33 Тікелей престеу арқылы алынған таблеткаларды өндірудің технологиялық процесінің негізгі сатылары. Тікелей престеудің артықшылықтары
Өндірісте шыгарылатын барлык таблеткаларды таблеттелетін қоспаның өңделуі бойынша екі топқа бөлуге болады.
1)түйіршіктелінген қоспаны престеу арқылы алынган таблеткалар;
2) алдын —ала түйіршіктеусіз престелген таблеткалар, ягни, тікелей престеу арқылы альшған таблеткалар
Таблеттелетін қоспаларды престеу таблеткалық машиналарда жүргізіледі. Қазіргі кезде фармацевтік өндірісте таблеткалық машинапардың негізінен екі түрі қолданылады: эксцентрикті және ротационды машиналар.
Эксцентрикті немесе соқпалы жүрісті машиналар өзінің конструкциясы бойынша кысымдауга арналган бір немесе екі эксцснтриктен, екі матрицадан жэне екі тиеуші воронкадан түрады. Іс жүзінде бір эксцентрикті машиналар қолданылады, олардың бір матрицасы, 7 матрицалық тесігі жэне осыған сәйкес пуансондар жүбы бар. Тиеуші воронканың құрылысы бойынша эксцентрикті машиналар жылжымалы - оларда тиеуші воронка шананың үстімен жылжиды жэне кебісті - оларда тиеуші воронка орнынан қозгалмайды да, таблеттелетін қоспа жылжымалы «кебістің» немесе «түмсықгың» көмегімен салынады.
Эксцентрикті машиналарда таблеттеу процессі келесі
операциялардан тұрады:
1 ) Тиеу (дозалау) — бұл операция дайын таблетканы ығыс-
тырып тастау операциясымен бір мезгілде жүреді. Тиеуші воронка таблетканы ығыстырып тастап, матрицаның үстіне келіп тұрады. Осы кезде төменгі пуансон томен түседі. Матрица үясы таблеттелетін қоспамен толтырылады.
2) Престеу - тиеуші воронка қоспаны тиеп болған соң шетке ығысып кетеді. Жоғаргы пуансон томен түсіп, белгілі кысыммен қоспаны катты таблетка алынғанға дейін тыгыздайды.
3)Таблетканы втеріп шығару - жоғары пуансон жоғары қарай көтеріледі, төменгі пуансон матрицаның кесік жеріне дейін көтеріледі де, таблетканы ұядан итеріп шыгарады. Таблетка қабылдағышқа тиеуші воронканың көмегімен ығыстырылып түседі, ал осы кезде матрицаның үстіне келіп орналасқан тиеуші воронка қайтадан тиеу операциясын жүргізеді. Сөйтіп цикл қайталанады
Тікелей престеудің екінші мүмкіншілігі - фгрмацевтік өндірісті таблеттелетін қоспаны матрицаға зорлап (күштеп) толтыратын, жетілдірілген дозаторлармен жабдыкталған осы заманға сай таблеткалық машиналармен қамтамасыз ету. Соңғы жылдары осындай дозаторлардың түрлі конструкциясы жасалынды. Олар - дискілі, шнекті, вибромеханикалық, вакуумды, электро- вибрациялық. Олардың ішінде, әсіресе, қолайлысы вакуумды дозаторлар, бүл дозаторлар ұнтак қоспасын алдын-ала нығыздап жэне одан ауа бөлшектерін ығыстырып шыгарып жібереді. Бөлшектердің кристаллизация кезінде құрылысы мен көлемдерін өзгерту қазіргі кезде элі де зерттеліп отыр. Дегенмен, кристалды ацетилсалицил қышқылы мен салициламид үнтақтарын алу технологиясы жасалғаны белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: |