Көз тамшылары (Guttae ophthalmicae). Көз тамшылары коньюктивті қапшыққа инстилляциялауға арналған суды немесе майлы ерітінділер, өте майда суспензиялар мен эмульсиялар болып табылады. Еріткіштер ретінде шаншуға арналган су, стерильді сұйық майлар - шабдалы, бадам майлары және сұйық парафин қолданылады. Өндірісте шығарылатын көз тамшыларына дэріханада дайындалатын көз тамшыларына қойылатын барлық талаптар қойылады. Олардың өнеркәсіптік өндірісінің ерекшелігі болып тез тотығатын заттар (морфин гидрохлориді, сульфацилнатрий, аскорбин қышқьшы) үшін антиоксиданттардан басқа, газды қорғаудың қолданылуы, орамдалудың жетілдірілуі (тюбиктамызғыш) табылады
Көз жагар майлары (Unguenta ophthalmica). Дерматологиялық жагар майларға қойылатын талаптардан басқа, көз жагар майлары стерильді, механикалық қоспалардың болмауы, көздің кілегей қабатын тітіркендірмейтін жэне зақымдамайтын, олардың сулы ерітінділерінің pH = 7,3-9,7 аралыгында болуы керек.Көз жагар майларының өндірістегі ерекшелігі болып олардың құрамындағы эсер ететін заттардың мөлшерінің біркелкі таралуын,дисперстілігін жэне т. б. көрсеткіштерін талдау больш табылады. Орамдау үшін ішкі беті лакпен қапталған метал тубалар немесе полимерлі бір рет қолданылатын орамдаушылар пайдаланылады.
Көз пленкалары (Membranulae ophthaimicae). Коз пленкалары - дөңес форматы, шеттері тегіс, ұзындығы 9,0-6,0 мм, ені 3,0-4,5 мм және орташа салмағы 0,015 г қатты пластиналар. Оларды көз ұлпалары мен сүйықтыымен сыйымды және биоерігіш полимерден жасайды. Пленкалар құрамына дәрілік заттар кіреді. Көз дәрілік пленкаларының (КДП) коз жагар майлары, эмульсиялары жэне т. б. алдында бірқатар артықшылыгы бар. Олардың көмегімен көз үлпаларындағы дәрілік заттардың әсерін ұзартып, концентрациясын жогарылатуға болады, енгізу жиілігін тәулігіне 5-8 ден 1-2 ретке дейін төмендетуге болады, КДП-сын
конъюктивальды қапқа салады, 10-15секунд ішінде олар көз сұйықтықтарымен араласып, эластикапық (созылымды) болып қалады. 20-30 мин. соң пленка полимердің түткыр қоймалжыңына айналады, 75-90 мин. соң толығымен еріп, жұка біртегіс пленка
түзеді. Пленка түзуші зат ретінде полиакриламид немесе оның акрил және винил қатарындағы мономерлерімен сополимерін, винил спиртін қолдануга болады
Достарыңызбен бөлісу: |