1. №3 тақырып: Экстрапирамидті жүйе. Зерттеу әдістері және зақымдану синдромдары. Мишық. Қозғалыс координациясын және зақымдану синдромдарын зерттеу. Мақсаты



бет6/12
Дата08.02.2022
өлшемі24,75 Kb.
#131005
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
3 тақырып невро

Мидың құрылысы
Мишық (cerebellum) - бұлшықет тонусын, дененің тепе-теңдігін, ауырлық орталығының тұрақтануын, агонист мен антагонист бұлшық еттердің үйлесімді қозғалысын, қозғалыстың дәлдігі мен өлшемділігін, автоматты үйлестірілуін қамтамасыз ететін жүйке жүйесінің бөлімі.
Мишық артқы бас-сүйек шұңқырында сопақша ми мен көпірдің үстінде, үлкен мидың желкелі бөлігінің астында орналасқан және олардан қатты ми қабықшасымен немесе мишық наметімен (tentoriumcerebelli) бөлінген. Оның: қалташығы (flocculus) және аралшығы (nodulus), екі жарты шары (hemispheriacerebelli) және олардың арасында орналасқан орта бөлігі — құрт (vermiscerebelli). Мишықтың беті сұр заттың қабатымен — қабықпен жабылған, онда тар иірімдер және мишықты бір қатарға (жоғарғы, төменгі, флокулонодулярлы) бөлетін бороздтар бар. Мишка ақ зат үш жұп аяқтың: жоғарғы, орта және төменгі құруға қатысатын әртүрлі жүйке талшықтарынан тұрады.
Жоғарғы мишық аяқтары мишықты орта мимен байланыстырады, ортаңғы аяқтары көпірге өтеді, төменгі мишық аяқтары мишықты сопақша мимен байланыстырады.
Соматотопиялық проекцияға сәйкес мишықтың алдыңғы жарты шарында- қолдар, артқы бөлімдерде-аяқ; құрттың алдыңғы бөлімдерінде бас пен мойын, артқы бөлімдерде — дене. Мидың құрты статикалық (тұру), ал жарты шар — динамикалық кординацияны (аяқ-қол қозғалысы, жүру) қамтамасыз етеді.
Мишықтың ақ затында мишық ядролары болады. Табанында шатыр ядросы (nucl. fastigii); жартышарында — шартәрізді ядро (nucl. globosus), тығынтәрізді ядро (nucl. emboliformis) және тісті ядро (nucl. dentatus) орналасады. Шатыр ядросы вестибулярлы ядролардан, шартәрізді және тығын тәрізді ядро рецепторлардан, сіңірден және буындардан, тісті ядро көпір мен оливо ядроларынан импульс қабылдайды. Мишық афферентті және эфферентті жолдан арқылы көптеген қимыл-қозғалыс әрекеттеріне қатысады: бірінші жол –мишық қыртысында аяқталса, екінші жол- оның ядроларынан басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет