С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
|
1.6 ПӘН БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ БІЛІМІН ЖӘНЕ ДАҒДЫСЫН БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫ
Курс: IV
Пән: Балалар аурулары
Блок №2. Нәрестелер және ерте жастағы балалар физиологиясы және патологиясы, педиатриялық көмекті ұйымдастыру
Мамандық: 051301 – Жалпы медицина
Алматы, 2010 ж.
Білімнің бастапқы деңгейін бақылауға арналған тесттер
№1 тақырып. Құрсақішілік даму кезеңдері, шекаралық жағдайлар
1. Перинаталдық кезең деп қай кезеңді айтады:
А. туылғаннан бастап өмірінің 7-ші күніне дейін
Б. ұрықтанудан бастап туылғанға дейін
В. құрсақ ішілік дамудың 28-ші аптасынан бастап өмірінің 7-ші күніне дейін
Г. құрсақ ішілік дамудың 28-ші аптасынан бастап өмірінің 1-ші айына дейін
Д. құрсақ ішілік дамудың 28-ші аптасынан бастап өмірінің 2-ші айына дейін
17. Сәбилік өлім – бұл:
тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы 3 сағатта қайтыс болған балалар саны
тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы 28 тәулікте қайтыс болған балалар саны
туылған 1000 баланың ішіндегі өлі туылған балалар саны
тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы 7 тәулікте қайтыс болған балалар саны
тірі туылған 1000 баланың ішіндегі 1 жасқа дейінгі қайтыс болған балалар саны
3. Нәресте қыз бала, 5 күндік, туылғандағы дене салмағы 3100, қараған кезде баланың дене салмағы 3000 г., бетінің терісінде, мұрнының үстінде, кеңсірігінің үстінде ақ-сары түсті ұсақ түйіндер бар, кеудесі мен ішінің терісінің ірі пластинкалы түлеуі байқалады. Сүт бездері екі жақта да ұлғайған, басқанда ақ-сары сұйықтық бөлінеді, нәжісі қорытылмаған түйіршіктермен, шырышпен. Балада шекаралық жағдайлардың қайсысы байқалмайды?
А. физиологиялық дене салмағын жоғалту
Б. физиологиялық түлеу
В. жыныстық криз
Г. физиологиялық сарғаю
Д. ішектің транзиторлық катары
4. Апгар бойынша 2 баллмен бағалауға мына жағдай сәйкес келмейді:
А. жүректің жиырылу жиілігі 1 минутта 100 және одан көп
Б. терінің қызғылт бояуы және акроцианоз
В. тыныс қалыпты, айқайы қатты
Г. бұлшық ет тонусы қалыпты, қозғалысы белсенді
Д. рефлекторлық қозғыштығы: жөтелу, түшкіру, айқай
5. Нәрестеде тыныс белгілері жоқ, көкшіл, тітіркендіргішке жауап бермейді, пульсі минутына шамамен 90 рет, аяқ-қолдары салбырап жатыр. Апгар бойынша алғашқы бағалау құрайды:
А. 0 балл
Б. 1 балл
В. 2 балл
Г. 3 балл
Д. 4 балл
6. Зиготаның ұрықтанудан кейін алғашқы екі аптада зақымдануын қандай құрсақ ішілік патологияға жатқызады:
А. бластопатия
Б. гаметопатия
В. ерте фетопатия
Г. эмбриопатия
Д. фетопатия
7. Нәрестелердің физиологиялық сарғаюын қандай сарғаюларға жатқызамыз:
А. гемолитикалық
Б. конъюгациялық
В. механикалық
Г. паренхиматоздық
Д. дәрілік
8. Физиологиялық сарғаюдың ұзақтығы:
А. 1-7 күн
Б. 3-7 күн
В. 7-10 күн
Г. 10-12 күн
Д. 10-14 күн
9. Тірі туылудың барлық белгілеріне ұрық гестацияның мына мерзімінен бастап сәйкес келеді:
27 апта
20 апта
22 апта
30 апта
25 апта
10. Гестациялық мерзімі 22 апталық тірі туылған ұрықтың салмағы:
500 гр.
700 гр.
300 гр.
1000 гр.
800 гр.
11. Мерзімінен асқан жүктіліктің гестациялық мерзімі сәйкес келеді:
А. 42 апта
Б. 35-37 апта
В. 40 апта
Г. 32-34 апта
Д. 28 апта
12. Перинаталдық кезең мына кезеңдерден тұрады:
А. антенаталды кезең + интранаталды кезең + ерте неонаталды кезең
Б. интранаталды кезең + нәрестелік кезең
В. пренаталды кезең + антенаталды кезең + интранаталды кезең
Г. антенаталды кезең + интранаталды кезең
Д. эмбрионалды кезең + феталды кезең
13. Нәрестенің асқорыту мүшелері жағынан шекаралық жағдайы болып табылады:
А. вирустық диарея
Б. энтероколит
В. аэрофагия
Г. ішек катары
Д. пилороспазм
14. Неонаталдық кезеңнің ұзақтығы құрайды:
А. 1 апта
Б. 2 апта
В. 3 апта
Г. 4 апта
Д. 6 апта
15. Нәрестелердің транзиторлық гипертермиясына мына төменде көрсетілгендердің қайсысы тән емес:
А. өмірінің 3-5 тәуліктерінде пайда болады
Б. туылғаннан кейін бірден пайда болады
В. дене қызуының 38,5-39,5 0С дейін жоғарылауымен көрінеді
Г. ыстықтағанда дамуы мүмкін
Д. себебі суды аз беру болуы мүмкін
Қан сарысуындағы билирубиннің қай деңгейінде сарғаю көзге көрінеді:
А. ≤40 мкмоль/л
Б. ≤50 мкмоль/л
В. ≤60 мкмоль/л
Г. ≥80 мкмоль/л
Д. ≥90 мкмоль/л
17. Перинаталдық өлімнің көрсеткішін айқындайды:
А. акушерлік көмектің сапасы
Б. педиатриялық көмектің сапасы
В. жалпы алғандағы әлеуметтік-демографиялық саясаттың тиімділігі
Г. неонатологтардың I және II этапағы жұмысының сапасы
Д. айтылғандардың барлығы
18. Ерте неонаталді өлім – бұл:
тірі туылған 1000 баланың ішіндегі 1 жасқа дейінгі қайтыс болған балалар саны
тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы 28 тәулікте қайтыс болған балалар саны
туылған 1000 баланың ішіндегі өлі туылған балалар саны
тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы 7 тәулікте қайтыс болған балалар саны
тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы 3 айда қайтыс болған балалар саны
Нәрестенің физиологиялық сарғаюына тән:
Туылғаннан кейін 36 сағаттан соң пайда болады
Жетіліп туылған нәрестелерде билирубиннің шыңдық деңгейі (пиковый уровень) 12-14 күні
Билирубиннің шыңдық деңгейі 260 мкмоль/л
Баланың жағдайы ауыр
Жетіліп туылған нәрестеде сарғаю өмірінің 4-ші күніне дейін жоғалады
20. Ұрықтың эмбрионалдық кезеңі созылады:
гестацияның бірінші аптасының соңына дейін
гестацияның 4-ші аптасына дейін
гестацияның 8-ші аптасына дейін
гестацияның 12-ші аптасына дейін
гестацияның 16-шы аптасына дейін
21. Нәрестенің физиологиялық сарғаюына тән емес:
сарғаю өмірінің бірінші күнінде пайда болады
тікелей емес фракция есебінен болатын гипербилирубинемия
Бауырдың өлшемі қалыпты
Зәр мен нәжістің түсі өзгермейді
Трансаминазалар қалыпты деңгейде
22. Нәрестенің физиологиялық сарғаюын қандай симптом сипаттайды:
баланың жағдайы қанағаттанарлық
жетіліп туылған нәрестелерде билирубиннің шыңдық деңгейі (пиковый уровень) 7-10 күні
билирубиннің шыңдық деңгейі 360 мкмоль/л
зәр мен нәжістің түсі өзгереді
тікелей билирубин жоғарылайды
Нәрестенің патологиялық сарғаюына тән:
Сарғаю бала өмірінің алғашқы 2-3 күнінде пайда болады
Жалпы билирубиннің өсу темпі < 3,5 мкмоль/л/сағ.
Баланың жағдайы қанағаттанарлық
Тікелей билирубиннің деңгейі жалпы билирубиннің деңгейінің > 40% құрайды
Тікелей билирубиннің деңгейі жалпы билирубиннің деңгейінің < 10% құрайды
24. Нәрестедегі зәр қышқылды инфаркт мынаның салдары болып табылады:
Бүйректің каналша қызметінің төмендеуімен
зат алмасудың катаболикалық бағытымен
Бүйректің фильтрациялық қызметінің төмендеуімен
АДГ концентрациясының төмендеуімен
Эритропоэтин концентрациясының жоғарылауымен
25. Мынадай жүрек жиырылуының жиілігінде Апгар шкаласы бойынша 2 балл беріледі:
А. Минутына 50-ге дейін
Б. Минутына 50-100 рет
В. Минутына 100-160 рет
Г. Минутына 200-ден артық
Д. Жүрек соғуы жоқ
26. Нәрестені Апгар шкаласы бойынша бағалау жүргізіледі:
А. туылғаннан кейін 1-ші және 3-ші минуттарда
Б. туылғаннан кейін 1-ші және 5-ші минуттарда
В. туылғаннан кейін 1-ші және 10-шы минуттарда
Г. туылғаннан кейін 1-ші және 15-ші минуттарда
Д. туылғаннан кейін 1-ші және 20-шы минуттарда
27. Мына көрсетілген жағдайлардың қайсысы қолданылмайды:
А. Дені сау нәресте анасымен болуы керек
Б. Босану әрекетін тек көрсеткіштер болғанда белсендіру керек
В. Емшекпен ерте тамақтандыруды қолдау
Г. Босану кезінде ауыруды басатын және жансыздандыратын дәрі-дәрмектерді қолдану
Д. Кесар тілігін тек көрсеткіштер болғанда ғана жүргізу
28. БДҰ (ВОЗ) мәліметтері бойынша әлемде неонаталді өлімнің басты себебі:
А. Инфекциялар
Б. Туылу кезіндегі асфиксия
В. Туылу жарақаттары
Г. Туа біткен даму ақаулары
Д. Шала туылу
Перинаталді көмек көрсету кезінде мына жағдайлардың қайсысы қолданылмайды?
А. Демедикаментализация
Б. Баланы сағат бойынша тамақтандыру
В. Баланы күтуге анасының қатысуы
Г. Перзентханада аз уақыт болу
Д. Нәрестедегі дискомфорт пен ауыру сезімінің алдын алу
Мына көрсетілген принциптердің қайсысы дәрігер-неонатологтың жұмысында қолданылмайды?
А. Асептика
Б. Баланы күтуге анасының қатысуына шектеу қою
В. баланың талабы бойынша тамақтандыру
Г. Температуралық қорғаныс
Д. Эмпатия
Нәрестелердегі тікелей емес билирубиннің деңгейінің жоғарылауы нені көрсетеді?
А. Холециститті
Б. Конъюгация процесстерінің бұзылуын
В. Ұйқы безінің қызметінің бұзылуын
Г. Өт қапшығының туа біткен аномалиясын
Д. Өт шығару жолдарының дискинезиясын
Нәрестедегі сарғаю синдромы кезіндегі диагностикалық маңызы бар зерттеу:
А. Қалдық азот пен мочевина деңгейі
Б. Қанның электролиттік құрамын бағалау
В. Эндогенді креатинин клиренсі
Г. Билирубин мен оның фракцияларын анықтау
Д. Кортизол деңгейін анықтау
Патологиялық сарғаю дамуының қауіп-қатер факторы:
А. Туылғандағы салмағы 3200гр
Б. Сусыз кезең 1 сағат
В. Жүктіліктің 1 триместріндегі анасындағы 1 дәрежелі анемия
Г. Тез босану
Д. Жүктілік кезіндегі анасының жұқпалы аурулары
34. Мыналардың қайсысы дизэмбриогенез стигмасы емес?
А. Гипертелоризм
Б. Готикалық таңдай
В. Анофтальм
Г. Эпикант
Д. Брахидактилия
Дені сау нәрестеде Апгар шкаласы:
А. 2-4 балл
Б. 4-6 балл
В. 6-7 балл
Г. 8-10 балл
Д. 10-12 балл
Нәрестеде жүрек соғысы минутына 100-ден аз, брадипноэ, бұлшық ет тонусы төмендеген, рефлекторлық қозғыштығы сақталған, тері жабындыларының түсі қызғылт, бірақ аяқ-қолдарының цианозы байқалады. Нәрестенің жағдайын Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:
А. 2 балл
Б. 4 балл
В. 6 балл
Г. 8 балл
Д. 10 балл
37. Нәресте: тері түсі қызғылт, брадипноэ, жөтеледі, түшкіреді, жүрек соғуы – минутына 90 рет, қимыл-қозғалысы өте белсенді. Апгар бойынша бағалаңыз:
А. 5 балл
Б. 6 балл
В. 7 балл
Г. 8 балл
Д. 10 балл
38. Ерте сәбилік өлім – бұл:
А. тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы сағаттарда қайтыс болған балалар саны
Б. тірі туылған 1000 баланың ішіндегі 1 жасқа дейінгі қайтыс болған балалар саны
В. туылған 1000 баланың ішіндегі өлі туылған балалар саны
Г. тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы 7 тәулікте қайтыс болған балалар саны
Д. тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы 28 тәулікте қайтыс болған балалар саны
Білімнің бастапқы деңгейін бақылауға арналған тесттер
№2 тақырып. Нәрестелер. Мүшелер мен жүйелердің АФЕ
1. «Жетілген ана сүті» - бұл:
А. босанғаннан соң 14 күннен кейін пайда болады
Б. босанғаннан кейін бірден пайда болатын сүт
В. емізудің басында пайда болатын сүт
Г. емізудің аяғында пайда болатын сүт
Д. босанғаннан соң 5 күннен кейін пайда болатын сүт
2. Нәрестеге БЦЖ жасауға қарсы көрсеткіш:
А. ВИЧ-инфицирлену
Б. аспирациялық пневмония
В. құрсақішілік дамудың кідіруі
Г. шала туылу
Д. туылу кезіндегі асфиксия
3. Милиа мынаның салдарынан түзіледі:
А. май бездерінің бітелуінен
Б. тер бездерінің шығару өзектерінің бітелуінен
В. тоңудан
Г. күтім кемшіліктерінен
Д. физиологиялық эритеманың
4. Нәрестеде өмірінің 4-ші күні сарғаю пайда болды. Гемоглобин – 194 г/л; жалпы билирубин 48,4 мкмоль/л; анасының қан тобы О (I), резус-оң, балада – А (II), резус-теріс. Болжам диагноз:
А. резус-фактор бойынша нәрестенің гемолитикалық ауруы
Б. аутоиммундық гемолитикалық анемия
В. нәрестенің физиологиялық сарғаюы
Г. АВ0-жүйе бойынша нәрестенің гемолитикалық ауруы
Д. туа біткен гепатит
5. Нәрестелердегі жылу жоғалтудың алдын алу жолдары, МЫНАДАН БАСҚА:
сүрту
орау
терімен теріге жанасу
кеудемен тамақтандыру
дененің салқындаған бөлігіне компресс қою
6. Бала 3 жүктіліктен (2 мед.түсік), мерзіміне жетіп туылды. 2-ші тәулікте сарғаю пайда болды. Бауыры +1,5 см қабырға доғасынан шығып тұр. Гемоглобин 168 г/л, жалпы билирубин 92,8 мкмоль/л, тікелей емес – 84,6 мкмоль/л, тікелей – 8,2 мкмоль/л, тимол сынамасы – 2 бірл. Мейілінше жуық диагноз:
А. нәрестенің гемолитикалық ауруы
Б. іштен біткен токсоплазмоз
В. нәрестенің физиологиялық сарғаюы
Г. өт жолдарының атрезиясы
Д. гемолитикалық Минковский-Шоффар анемиясы
7. Дені сау нәресте анасының омырауына қашан береді:
А. туылғаннан кейін бірден
Б. туылғаннан кейін 30 минуттан соң
В. 1 сағаттан кейін
Г. 2 сағаттан кейін
Д. алғашқы тәуліктің ішінде
8. 1 жасқа дейінгі балалардың лоқсуға бейімділігі немен түсіндіріледі:
А. асқазанның кардиалды бөлімінің бұлшық ет қабатының жеткіліксіз дамуы
Б. асқазанның пилорикалық бөлімінің функционалды жетілмеуі
В. асқазанның кардиалды бөлімінің функционалды жетілмеуі
Г. өңештің кілегей және бұлшық ет қабаттарының шамадан тыс дамуы
Д. артық тамақтандыру
9. Мерзіміне жетіп туылған дені сау нәрестенің терісінің сарғаюы қан сары суындағы тікелей емес билирубиннің концентрациясы мынадай болғанда пайда болады (ммоль/л):
А. 10-30
Б. 30-50
В. 50-70
Г. 70-90
Д. 90-110
10. Қалыпты өткен І жүктіліктен және босанудан туылған нәрестенің дене салмағы 2800 г, бойы 47 см, өмірінің 4-ші күні терісі аздап сарғайды. Анасының қан тобы А (II), резус-оң, балада В (III), резус-теріс. Баланың жағдайы қалыпты, белсенді емеді, рефлекстері тежелмеген. Қан анализінде: Эр. 4,2х10¹² г/л, жалпы билирубин 98 ммоль/л, тікелей емес 78 ммоль/л. Сіздің диагноз:
А. пренаталді гипотрофия
Б. резус-сәйкессіздік бойынша гемолитикалық ауру
В. АВ0-сәйкессіздік бойынша гемолитикалық ауру
Г. физиологиялық сарғаю
Д. сарғаю
11. Бала I жүктіліктен, I мерзіміне жеткен туыттан. Босану патологиясыз, дене салмағы 3600 г. 3 тәулікте балада тері жабындылары мен склерасы сарғайды. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Баланың жалпы жағдайы нашарламаған. ЖҚА: Нв 180 г/л, билирубин 60 мкмоль/л, тікелей емес – 51,9 мкмоль/л. Сіздің диагноз:
А. туа біткен гепатит
Б. физиологиялық сарғаю
В. Криглер-Найяр сарғаюы
Г. өт жолдарының атрезиясы
Д. құрсақішілік инфекция
12. Нәрестелердегі жиі кездесетін сарғаюды көрсетіңіз:
А. гемолитикалық
Б. конъюгациялық
В. холестатикалық
Г. өт жолдарының атрезиясына немесе гипоплазиясына негізделген сарғаю
Д. зат алмасудың тұқым қуалайтын аномалиясына негізделген сарғаю
13. Нәрестелердің температуралық тұрақтылығы мынаған байланысты:
А. дене салмағына
Б. бой ұзындығына
В. гестациялық жасына
Г. асфиксияның дәрежесіне
14. Ана құрсағындағы температура:
А. 37,5ос
Б. 38,0ос
В. 37,0ос
Г. 36,5ос
Д. 36,0ос
15. Бала жағынан кеудемен тамақтандыруға абсолютті қарсы көрсеткіш:
А. галактоземия
Б. дене салмағын нашар қосуы
В. анадағы гипогалактия
Г. нәрестелердің коньюгациялық сарғаюы
Д. анасындағы қант диабеті
16. Нәрестенің барынша тоңуы қашан болады:
А. туылғаннан кейін алғашқы минуттарда
Б. туылғаннан соң 6 сағаттан кейін
В. тамақтандыру мүмкін болмағанда
Г. гематокриттің жоғары көрсеткіштерінде
Д. гипогликемияда
17. Босану залындағы жылуды ұстап тұру мақсатындағы оптималді жағдайлар:
А. баланы бірден сүрту
Б. анасына беру
В. жылы одеяламен жабу
Г. босану залындағы ауа температурасы 25-28 оС
Д. босану залындағы ауа температурасы 20-25 оС
18. Нәрестенің бірінші тыныс алуы мынаның нәтижесінде жүзеге асады:
қанда көмір қышқыл газының концентрациясының жоғарылауы
қанда оттегі концентрациясының төмендеуі
тыныс орталығының қандағы СО2 жоғары концентрациясымен тітіркенуі
шунттардың жабылуы
көкеттің спонтанды жиырылуы
19. Нәрестенің антропометриясы ұғымына кірмейді:
А. баланың бойын өлшеу
Б. бас шеңберін өлшеу
В. дене салмағын өлшеу
Г. кеуде шеңберін өлшеу
Д. баланың дене қызуын өлшеу
20. Нәрестенің ішегінің микробиоценозының қалыптасуы үшін маңызды жағдай болып табылады:
А. өмірінің бірінші сағатынан кеудемен тамақтандыру
Б. өмірінің бірінші тәулігінен кеудемен тамақтандыру
В. ана омырауына кеш беру
Г. жасанды тамақтандыру
Д. аралас тамақтандыру
21.Нәрестелердегі тербөртпенің (потница) пайда болуының себебі:
А. күтім жеткіліксіздігі
Б. шала туылу
В. нәрестенің тоңуы
Г. нәрестені артық тамақтандыру
Д. ОНЖ-ң туылу жарақаттары
22. 4 күндік нәрестеде нәжісі сары-жасыл түсті, тәулігіне 3-4 рет, жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы қалыпты. Копрограммада – лейкоциттер көру аймағында 30-ға дейін, шырыш бар. Осы копрограмма қандай жағдайға тән:
А. өтпелі нәжіс
Б. меконий
В. мелена
Г. ішектің жүрмеуі
Д. ішек инфекциясы
23. Дені сау нәрестенің көру анализаторына тән:
А. Қылилық
Б. Жыпылықтау рефлексінің болмауы
В. Түсті жақсы ажыратуы
Г. Жас ағу
Д. Алыстан жақсы көруі
24. Нәрестенің ішімен жатқызғанда ол басын бір жағына бұрады, бұл қандай рефлекс?
А. Перес рефлескі
Б. Іздеу рефлексі
В. Қорғаныс рефлексі
Г. Робинсон рефлексі
Д. Галант рефлексі
25. Нәресте бүйрегінің қызметі:
А. шумақтық фильтрация төмен
Б. зәрді концентрациялау мүмкіншілігі жоғары
В. Н секрециясы төмен
Г. Қалыпты (ересектердегідей)
Д. Эритропоэтин секрециясы жоғары
Нәрестенің қалыпты жағдайдағы тромбоциттер деңгейі:
А. 50х10/л-ден аз
Б. 50-100 х10/л
В. 100-150х10/л
Г. 200-400х10/л
Д. 400-600х10/л
Дені сау жетіліп туылған бала салмағын екі еселейді:
А. 2-2,5 айда
Б. 2,5-3 айда
В. 3-4 айда
Г. 5-6 айда
Д. 7-8 айда
Дені сау жетіліп туылған бала салмағын үш еселейді:
А. 3 айда
Б. 5 айда
В. 7 айда
Г. 12 айда
Д. 1,5 жаста
Нәрестенің алақанын тенорға жақын жерден бас бармақпен басқанда ол аузын ашып, басын иеді, бұл қандай рефлекс:
А. қорғаныс рефлексі
Б. қармау рефлексі
В. Бабкин рефлексі
Г. Перес рефлексі
Д. Галант рефлексі
30. Мерзіміне жетіліп туылған нәрестенің белокқа қажеттілігі:
1,5-2 г/кг/тәу
2,5-3,5 г/кг/тәу
3,5-4,5 г/кг/тәу
4,5-5,5 г/кг/тәу
6 г/кг/тәу
31. Мына көрсетілген симптомдардың қайсысы мерзімінен асып туған балаға тән емес?
Терісінің, тырнақтарының сарғыш-жасыл түске боялуы
Алақан терісінің десквамациясы
Терісі құрғақ, түлеген
Тырнақтары әлсіз дамыған
Терісі сыр тәрізді жағындының жоқ болуы
32. Нәрестенің қатты дыбыс шыққанда қолдарын екі жаққа жайып, саусақтарын жазып, артынан қолдарын бастапқы қалпына келтіруі қандай рефлекс:
А. қорғаныс рефлексі
Б. Галант рефлексі
В. іздеу рефлексі
Г. Моро рефлексі
Д. Перес рефлексі
33. Нәрестенің көру мүшесіне қандай симптом тән емес?
А. нистагм
Б. қылилық
В жас ағу
Г. жарықтан қорқу
Д. көру өткірлігінің төмен болуы
34. Мына белгілердің қайсысы дені сау нәрестенің көру мүшесіне тән емес?
А. фотофобия
Б. жас ағу
В. қылилық
Г. жыпылықтау рефлексі дамыған
Д. жақыннан жақсы көру
35. Нәрестенің пульс жиілігі (1 мин.):
А. 180
Б. 140
В. 120
Г. 100
Д. 80
36. Мерзіміне жетіп туылған нәрестенің көмірсуға қажеттілігі:
3-4 г/кг/тәу
5-10 г/кг/тәу
11-16 г/кг/тәу
18-20 г/кг/тәу
21-25 г/кг/тәу
37. Мерзіміне жетіп туылған нәрестенің майға қажеттілігі:
4-6 г/кг/тәу
7-10 г/кг/тәу
11-15 г/кг/тәу
16-18 г/кг/тәу
18-20 г/кг/тәу
38. Емізетін әйелдегі емшек сүтінің 25% тапшылығы гипогалактияның қай дәрежесіне сай келеді?
I дәреже
II дәреже
III дәреже
IV дәреже
V дәреже
39. Дені сау нәресте бастапқы салмағын қашан қалпына келтіреді:
Өмірінің 6-8-ші күні
Өмірінің 9-12-ші күні
Өмірінің 12-15-ші күні
Өмірінің 15-20-шы күндері
Өмірінің 1-ші айына қарай
Дені сау нәрестенің өмірінің 6-8 күндерінен бастап 3 айға дейін күн сайын қосып отыратын салмағы:
10 гр.
20-30 гр.
40-50 гр.
60-80 гр.
90-100 гр.
41. Анадағы лактацияның басты стимулы болып табылады:
күйзелістердің болмауы
емізетін әйелдің рационалды тамақтануы
сору стимулы
жеткілікті сұйықтық ішу
әйелдің дұрыс тамақтану және демалыс тәртібі
42. Мына белгілердің қайсысы нәрестенің орталық жүйке жүйесінің жағдайын сипаттамайды?
А. зәр шығару жиілігі
Б. туа біткен автоматизм рефлекстері
В. патологиялық рефлекстердің болуы
Г. қозғалыс белсенділігі
Д. бұлшық ет тонусы
43. Нәрестелік кезеңде физиологиялық болып табылады:
А. микрофтальм
Б. дакриоцистит
В. нистагм
Г. эпикант
Д. ретроленталді фиброплазия
44. Уыздың калоражы:
А. 0,5 ккал/мл
Б. 0,7 ккал/мл
В. 1,0 ккал/мл
Г. 1,2 ккал/мл
Д. 1,5 ккал/мл
45. 15 күндік нәрестеде қауіптену үшін негіз болады:
басын артқа шалқайтуы
атетоз тәрізді қозғалыстар
автоматтық қадам жасау рефлексі
Моро рефлексі
бүккіштерде тонус жоғарылауы
46. Мыналардың қайсысы нәрестелік кезеңде физиологиялық болып табылады:
А. жай эритема
Б. кефалогематома
В. лагофтальм
Г. синдактилия
Д. лимфангиома
47. Дені сау нәрестенің жүрек-қантамыр жүйесіне тән емес?
парасимпатикалық иннервацияның басымдығы
қанмен жақсы жабдықталуы
бұлшықет талшықтарының жетілмеуі
жүрек салмағы салыстырмалы үлкен болуы
қантамырларының перифериялық қарсылығының төмен болуы
48. Мына көрсетілген симптомдардың қайсысы мерзімінен асып туған балаға тән емес?
Алақан мен табан терісінің десквамациясы
Айқын лануго
Тері тургоры төмен
Терісі пергамент тәрізді
Тері асты май клетчаткасы әлсіз дамыған
49. Мына төменде берілгендердің қайсысы ДҰРЫС ЕМЕС?
ана сүтімен тамақтандыру нәрестенің бірінші талабы бойынша жүзеге асырылады
дені сау нәресте тамақтану арасында су ішуді талап етпейді
алғашқы емшекке салу туылғаннан кейін 30 минут ішінде
әрбір емізгеннен соң міндетті түрде сауу қажет
қосымша тамақ өмірінің 1 айынан бастап енгізіледі
50. Патронаж кезінде нәрестенің анасы туылғаннан бері байқалатын шулы тынысқа, ему және жылау кезінде шудың күшейе түсетіндігіне шағымданады. Қарау кезінде ішкі мүшелер бойынша басқа ауытқулар байқалмады. Дәрігер қандай қорытынды жасады?
көмей стенозы
бронхит
трахеит
ларингоспазм
туа біткен стридор
51. Емізетін әйелде дене температурасы 37,5ºС дейін жоғарылады, сүт безінде тығыздану пайда болды, пальпацияда ауырады, аздаған гиперемия бар. Сүтті сауғанда сүттің түсі өзгермеген, қан мен ірің жоқ. Сіздің іс-әрекетіңіз?
Кеудемен емізуге тиым салу
Сауылған пастерленген ана сүтімен тамақтандыру
Кеудемен емізуді жалғастыру, қалған сүтті міндетті түрде сауып тастап отыру
кеудемен емізуді жалғастыру, бірақ балаға антибиотик беру
тек сау кеудемен тамақтандыру керек
Нәрестенің үлкен еңбегінің өлшемдері:
1-1,5 см
2,5-3 см
4-5 см
0,5-1 см
6-7 см
Бақылаулық салмақ өлшеу:
А. лактация деңгейін анықтау мақсатында баланы тамақтандырудан бұрын және одан кейін өлшейді
Б. баланың физикалық дамуын бағалау үшін жүргізіледі
В. емізетін әйелдің кеуде торының айналымы өлшенеді
Г. ылғал жаялықтар өлшенеді
Д. 3 күн бойына бала емізердің алдында өлшенеді
Білімнің бастапқы деңгейін бақылауға арналған тесттер
№3 тақырып. Шала туылған балалар. Құрсақішілік дамудың кідіруі.
1. Шала туылған нәрестелерге тағам көлемін мына әдіспен есептеген жөн:
А. көлемдік әдіс
Б. калориялық әдіс
В. Зайцева формуласымен
Г. Финкельштейн формуласымен
Д. Шкарин әдісімен
2. Нәресте III жүктіліктен, жүктілік созылмалы фетоплацентарлық жеткіліксіздігімен, ІІ дәрежелі анемиямен, І триместрдегі ЖРВИ-мен өткен, ІІ туыттан 28 аптада. Ұл бала, салмағы 800 грамм. Қалың лануго, тері асты-май қабаты біркелкі жұқарған, құлақ қалқандары жұмсақ, бас тігістері мен еңбектері ашық, аталық бездері ұмаға түспеген, кіндік сақинасы төмен орналасқан. Сіздің қорытындыңыз:
А. тірі туылған өмірге қабілетсіз ұрық
Б. тірі туылған бала, ІІ дәрежелі шала туылу
В. ІІІ дәрежелі шала туылу, өмірге қабілетсіз ұрық
Г. ІV дәрежелі шала туылу, өмірге қабілетсіз ұрық
Д. тірі туылған бала, IV дәрежелі шала туылу
3. Құрсақ ішілік дамудың кідіруінің даму қаупінің факторларына жатады, МЫНАДАН БАСҚАСЫ:
А. аналық
Б. плацентарлық
В. әлеуметтік-биологиялық
Г. климаттық
Д. ұрықтық
4. Ұрықтағы құрсақ ішілік дамудың кідіруінің себебі емес:
А. I және II триместрлердегі токсикоз
Б. кәсіби зияндықтар
В. клиникалық тар жамбас
Г. зиянды әдеттер
Д. бүйректің созылмалы аурулары
5. Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы эмбриофетопатияларды шақырмайды?
А. антибиотиктер
Б. цитостатиктер
В. С витамині алдын алу дозасында
Г. гормондар
Д. транквилизаторлар
6. Қазақстанда клиникалық тәжірибеде нәрестелерге табиғи сурфактант мына түрде рұқсат етілген:
А. экзосурф-неонаталь
Б. куросурф
В. турсурф
Г. апосурф
Д. сурфаксин
7. «Шала туылған нәресте» диагнозы мынаған сүйеніп қойылады:
А. салмағына
Б. бойына
В. статусына
Г. гестациялық жасына
Д. тері жабындысының түсін бағалауға
8. Шала туылған балалар үшін инкубатор қолданудың теріс жағы:
А.баланың инфицирлену қаупі
Б. ыстықтау
В. тоңу
Г. гипоксия
9. Мына төменде көрсетілген белгілердің қайсысы терең шала туылған балаларға ТӘН ЕМЕС?
бұлшықет гипотониясы
ми тінінің айқын гидрофильділігі
жалпы тежелу
орталық реттелудің жетілмеуі
туа біткен автоматизм рефлекстерінің жақсы жетілуі
10. Мына төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы шала туылудың БЕЛГІСІ ЕМЕС?
қолдарында тырнақтарының жетілмеуі
құлақ қалқанының жұмсақ болуы
гениталийдің жетілмеуі
кіші еңбегінің жабық болуы
айқын лануго
11. Қандай симптом терең шала туылған балаға тән емес?
ішек перистальтикасы жоғары
әлсіз айқай
гипотермияға бейімділік
төмен бұлшықет тонусы
рефлекстерінің әлсіздігі және тез өшуі
Шала туылған балалар – бұлар мынадай гестация мерзімінде туылған балалар:
А. 26 аптаға дейін
Б. 28 аптаға дейін
В. 30 аптаға дейін
Г. 34 аптаға дейін
Д. 37 аптаға дейін
13. Мына симптомдардың қайсысы шала туылған бала үшін физиологиялық жағдай емес?
А. тырысулар
Б. гирсутизм
В. горизонталді нистагм
Г. қылилық
Д. бұлшық ет гипотониясы
14. Терең шала туылған балаларды күтіп-баптау кезінде кювезде қандай температура болуы керек?
А. 15°-20° С
Б. 20°-25° С
В. 25°-30° С
Г. 30°-35° С
Д. 35°-40° С
15. «Экстремалді төмен» салмақ деп туылғандағы мына салмақты айтады:
800 гр-нан төмен
1000 гр-нан төмен
1500 гр-нан төмен
2000 гр-нан төмен
2300 гр-нан төмен
Шала туылуды анықтауда мыналардың қайсысы негізгі көрсеткіш болып табылады:
гестация мерзімі
тері асты шел қабатының айқындылығы
туа біткен автоматизм рефлекстерінің болуы
Апгар бағанасы бойынша бағалау
туылған кездегі дене салмағы
Мына төменде көрсетілгендерден дені сау нәрестенің дене салмағына гестация мерзімінің сәйкестігін таңдаңыз:
дене салмағы 3800 гр. – гестация 35 апта
дене салмағы 2000 гр. – гестация 38 апта
дене салмағы 1500 гр. – гестация 38 апта
дене салмағы 2000 гр. – гестация 42 апта
дене салмағы 3000гр. – гестация 39 апта
«Жетілмеген (незрелый) нәресте» - бұл:
Шала туылған бала
Мерзімінен асып туылған бала
Туа біткен даму ақаулары бар нәресте
Жекеленген жүйелер мен мүшелердің морфологиялық және функционалдық жетілмеуі
Апгар шкаласы бойынша 8-10 балл
19. Бала жүктіліктің 37-38 аптасында 2100 г дене салмағымен туылды. Тынысы қалыпты, жүректің жиырылу жиілігі минутына 130-дан артық, тері жабындысының түсі – қызғылт, реакциялары – жақсы, бірақ нашар емеді. Баланың жағдайын қалай бағалайсыз?
Дені сау бала
Туылғандағы дене салмағы төмен бала
Туылғандағы дене салмағы төмен шала туылған бала
Шала туылған бала
Мерзімінен асып туылған бала
Мына төменде көрсетілгендердің қайсысы терең шала туылған нәрестелерге КӨРСЕТІЛМЕГЕН:
кювездегі температура 20-220 С
қосымша оттегі беру
бөтелкемен немесе зонд арқылы тамақтандыру
негізгі физиологиялық параметрлерін бақылау
дене қызуын бақылау
1 дәрежелі шала туылған дені сау нәрестелер күтімі кезінде ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ:
кіндік жарасын өңдеу
жиі тамақтандыру
анасымен жанасу (контакт)
антибиотик тағайындау
тері, көзді гигиеналық өңдеу
Шала туылған нәрестелердің ерте анемиясына тән:
А. өмірінің 5-6 айларында дамиды
Б. гемопоэздің төмендеуі
В. белок, витаминдердің тапшылығы
Г. темір қорының тапшылығы
Д. жасанды тамақтандыруға ауыстырумен байланысты
23. «Өте төмен» салмақ деп туылғандағы мына салмақты айтады:
500 гр-нан төмен
1000 гр-нан төмен
1500 гр-нан төмен
2000 гр-нан төмен
2500 гр-нан төмен
Шала туылған нәрестелердің күтімі кезінде қолданылмайды:
А. кеудемен тамақтандыру
Б. бөлме температура 250С
В. шомылдыратын судың температурасы 360С
Г. терісін 70% спиртпен өңдеу
Д. ішке 5% глюкоза ерітіндісін беру
25. Экстремалді төмен дене салмағымен туылған (1000 гр.-нан аз) баланың бір жасында салмағы неше есе артады?
А. 2-4 есе
Б. 5-7 есе
В. 8-10 есе
Г. 11-13 есе
Д. 14-16 есе
26. 2300 гр. дене салмағымен шала туылған баланың бір жасында салмағы неше есе артады?
А. 4-5 есе
Б. 6-7 есе
В. 8-9 есе
Г. 10-11 есе
Д. 12-13 есе
27. Шала туылудың кейінгі салдарына жатпайды?
А. церебралді балалар салы (ДЦП)
Б. психикалық дамудың бұзылысы
В. тырысу синдромы
Г. фенилкетонурия
Д. көру мен естудің бұзылыстары
28. Терең шала туылған бала жатқан кювездегі оттегінің концентрациясы қандай болуы керек?
А. 10%
Б. 30%
В. 50%
Г. 70%
Д. 90%
29. Мына төменде көрсетілгендердің қайсысы шала туылған балалардағы ретинопатия дамуының басты қауіп факторы болып табылады:
А. гормондық ем
Б. антибактериалдық ем
В. витаминдік ем
Г. оксигендік ем
Д. ферменттік ем
Білімнің бастапқы деңгейін бақылауға арналған тесттер
№4 тақырып. Нәрестелік кезеңнің іріңді-септикалық аурулары.
Құрсақ ішілік инфекциялар
1. Нәрестелер флегмонасының клиникалық көріністеріне жатады, МЫНАДАН БАСҚАСЫ:
А.алақан мен табан терісінің қызаруы, ісінуі
Б. қызба
В. аурудың өмірінің 2-3 аптасында пайда болуы
Г. жедел басталуы
Д. арқасының қызаруы және ісінуі
2. Нәрестелердің терісінің жүре пайда болған жұқпалы емес ауруына жатады:
А. везикулопустулез
Б. склерема
В. эксфолиативті дерматит
Г. стрептодермия
Д. пемфигус
3. Нәрестеде өмірінің 12 күнінде сан, жамбас терісінде диаметрі 1-3 мм болатын іші лайлы сұйықтықпен толған ұсақ көпіршіктер пайда болды. Жағдайы нашарламаған. Сіздің диагноз:
А. пемфигус
Б. стрептодермия
В. Риттердің эксфолиативті дерматиті
Г. Фигнердің псевдофурункулезі
Д. тілме (рожа)
4. Нәрестеде өмірінің 12 күнінде сан, жамбас терісінде диаметрі 1-3 мм болатын іші лайлы сұйықтықпен толған ұсақ көпіршіктер пайда болды. Жағдайы нашарламаған. Емінде қолданылады, МЫНАДАН БАСҚАСЫ:
А. дезинфицирлеуші заттарды қолданумен гигиеналық ванналар
Б. көпіршіктерді 70% спиртпен өңдеу
В. жергілікті анилин бояуларын қолдану
Г. УКС
Д. ровамицин
5. Нәрестеде өмірінің 8-ші күні кіндік, шап қатпарлары аймағында қызару, сулану, сызаттану түрінде эритемалар пайда болып, ол ары қарай іш, кеуде терісіне таралды. Солғын көпіршіктер пайда болды, Никольский симптомы оң, аумақты эрозиялар бар. Қайнаған суға күйгендей. Сіздің диагноз:
А. везикулопустулез
Б. пемфигус
В. Риттердің эксфолиативті дерматиті
Г. тілме (рожа)
Д. ихтиоз
6. Риттердің эксфолиативті дерматитінің еміне кірмейді:
А. ашық жөргектеу, 0,5% калий перманганатының ерітіндісімен примочкалар
Б. иммунотерапия
В. антибиотиктер
Г. дезинтоксикациялық ем
Д. иммунодепрессанттар
7. Нәрестелерде сепсис кезінде кіру қақпасы болып табылмайды:
А. кіндік жарасы
Б. жарақаттанған тері жабындылары мен кілегей қабықтары
В. ішек
Г. өкпе
Д. жүрек
8. Нәрестелердің ЦМВИ-на тән емес симптомдар:
А. терідегі түйінді бөртпе
Б. сарғаю
В. тромбоцитопениялық пурпура
Г. гепатоспленомегалия
Д. микроцефалия
9. Нәрестелер сепсисінің патогенезінде төменде көрсетілгендердің маңызы бар, МЫНАДАН БАСҚАСЫНЫҢ:
А. бактериалды диссеминация
Б. бала организміне токсиндерінің әсері
В. иммунтапшылық
Г. бала организміне өзгерген тіндердің ыдыраған өнімдерінің әсері
Д. аллергия
10. Нәресте бала салғырт, емшектен бас тартады, лоқсиды. Өмірінің 5-ші күніне қарай дене салмағының 18% жоғалтты. Терісі боз-сұр. Менингоэнцефалит белгілері. Өкпесінде сықырлаушы сырылдар. Іші кебіңкі, гепатолиеналді синдром. Кіндік жарасы қабыршақтанып тұр, іріңдеген. Қанда – лейкоцитоз, солға жылжыған нейтрофилез. Сіздің диагноз:
А. пневмония
Б. құрсақ ішілік сепсис
В. перинаталды энцефалопатия
Г. туа біткен мерез
Д. флегмонозды омфалит
11. Нәрестелер сепсисі кезіндегі токсикозбен күрес әдістеріне жатады, МЫНАДАН БАСҚАСЫ:
А. инфузиялық ем
Б. плазмаферез
В. гемосорбция
Г. фототерапия
Д. мол сұйықтық
12. Сепсисті емдеу бағытталған, МЫНАЛАРДАН БАСҚАСЫНА:
А. инфекциялық факторға
Б. алмасу үрдістерін жақсартуға
В. дезинтоксикацияға
Г. иммундық жүйені коррекциялауға
Д. гормондық орын басу (тироксин)
13. Нәрестеде туылғаннан кейін 3-ші тәулікте везикулопустулез анықталды. Балаға не тағайындаған жөн?
А. элементтерді фурациллин ерітіндісімен өңдеу
Б. элементтерді бриллиант көгінің 1-2% спиртті ерітіндісімен өңдеу
В. элементтерді гормоналды майлармен өңдеу
Г. антибиотиктер тағайындау
Д. емді қажет етпейді
14. Құрсақ ішілік герпестік инфекцияға мына төменде көрсетілген клиникалық формалардың қайсысы тән емес?
А. шырыштық
Б. терілік
В. менингоэнцефалиттік
Г жайылған
Д. ішектік
15. Нәрестедегі туа біткен мерезді емдеу кезіндегі пенициллиннің мөлшері:
А. 100 мг/кг/тәу.
Б. 150 мг/кг/тәу.
В. 200 мг/кг/тәу.
Г. 250 мг/кг/тәу.
Д. 500 мг/кг/тәу.
16. Нәрестедегі туа біткен мерездің арнайы емінің курсы құрайды:
А. 7 күн
Б. 14 күн
В. 28 күн
Г. 35 күн
Д. 40 күн
Төменде көрсетілген факторлардың қайсысы неонаталді сепсис дамуына ӘКЕЛМЕЙДІ:
өкпе ісінуі
өмірінің алғашқы аптасында жергілікті іріңді инфекция болуы
туылған кездегі дене салмағының төмен болуы
анасында инфекцияның созылмалы ошақтарының болуы
нәрестеде фенилкетонурия болуы
Құрсақ ішілік сепсис кезінде жұқтырудың төмендеуші жолы деп саналады, егер де инфекция ұрыққа мына жолмен түссе:
А. қан ағысымен
Б. жатыр мойнынан
В. құрсақ қабырғасынан және жатыр түтіктерінен
Г. лимфа жолдарымен
Д. туыт жолдарынан өткенде
19. Криптогенді сепсисте инфекцияның кіру қақпасы болып табылады:
А. тері
Б. өкпе
В. ішек
Г. кіру қақпасы анықталмаған
Д. кіндік жарасы
20. Нәрестелік кезеңде мына жағдайлардың қайсысы патологиялық болып бағаланады?
А. нәрестелердің физиологиялық сарғаюы
Б. транзиторлық ацидоз
В. зәр қышқылды инфаркт
Г. жыныстық криз
Д. нәрестелер пемфигусы
21. Іштен біткен токсоплазмозға қандай симптом тән емес?
А. сарғаю
Б. тырысулар
В. микрофтальм
Г. кереңдік
Д. тимомегалия
22. Іштен біткен цитомегаловирусты инфекцияға қандай симптом тән емес?
А. ЦМВ-ны ана сүті арқылы жұқтыру мүмкін емес
Б. вирус зәрмен, нәжіспен бөлінуі мүмкін
В. вирус сілекеймен бөлінуі мүмкін
Г. вирус лейкоциттерде репликацияланады
Д. ЦМВИ плазма құйғанда жұғуы мүмкін
23. Іштен біткен цитомегаловирусты инфекцияға қандай клиникалық көрініс тән емес?
А. гепатит
Б. везикулез
В. менингоэнцефалит
Г. пневмония
Д. кардит
24. Мына патологиялық жағдайлардың қайсысы нәрестені құрсақішілік инфекцияларға тексеру үшін көрсеткіш болып саналмайды?
тырысулар
сарғаю, гепатоспленомегалия
геморрагиялық синдром
ұйқы безінің кистофиброзы
ретикулоцитозды анемия
25. Гемограммадағы қандай көрсеткіш нәрестелердің сепсисіне тән емес?
лейкоцитоз
нейтрофилез
анемия
нейтрофилдердің токсикалық түйіршіктілігі (зернистость)
Д. эозинофилия
26. Токсоплазмозды жұқтыру мына жағдайда мүмкін емес:
А. жеткіліксіз өңделген етті қолданғанда
Б. топырақпен ластанған көкөністер мен жемістерді қолданғанда
В. қан құйғанда және ағза алмастырғанда
Г. трансплацентарлы
Д. ана сүті арқылы
27. Іштен біткен герпестік инфекцияның арнайы емін жүргізгенде тағайындайды:
А. ацикловир
Б. видабирин
В. цитотект
Г. реоферон
Д. ганцикловир
28. Іштен біткен цитомегаловирусты инфекцияның арнайы емін жүргізгенде тағайындайды:
А. ацикловир
Б. видабирин
В. цитотект
Г. реаферон
Д. ганцикловир
29. Туа біткен мерезге қандай симптом тән емес?
А. отит
Б. розеолезды және папулезді бөртпе
В. остеопороз, остеохондрит
Г. ринит
Д. бауыр ұлғаюы, сарғаю
Мына вирустардың қайсысы іштен біткен инфекцияны шақырмайды?
А. гепатит вирусы
Б. ротавирус
В. қызамық вирусы
Г. жай герпес вирусы
Д. цитомегаловирус
31. Типті ядроішілік құрылымдары бар гигант клеткаларының түзілуі («үкінің көзі») мына құрсақ ішілік инфекцияға тән:
хламидиоз
ЦМВ-инфекция
микоплазмалық инфекция
токсоплазмоз
қызамық
32. Туа пайда болған токсоплазмоздың қай формасы арнайы емді қажет етпейді?
жедел жайылған түрі
жедел жергілікті түрі
токсоплазмозды хориоретиниттің қалдық көріністері
жедел субклиникалық түрі
жеделдеу ағымы
33. Туа пайда болған токсоплазмоз диагнозын қоюда мына көрсетілген әдістердің қайсысы қолданылмайды?
Плацентаны гистологиялық зерттеу
Токсоплазминмен теріішілік сынама
Терлік сынама жүргізу
ИФА әдісімен қанды арнайы антиденелерге тексеру
бас миын ультрадыбыстық зерттеу
34. «Қызамықтың феталді синдромына» қандай симптом кірмейді?
Ретинопатия
Ашық артериалдық өзек
Өкпе артериясының стенозы
Кереңдік
Бүйректің толық екеуленуі
35. Нәрестелер сепсисі емінде қандай препараттар қолданылмайды?
антибактериалды препараттар
арнайы иммуноглобулиндер
арнайы анатоксиндер
цитостатиктер
саңырауқұлаққа қарсы препараттар
36. Токсоплазмозбен ауыратын әйел қай жағдайда ұрыққа жұқтырмайды?
Егер 1 триместрде жұқтырса
Егер 2 триместрде жұқтырса
Егер 3 триместрде жұқтырса
Жүктілікке дейін 1-3 ай бұрын жұқтырса
Жүктілікке дейін 6 ай және одан көп уақыт бұрын жұқтырса
37. Іштен біткен токсоплазмоздың емінде қандай препарат қолданылмайды:
А. пириметанин препараттары
Б. сульфаниламидтер
В. ацикловир
Г. ко-тримаксозол
Д. метронидазол
38. 15 күндік бала, салмақ жоғалтып жатыр, нашар емеді, кіндігі суланып тұр. Кеше дене қызуы 38ºС, гиперестезия, терісі сарғайған, өкпесінде перкуторлық дыбыс қысқарған, ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар, екі рет тоникалық тырысулар болды. Мүмкін диагноз:
А. өт жолдарының атрезиясы
Б. омфалит
В. пневмония
Г. сепсис
Д. менингит
39. Учаскелік педиатр нәрестені қарап тексеру кезінде флегмона диагнозын қойды. Дәрігердің іс-әрекеті қандай болуы керек?
зақымданған жерді 3% бриллиант көгімен өңдеу және үйіне жіберу
баланы тез арада нәрестелерге арналған хирургиялық бөлімшеге жіберу
баланы күндізгі стационардың бақылауына қалдыру
дерматологқа кеңеске жолдау
аллергологқа кеңеске жолдау
40. Гестацияның қай мерзімінде қолайсыз факторлардың әсері туа біткен даму ақауларының, дизэмбриогенез стигмаларының дамуына алып келеді:
гестацияның 4 аптасына дейін
гестацияның 12 аптасына дейін
гестацияның 16 аптасына дейін
гестацияның 28 аптасына дейін
гестацияның 38-40 аптасына дейін
41. Мына төменде көрсетілгендердің қайсысы нәрестелер көпіршігіне тән емес:
А. бөртпелердің саны бірнешеуден оншақтыға дейін болады
Б. көпіршіктер жарылғаннан кейін эрозиялар түзіледі
В. жалпы жағдайы нашарлайды
Г. жоғары контагиоздық
Д. стрептококк шақырады
42. Сепсис дамуында мыналардың қайсысының маңыздылығы жоқ:
А. анасының қызбамен өтетін аурулары
Б. егіз баланың біреуі
В. судың ерте кетуі
Г. аспаптық араласулар
Д. кіндік жарасының іріңді қабынуы
43. Нәрестеде сегізкөз-жамбас аймағында түсі қызыл, тығыз, ауыратын дақ пайда болды. 36 сағаттан кейін инфильтрат қою-көк түсті болды, ортасы – жұмсақ. Сіздің болжам диагнозыңыз?
А. везикулопустулез
Б. нәрестелер көпіршігі
В. терінің тілмелік қабынуы (рожА.
Г. Риттердің эксфолиативті дерматиті
Д. нәрестелер флегмонасы
Білімнің бастапқы деңгейін бақылауға арналған тесттер
№5 тақырып. Рахит.
