіл жогары температура мен ылгалды үйпестіріп қолдануға негізделген. Осы жағдайда белоктардың коагуляциясы 56°С температурада басталады. Фармацевтік өндірісте сенімді, тез және экономикалық тиімді 120°С температурада қаныққан су буымен қысым көмегімен стерильдеу тәсілі қолданылады. Бүл жагдайда тек вегетативті емес, споралык микроорганизмдер де өледі. Стерильдеу мерзімі препараттың
физико-химиялық қасиеттеріне жэне ерітіндінің көлеміне байланысты 30 минуттан аспайды. Қысым әсері бойынша бумен стерильдеу бумен жүмыс істейтін стерилизатор-автоклавтарда жүргізіледі. Бүл үшін АП-7, АП-18 типті стерилизаторлар кеңінен қолданылады.
Ауамен стерильдеу. Бүл тэсілмен стерильдеу құрғақ ыстык ауамен ауа стерилизаторларында (кептіргіштерде) 180-200°С температурада жүзеге асырылады. Стерильдеудің нэтижелігі температура мен мерзімге байланысты. Ауамен стерильдеу
термиялық төзімді ұнтақ дэрілерді, минеральды жэне өсімдік майларын, ланолин, вазелин, балауыз, металдан, шыныдан, фарфордан жасалған бұйымдар үшін қолданылады.Дэрілік заттардың ерітінділерін кептіргіш шкафтарда стерильдеуге болмайды, себебі, температурасы 100-120°С ауа нашар жылу өткізгіштігіне байланысты ерітінділердің стерильдену температурасына дейін тез қызуын камтамасыз етпейді. Мысалы, көлемі 200 мл натрий хлориді ерітіндісін температурасы 120°С кептіргіш шкафқа салғанда, бір сагаттан кейін осы ерітінді 60°С-қа дейін гана кызады. Температурасы жогары ыстық ауа дәрілік заттардың ыдырауын және күтылардың (флакондардың) ішіндегі және сыртыңдагы қысым айырмашылығы нәтижесінде қүтылардың жарылып кетуін тудыруы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |