Стерильдеудің химиялық тәсілдері. Резинадан, полимерлі материалдардан, шыныдан, коррозияға төзімсіз металдардан жасалынган бұйымдар үшін газдармен жэне ерітінділермен стерильдеудің химиялық тэсілдері қолданылады. Химиялық стерилизация химиялық заттарды қолдану көмегімен жүргізіледі. Бұл үшін жиі консервантгар пайдаланылады: нипагин, нипазол, хлорбутанолгидрат, трикрезол, фенол, фенилэтил спирті жэне т. б.
60. Пластырьлердің жіктелуі
Пластырлер - дене температурасында жұмсарганнан кейін теріге жабысып қалатын қабілеті бар сырт тәнге колданылатын дәрілік түр. Олар теріден оңай ажырап, із қалдырмайды. Бұл бүкіл дүние жүзінің Фармакопеяларына кірген өте ескі дәрілік түрлердің бірі. Қазіргі кезде пластырлердің номенклатурасы және қолданылуы
өте жан-жақты. Пластырлердің құрамына шайырлар, парафин, балауыз, жогаргы май қышқылдарының тұздары (корғасын сабыны), тоң майлар, каучук, шайырлы қышқылдардың түздары, ланолин, вазелин, церезин, ұшқыш еріткіштер (эфир, этанол) және әртүрлі дәрілік заттар кіреді. Осы заттарды үйлестіріп қолдану пластырлерге тиісті
күрылымдық-механикалық касиеттер береді, бірте-бірте жұмсару, теріге жабысу жэне терапевтік эсер ету қабілетін қамтамасыз етеді. Пластырлер әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі. Агрегатты күйі бойынша қатты және сұйық болып бөлінеді. Қатты пластырлер - бөлме температу расында тыгыз, жагылмайтын, дене температурасында жүмсарып, жабысып қалатын пластырлер.Сұйық пластырлер (тері желімдері) - еріткіш үшып кеткеннен соң теріде пленка қалдыратын сұйыктықтар.Дисперстік дәрежесі бойынша пластырлер балқымалар, ерітінділер, суспензиялар, эмульсиялар немесе аралас жүйелер болуы мүмкін. Медициналық қолдануы бойынша пластырлер эпидерматикалык, эндерматикалық және диадерматикалық болып бөлінеді. Эпидерматикалық пластырлер жабысқақ болады жэне олардың құрамында дэрілік заттар болмайды. Олар байлау материалы ретінде, байлауыштарды бекітуге, жаралардың шеттерін жақындастыруға, терінің кемшіліктерін жасыру, оны сыртқы ортаның жаралаушы әсерінен қорғау, кейбір тері ауруларын емдеу үшін қолданылады. Эндерматикалық пластырлердің қүрамына дәрілік заттар кіреді және олар жапсырылған жердегі гері ауруларын емдеуге қолданылады.Диадерматикалық пластырлердің кұрамына тері арқылы өтіп кететін жэне тереңде жатқан тканьдерге эсер ететін немесе резорбтивті эсер тигізетін дәрілік заттар кіреді.Қолданылатын қосымша заттарға байланысты пластырлер қарапайым және каучукті пластырлер болып бөлінеді. Қарапайым пластырлер шайырлы - балауызды және қорғасынды пластырлер болып ажыратылады.
Достарыңызбен бөлісу: |