1. Мына төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы рахитке ТӘН ЕМЕС?
А. тершеңдік
Б. бұлшықет гипотониясы
В. жоғарылаған бұлшық ет қозғыштығы
Г. төмендеген бұлшық ет қозғыштығы
Д. сүйек деформациясы
2. Балалардағы жоғарылаған бұлшық ет қозғыштығы мына кезде байқалады:
А. рахитте
Б. белок-энергетикалық жеткіліксіздікте
В. пневмонияда
Г. анемияда
Д. экссудативті-катаральді диатезде
Рахит мына жасқа дейін анықталатын ауру:
1 айға дейін
6 айға дейін
12 айға дейін
2-3 жасқа дейін
5 жасқа дейін
4. Рахиттің дамуына мына жағдайлар алып келеді, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
ерте аралас тамақтандыру
ерте жасанды тамақтандыру
қосымша тамақты кеш енгізу
6 айға дейін баланы көшеге шығармау
перинаталды энцефалопатиясының болуы
5. Д витаминіне тәуліктік физиологиялық қажеттілік:
100 ХБ
100-300 ХБ
400-600 ХБ
600-800 ХБ
800-900 ХБ
6. Д витаминінің белсенді түрі қай мүшеде түзіледі:
теріде
ішекте
көкбауырда
бауырда
бүйректе
7. Рахиттің арнайы емес алдын алуына жатады, МЫНАДАН БАСҚАСЫ:
рационалды тамақтандыру
режим мен күтімді дұрыс ұйымдастыру
су процедуралары мен ауа ванналары
жүйелі түрде таза ауада серуендеу
кесте бойынша УКС
8. Д витаминінің алдын алу дозасын көрсетіңіз:
100 ХБ
500 ХБ
1000 ХБ
1500 ХБ
50 ХБ
Мерзіміне жетіп туылған балаға рахиттің постнаталды арнайы алдын алу принциптеріне жатады, МЫНАДАН БАСҚАСЫ:
А. Д витаминінің дозасы тәулігіне 400-500 ХБ
Б. Д витаминін өмірінің 3-4 аптасынан тағайындау
В. жаз айларында Д витаминін беруді тоқтату
Г. Д витаминін УКС-мен біріктіріп тағайындау
Д. 1,5 жасқа дейін жүргізіледі
10. Рахиттің еміне кіреді, МЫНАДАН БАСҚА:
А. рационалді тамақтандыру
Б. күн тәртібі, серуендеу
В. массаж, емдік дене шынықтыру
Г. Д витаминін қабылдау
Д. антибактериалды ем
11. Рахиттің арнайы алдын алуын жүргізуге қарсы көрсеткіштер:
А. ОНЖ-ң органикалық зақымданулары
Б. лимфатикалық-гипопластикалық диатез
В. 1 дәрежелі анемия
Г. 1 дәрежелі белок-энергетикалық жеткіліксіздік
Д. экссудативті-катаралді диатез
12. Д витаминінің тапшылығы шақырады:
А. ішектерде кальцийдің сіңірілуін төмендетеді
Б. ішектерде кальцийдің сіңірілуін жоғарылатады
В. сілтілі фосфатазаның деңгейін төмендетеді
Г. бүйректерде кальцийдің кері сіңірілуін төмендетеді
Д. бүйректерде фосфордың кері сіңірілуін төмендетеді
Рахит мынамен байланысты:
А. Д витаминінің тапшылығына
Б. А витаминінің тапшылығына
В. темір тапшылығына
Г. магний тапшылығына
Д. В тобының витаминдерінің тапшылығына
Баланың аяқтарының қисаюы мынамен байланысты:
А. тығыз жөргектеу болмағандықтан
Б. гипостатурамен
В. церебралді балалар салымен
Г. бұлшық ет гипотониясымен
Д. рахитпен
Қандай ауру жалпақ жамбастың дамуына әкеледі:
А. микроцефалия
Б. рахит
В. белок-энергетикалық жеткіліксіздік
Г. анемия
Д. лейкоз
16. Мына көрсетілген симптомдардың қайсысы рахитке ТӘН ЕМЕС:
терінің құрғақтығы
аяқ-қолдардың деформациясы
шошыну
бұлшықет гипотониясы
краниотабес
17. Рахит – мынамен байланысты ауру:
А. вирусты инфекциямен
Б. бактериалды инфекциямен
В. белок алмасуының бұзылысымен
Г. Р-Са алмасуының бұзылысымен
Д. темір алмасуының бұзылысымен
18. Рахиттің дамуына мына жағдайлар алып келеді, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
ерте аралас тамақтандыру
ерте жасанды тамақтандыру
қосымша тамақты кеш енгізу
6 айға дейін баланы көшеге шығармау
Д. бала табиғи тамақтандырылуда
Мына көрсетілген симптомдардың қайсысы I дәрежелі рахитке ТӘН ЕМЕС:
А. қызыл дермографизм
Б. қозғыштық
В. үлкен еңбектің қырларының жұмсаруы
Г. кеуде торының деформациясы
Д. тершеңдік
Мына көрсетілген симптомдардың қайсысы ІI дәрежелі рахитке ТӘН ЕМЕС:
А. бұлшықет гипотониясы
Б. ентігу
В. бас сүйектің деформациясы
Г. ОНЖ-ң тежелуі
Д. тершеңдік
Білімнің бастапқы деңгейін бақылауға арналған тесттердің жауабы
№1 сабақ
1
|
В
|
11
|
А
|
21
|
А
|
31
|
Б
|
2
|
Д
|
12
|
А
|
22
|
А
|
32
|
Г
|
3
|
Г
|
13
|
Г
|
23
|
Г
|
33
|
Д
|
4
|
Б
|
14
|
Г
|
24
|
Б
|
34
|
В
|
5
|
Б
|
15
|
Б
|
25
|
В
|
35
|
Г
|
6
|
А
|
16
|
Г
|
26
|
Б
|
36
|
В
|
7
|
Б
|
17
|
Д
|
27
|
Г
|
37
|
Г
|
8
|
Д
|
18
|
Г
|
28
|
А
|
38
|
Д
|
9
|
В
|
19
|
А
|
29
|
Б
|
|
|
10
|
А
|
20
|
Г
|
30
|
Б
|
|
|
№2 сабақ
1
|
А
|
12
|
Б
|
23
|
А
|
34
|
Б
|
45
|
А
|
2
|
А
|
13
|
В
|
24
|
В
|
35
|
Б
|
46
|
А
|
3
|
А
|
14
|
Б
|
25
|
А
|
36
|
В
|
47
|
А
|
4
|
В
|
15
|
А
|
26
|
Г
|
37
|
А
|
48
|
Б
|
5
|
Д
|
16
|
А
|
27
|
Г
|
38
|
А
|
49
|
Д
|
6
|
В
|
17
|
Г
|
28
|
Г
|
39
|
А
|
50
|
Д
|
7
|
А
|
18
|
А
|
29
|
В
|
40
|
В
|
51
|
В
|
8
|
А
|
19
|
Д
|
30
|
Б
|
41
|
В
|
52
|
Б
|
9
|
В
|
20
|
А
|
31
|
Г
|
42
|
А
|
53
|
А
|
10
|
Г
|
21
|
А
|
32
|
Г
|
43
|
В
|
|
|
11
|
Б
|
22
|
А
|
33
|
В
|
44
|
Д
|
|
|
№3 сабақ
1
|
Б
|
9
|
Д
|
17
|
Д
|
25
|
В
|
2
|
Д
|
10
|
Г
|
18
|
Г
|
26
|
А
|
3
|
Г
|
11
|
А
|
19
|
Б
|
27
|
Г
|
4
|
В
|
12
|
Д
|
20
|
А
|
28
|
Б
|
5
|
В
|
13
|
А
|
21
|
Г
|
29
|
Г
|
6
|
Б
|
14
|
Г
|
22
|
Г
|
30
|
|
7
|
Г
|
15
|
Б
|
23
|
В
|
|
|
8
|
А
|
16
|
А
|
24
|
Г
|
|
|
№4 сабақ
1
|
А
|
12
|
Д
|
23
|
Б
|
34
|
Д
|
2
|
Б
|
13
|
Б
|
24
|
Г
|
35
|
Г
|
3
|
Б
|
14
|
Д
|
25
|
Д
|
36
|
Д
|
4
|
Д
|
15
|
А
|
26
|
Д
|
37
|
В
|
5
|
В
|
16
|
В
|
27
|
А
|
38
|
Г
|
6
|
Д
|
17
|
Д
|
28
|
В
|
39
|
Б
|
7
|
Д
|
18
|
В
|
29
|
А
|
40
|
Б
|
8
|
А
|
19
|
Г
|
30
|
Б
|
41
|
Д
|
9
|
Д
|
20
|
Д
|
31
|
Б
|
42
|
Б
|
10
|
Б
|
21
|
Д
|
32
|
В
|
43
|
Д
|
11
|
Г
|
22
|
А
|
33
|
В
|
|
|
№5 сабақ
1
|
Г
|
5
|
В
|
9
|
Г
|
13
|
А
|
17
|
Г
|
2
|
А
|
6
|
Д
|
10
|
Д
|
14
|
Д
|
18
|
Д
|
3
|
Г
|
7
|
Д
|
11
|
А
|
15
|
Б
|
19
|
Г
|
4
|
Д
|
8
|
Б
|
12
|
А
|
16
|
А
|
20
|
Б
|
№2 блок бойынша тәжірибелік сабақтарған арналған жағдайлық есептер
(қорытынды бақылау)
№1 тақырып. Құрсақішілік даму кезеңдері, шекаралық жағдайлар
№1 есеп
Бала қалыпты өткен 2-ші жүктіліктен, 2 туыттан. Туылғандағы дене салмағы 3000 гр., бойы 50 см. Апгар шкаласы бойынша бағалау 8 балл. 3-ші тәулікте баланың терісі мен склерасы сарғыш түске боялды, баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық.
Сұрақтар:
Қандай диагноз туралы ойлауға болады?
Осы жағдайдың патогенезі қандай?
Осы жағдайды қандай аурулардан ажырату керек?
Диагнозды тұжырымдау үшін қандай зерттеулер жүргізу керек?
Балаға қандай шаралар жүргізген жөн?
№2 есеп
10 күндік қыз бала. Анасы учаскелік дәрігерге нәрестенің сүт безінің қатаюына, жыныс мүшелерінен қанды бөліністердің бөлінуіне шағымданды. Бала ана омырауын белсенді емеді, салмағын қосып жатыр, дене қызуы қалыпты.
Сұрақтар:
Қандай диагноз туралы ойлауға болады?
Осы жағдайдың патогенезі қандай?
Осы жағдайды қандай аурулардан ажырату керек?
Диагнозды тұжырымдау үшін қандай зерттеулер жүргізу керек?
Балаға қандай шаралар жүргізген жөн?
№3 есеп
Нәрестеде жүрек соғысы минутына 100-ден аз, брадипноэ, тері жабындылары қызғылт, бірақ акроцианоз байқалады. Қимыл-қозғалыстары белсенді, түшкіреді, жөтеледі.
Сұрақтар:
Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз
Осы жағдайдың мүмкін себептері?
Нәрестені анасының омырауына бірден беруге бола ма?
№4 есеп
3 күндік нәресте. Туылған кездегі салмағы 3100 гр., қазіргі кезде – 3000 гр. Терісі мен склерасының сарғаюы байқалады, зәрді аз бөледі, жаялықта коңыр-қызыл дақтар бар. Баланың жағдайы қалыпты, емуі белсенді.
Сұрақтар:
Балада қандай шекаралық жағдайлар байқалады?
Осы шекаралық жағдайлардың патогенезі қандай?
Бұл балаға қосымша тағайындаулар қажет пе?
№5 есеп
Нәрестеде тері жабындылары қызғылт, акроцианоз. Жүрек соғысы минутына 160 рет, тынысы 60 рет. Аяқ-қолдары бүгулі, денесіне әкелінген, «айқасқан», аяқ-қолдарын жазуға әрекеттенгенде – айтарлықтай қарсылық, айқайы монотонды, қатты, рефлекстері тежелген.
Сұрақтар:
Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз.
Осы жағдайдың мүмкін себептері?
Нәрестені анасының кеудесіне бірден беруге бола ма?
№2 тақырып. Нәрестелер. Мүшелер мен жүйелердің АФЕ
№1 есеп
Балаға 1 ай, туылғандағы салмағы 3100 гр., қазір – 3900 гр. Табиғи тамақтандырылуда. Анасының шағымы: балада үлкен дәреті екі күнде 1 рет, қиыншылықпен бөлінеді, «қойдың құмалағындай».
Сұрақтар:
Баланың физикалық дамуын (тамақтануын) бағалаңыз
Іш қатудың себебін түсіндіріңіз.
Анасына қандай кеңестер беруге болады?
№2 есеп
Балаға 1 ай, туылғандағы салмағы 3500 гр., қазір – 3750 гр. Жасанды тамақтандырылады – сиыр сүті 50 мл-ден әрбір 3 сағат сайын. Қарағанда бала мазасыз, басының шашты бөлігінде – гнейс, бетінің терісі ісіңкі, гиперемирленген, ұсақ-қабыршақты түлеу («сүтті қабыршақ»).
Сұрақтар:
Баланың физикалық дамуын (тамақтануын) бағалаңыз
Терінің жағдайын және оның өзгерістерінің мүмкін себептерін бағалаңыз
Баланы тамақтануы дұрыс па?
Дұрыс тамақтандыру мен терінің күтімі бойынша кеңес беріңіз.
№3 есеп
Учаскелік дәрігердің қабылдауында 24 күндік баламен анасы келді. Гипогалактияға шағымданады. Туылғандағы салмағы 3100 гр. Қазіргі салмағы 3300 гр. Бақылаулық салмақ өлшеу кезінде баланың 30.0 мл ана сүтін сорғаны анықталды.
Сұрақтар:
Баланың физикалық дамуын (тамақтануын) бағалаңыз
Баланың тамақтануы бойынша кеңес беріңіз.
№4 есеп
Мерзіміне жетіп туылған нәресте, туылғандағы дене салмағы 3200 гр., бойы 51 см., Апгар бойынша 10 баллмен бағаланған, өмірінің 4-ші күні үйіне шығарылған. Анасына кеңес беріңіз:
Баланы қалай тамақтандырған жөн?
Баланың күнделікті туалетін қалай жүргізу керек (терісі, кілегей қабықтары, кіндігі және т.б.)
Баланы қашан және қалай шомылдыру керек?
Баланы көшеге серуендетуге қашан шығару керек.
№5 есеп
15 күндік нәресте. Туылғандағы дене салмағы 3000 гр., бойы 50 см., Апгар бойынша 8 баллмен бағаланған, өмірінің 4-ші күні үйіне шығарылған. Қазіргі кезде салмағы 2900 гр. Терісі қызғылт, тіндердің серпімділігі мен тургоры аздап төмендеген. Мұрын терісінде – милиа, шап терісі мацерацияланған, ісіңкі. Бала мазасыз. Мүшелер бойынша – өзгерістер жоқ. Әрбір 1-1,5 сағат сайын ана омырауын алады, содан кейін біраз уақытқа дейін тынышталады.
Сұрақтар:
Баланың физикалық дамуын (тамақтануын) бағалаңыз
Балада қандай патологиялық жағдай байқалады және оның мүмкін себептері?
Баланың күтімі мен тамақтандырылуы бойынша кеңес беріңіз.
№3 тақырып. Шала туылған балалар. Құрсақішілік дамудың кідіруі.
№1 есеп
Бала қалыпты өткен 1 жүктіліктен. Жүктіліктің 36 аптасында анасы ЖРВИ-мен ауырып, сол аурудың фонында босану болды. Бала (қыз бала) дене салмағы 2200 гр., бойы 46 см., бірден айқайлады. Алғашқы қарау кезінде терісі қызғылт, жұқа, денесінде сирек үлпілдек шаштар бар, емізік айналасы мен емізіктері айқын көрінеді, жыныс саңылауы жабық. Айқайы біршама қатты, бірақ бұлшық ет тонусы мен белсенді қимылдары аздап төмендеген. Туа біткен автоматизм рефлекстері шақырылады. ЖЖЖ – минутына 180 рет, ТЖ – 30-70, ырғақсыз. Кіші еңбегі ашық.
Сұрақтар:
Диагноз қойыңыз.
Осы патологияның мүмкін себептері.
Баланы тексеру қажет пе?
Нәрестені ары қарай жүргізу тактикасы (тамақтандыру, күтім, ем).
№2 есеп
Бала 3 жүктіліктен (2 түсік). Жүктілік жүктіліктің бірінші жартысында токсикозбен, 1 және 3 триместрде жүктіліктің үзілу қаупімен, ЖРВИ-мен өткен. Туыт жүктіліктің 32 аптасында. Туылғандағы салмағы 1600 гр, бойы 42 см, мұрын-жұтқыншағынан шырышты сорғаннан кейін бірден айқайлады. Алғашқы қарау кезінде терісі жұқа, қызыл, ауыз-мұрын үш бұрышының цианозы, денесі мен аяқ- қолдарында – қалың лануго, тері асты май қабаты айқын емес, емізіктері мен емізік айналасы әрең көрінеді, тырнақтары жұқа, тырнақ фалангаларын толығымен жаппайды. Аяқ-қолдары қысқа, басы үлкен, бас сүйегінің тігістері мен еңбектері ашық. Туа біткен автоматизм рефлекстері тежелген, бұлшық ет гипотониясы. Тынысы беткей, ырғақсыз, минутына 40-70 рет, өкпесінде ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі, ЖЖЖ – минутына 160-180 рет.
Сұрақтар:
Диагноз қойыңыз.
Осы патологияның мүмкін себептері.
Баланы тексеру қажет пе?
Нәрестені ары қарай жүргізу тактикасы (тамақтандыру, күтім, ем).
№3 есеп
Бала 10 жүктіліктен, 4 туыттан (6 түсік). Бұл жүктілік түсік жасатқаннан кейін 6 айдан кейін басталған. Жүктілік анемия, токсикоз, нефропатия, 3 рет ЖРВИ фонында өткен. Туыт жүктіліктің 30 аптасында болды.
Туылған кездегі жағдайы ауыр деп есептелді, салмағы 1100, бойы 36 см. Терісі жұқа, әжімделген, ланугомен түгел жабылған, емізіктері мен емізік айналасы көрінбейді, құлақ қалқандары жұмсақ, басына жабысқан, тырнақтары дұрыс дамымаған. Басы үлкен (бойының 1/3 құрайды), аяқ-қолдары қысқа. Бұлшық ет гипотониясы, қозғалыс белсенділігі төмендеген, айқайы әлсіз, сору және жұту рефлекстері әлсіз байқалады. Дене температурасы тұрақсыз, гипотермияға бейім. Тынысы беткей, тахипноэ, 5-10 секундқа дейін апноэ. Пульсі лабильді (минутына 160-180 рет), эмбриокардия.
Сұрақтар:
Диагноз қойыңыз.
Осы патологияның мүмкін себептері.
Баланы тексеру қажет пе?
Нәрестені ары қарай жүргізу тактикасы (тамақтандыру, күтім, ем).
№4 есеп
Бала 1 жүктіліктен. Анасы 37 жаста, ұзақ уақыт бедеуліктен емделді. Жүктілік үнемі фето-плацентарлық жетіспеушілік, жүктіліктің үзілу қаупі фонында өтті, бірнеше рет ауруханада емделді. Туыт жүктіліктің 27-аптасында, туылғандағы салмағы 500 гр, бойы 31 см.
Туылған кездегі жағдайы аса ауыр. Тынысы Чейн-Стокс типінде, пульсі лабильді, минутына 90-140 рет. Терісі жұқа, қызыл, ауыз-мұрын үш бұрышының цианозы, акроцианоз. Беті, денесі, аяқ-қолдары қалың ланугомен жабылған. Бас сүйегінің тігістері мен еңбектері ашық, сүйектері өте жұқа. Айқайы өте әлсіз. Физиологиялық рефлекстері (сору, жұту) жоқ, аяқ-қолдары дене бойымен созылып жатыр. Қимыл-қозғалыстары күрт төмендеген, гипотермияға бейімділік.
Сұрақтар:
Диагноз қойыңыз.
Осы патологияның мүмкін себептері.
Баланы тексеру қажет пе?
Нәрестені ары қарай жүргізу тактикасы (тамақтандыру, күтім, ем).
№5 есеп
Бала 1 жүктіліктен. Жүктілік бірінші триместрде токсикозбен, барлық жүктілік мерзімінде 2 дәрежелі анемиямен, 8 айында жүктіліктің үзілу қаупімен өтті. Анасында герпестік инфекция бар, бірақ жүктілік кезінде оның көріністері болған жоқ. Туыт жүктіліктің 39 аптасында болды, туылғандағы салмағы 2100 гр., бойы 47 см. Шырышты сорғаннан кейін айқайлады. Апгар шкаласы бойынша 7 баллға бағаланды.
Сұрақтар:
Диагноз қойыңыз.
Осы патологияның мүмкін себептері.
Баланы тексеру қажет пе?
Нәрестені ары қарай жүргізу тактикасы (тамақтандыру, күтім, ем).
№4 тақырып. Нәрестелік кезеңнің іріңді-септикалық аурулары.
Құрсақ ішілік инфекциялар
№1 есеп
Бала 2 жүктіліктен (1 – жүктіліктің ерте мерзімінде түсік). Жүктілік 1 триместрде үзілу қаупімен, анемиямен өткен, УДЗ-де аз сулылық анықталған. Анасында герпестік инфекция бар бірақ жүктілік кезінде оның көріністері болған жоқ. Жүктіліктің 8 айында ЖРВИ-мен ауырған. Босану 38-39 аптада, туылғандағы салмағы 2650 гр., бойы 49 см., Апгар бойынша – 7 балл. 2-ші тәулікте балада еңбегі кернеліп, клоникалық-тоникалық тырысулар, құсу, есінен жоғалуы, дене қызуының 390С дейін жоғарылауы байқалды. Ликворограммада – плеоцитоз лимфоциттердің басым болуымен, белок саны артқан.
Сұрақтар:
Диагноз қойыңыз.
Осы патологияның мүмкін себептері, оның этиологиясы.
Диагнозды нақтылау үшін қосымша қандай тексеру әдістері қажет?
Нәрестені ары қарай жүргізу тактикасы (тамақтандыру, күтім, ем).
№2 есеп
Нәресте 2 жүктіліктен, 2 туыттан. Жүктілік 1 триместрде 1 дәрежелі анемиямен және токсикозбен, 2 триместрде ЖРВИ-мен өткен. Жүктіліктің соңғы айында жыныс мүшелерінен бөліністер әйелді мазалаған, бірақ ем жүргізген жоқ. Туыт жүктіліктің 38-39 аптасында. Салмағы 3100 гр. бойы 50 см, бірден айқайлады. Апгар шкаласы бойынша бағалау – 8 балл.
Өмірінің 3-ші күнінде баланың қабақтары ісініп, склераның инъекциясы байқалды, көзінен алғашында шырышты, артынан іріңді бөліністер бөлінді. Бірнеше күннен кейін жөтел пайда болды, артынан ұстама түріндегі жөтелге айналды. Бұл кезде баланың жалпы жағдайы болмашы ғана нашарлады, тәбеті сақталған, дене қызуы қалыпты. Өкпесінде тынысы қатаң, 2 жақта да ылғалды ұсақ көпіршікті және аздаған көлемде құрғақ сырылдар естіледі.
Сұрақтар:
Диагноз қойыңыз.
Осы патологияның мүмкін себептері, оның этиологиясы.
Диагнозды нақтылау үшін қосымша қандай тексеру әдістері қажет?
Нәрестені ары қарай жүргізу тактикасы (тамақтандыру, күтім, ем).
№3 есеп
Нәресте 2 жүктіліктен, 2 туыттан. Жүктілік 1 триместрде 1 дәрежелі анемиямен және токсикозбен, 2 триместрде жүктіліктің үзілу қаупімен, 37 аптада созылмалы пиелонефриттің өршуімен өткен. Туыт жүктіліктің 37 аптасында болды, туылғандағы дене салмағы 2100 гр., бойы 47 см. Бірден айқайлады, Апгар шкаласы бойынша 7-8 баллмен бағаланды.
Өмірінің 5 күнінде баланың кіндік жарасынан алдымен серозды, артынан іріңді бөліністер бөлінді, кіндігінің айналасындағы терісі ісіңкі, қызарған. Жергілікті ем жүргізілді. 7 тәулікте дене қызуы жоғарылап, бала емшектен бас тартты, лоқсыды, артынан құсу, клоникалық-тоникалық тырысулар, еңбегінің кернелуі байқалды. Терісі топырақ түстес, іші кебіңкі, нәжісі жиі, шырышпен және жасыл түспен, жағымсыз иіспен. Сусыздану симптомдары. Бауыры ұлғайған, терісінде геморрагиялық бөртпенің бірнеше элементтері. Жағдайының ауырлығы бойынша жансақтау бөлімшесінде жатқызылды.
Сұрақтар:
Диагноз құраңыз.
Осы патологиялық жағдайдың туындауына әкелген мүмкін себептер мен факторлар.
Диагнозды нақтылау үшін қосымша қандай тексеру әдістері қажет?
Нәрестені ары қарай жүргізу тактикасы (тамақтандыру, күтім, ем).
№4 есеп
7 күндік нәресте. Ішінің төменгі жағында, шап қатпарларында, аяқтарында эритематозды дақтар пайда болды, дақтардың үстінде өлшемдері 0,2-0,5 см болатын ішінде серозды-іріңді сұйықтығы бар көпіршіктер бар. Баланың жалпы жағдайы бұзылмаған, тәбеті сақталған, дене қызуы 37,20С.
Сұрақтар:
Диагноз қойыңыз.
Осы патологияның мүмкін себептері, оның этиологиясы.
Баланы тексеру қажет пе?
Нәрестені ары қарай жүргізу тактикасы (тамақтандыру, күтім, ем).
№5 есеп
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасында туылған 10 күндік нәрестенің кіндік айналасының терісінде, шап қатпарларында гиперемия пайда болды, ол артынан қошқыл-қызыл түске айналып, денесіне, аяқ-қолдарына тарады. Артынан зақымдалған теріде сылбыр көпіршіктер, сызаттар, суланулар пайда болды. Никольский симптомы (+). Баланың жағдайы ауыр, дене қызуы жоғары, енжар, емшектен бас тартты.
Сұрақтар:
Диагноз қойыңыз.
Осы патологияның мүмкін себептері, оның этиологиясы.
Баланы тексеру қажет пе?
Нәрестені ары қарай жүргізу тактикасы (тамақтандыру, күтім, ем).
№5 тақырып. Рахит.
№1 есеп
Профилактикалық қарауға 3 айлық баласымен анасы келді. Туылғандағы дене салмағы 3500 г., қазір – 5 600 г. Бала 2 айынан бастап жасанды тамақтандырылуға көшірілген. Соңғы кездері шүйде шаштары түсіп, тершеңдік, ұйқысының мазасыздығы байқалған.
Қараған кезде үлкен еңбектерінің қырларының жұмсаруы және иілгіштігі, бүйір еңбектерінің аймақтары мен шүйде сүйектерінің жұмсаруы (краниотабес) байқалады. Басын вертикалды қалыпта әлсіз ұстайды. Ішкі мүшелері жағынан патология жоқ.
Сұрақтар:
1. Жіктелу бойынша диагноз қойыңыз.
2. Аурудың дамуына қандай себептер ықпал етті?
3. Балаға қандай ем тағайындаған жөн?
4. Балаға қандай арнайы ем көрсетілген?
№2 есеп
6 айлық бала 1 айынан бастап жасанды тамақтандырылады. Қазіргі кезде айран тұтас қабылдайды. Салмағын жақсы қосады. 1 айлық жасында Д2 витаминінің майлы ерітіндісін 230 000 ХБ дозасында тығыздалған әдіспен қабылдаған. Қарағанда бала мазасыз емес, тамақтануы дұрыс. Маңдай және төбе дөңестері, «таспиықтар», «білезіктер» эпигастралды бұрыштың сыртқа айналуы байқалады. Отырмайды, арқасынан ішіне, ішіне арқасына нашар айналады. Аяғының үлкен саусағын аузына еркін салады. Іші жайылып жатыр, бауыры ығысқан, ұлғайған.
Сұрақтар:
1. Толық диагноз қойыңыз.
2. Диагнозды нақтылау үшін қандай тексеру әдістерін жүргізу керек?
3. Балаға қандай емдеу шараларын жүргізген жөн?
№3 есеп
Дәрігерге 4 айлық баласымен ана келді, бала тек ана сүтімен тамақтанады. Анасының шағымдары: бала аяғын тіремейді, жалпы тершеңдік пайда болды, кейде мазасыз. Қарағанда: бас формасы өзгерген (шүйдесі жалпайған), үлкен еңбегі – 5х6 см, басы «төртбұрыш». Кеуде торы деформацияланған, бүйірлері қысылған, төменгі апертура сыртқа айналған, қабырғаларында «таспиықтар». Аяқтары өзгеріске ұшырамаған. Бұлшық ет гипотониясы, «құрбақа» іші, сүйек рентгенограммасында: өсу зоналары кеңейген, остеоидты тіндердің шамадан тыс өсіп кеткені, остеопороз байқалады.
Сұрақтар:
1. Сіздің диагноз
2. Осы диагнозды болжау үшін қандай клиникалық көріністер байқалып тұр?
3. Осы науқастағы диагнозды рентгонологиялық мәліметтер тұжырымдай ма?
4. «Құрбақа» іші симптомы аурудың қандай көріністерімен байланысты?
5. Осы жағдайда көрсетілген арнайы емес емді көрсетіңіз. Тамақтану коррекциясы жүргізілді.
№4 есеп
Стационарға пневмония бар деген күдікпен 7 айлық бала жатқызылды. Анықталғандай, ол осыдан 1 ай бұрын жедел бронхитпен ауырған. Қарағанда бала боз, үлкен еңбегі 2,5х3,5 см, шүйде және маңдай дөңестері айқын. Кеуде торының алдыңғы бетінде «таспиықтар» байқалады. Бұлшық ет гипотониясы байқалады, бала отырмайды, тұрмайды. Тыныс жеткіліксіздігі бар.
Сұрақтар:
1. Қысқа мерзім ішінде тыныс жолдарының қайталамалы ауруы немен байланысты?
2. Осы фондық ауруды қандай клиникалық көріністер көрсетеді?
3. Балаға қандай емдеу шараларын жүргізген жөн?
№5 есеп
Дәрігердің қабылдауына 3 айлық баласымен ана келді, анасының шағымдары: бала үркек (қатты дыбыстардан шошынып, жылайды) мазасыз, нашар ұйықтайды, қатты терлейді. Анықталғандай, ана баласына сиыр сүтін береді, аз серуендейді, массаж, гимнастика жасамайды. Қарағанда шүйденің жалпаюы, үлкен еңбектің қырларының жұмсарғаны байқалады. Баланың терісі боз, ісіңкі. ЖЖЖ минутына 120 рет, ТЖ – 35 рет/мин. Бала қарауға жылап жауап береді.
Сұрақтар:
1. Диагноз қойыңыз.
2. Балаға қандай емдеу шараларын жүргізген жөн?
№6 есеп
1,5 айлық бала. Шала туылған, туылғандағы дене салмағы 2100 гр., бойы 44 см. 1,5 айда 1300 гр. қосты. 2 аптасынан бастап В айранмен жасанды тамақтандырылады. Айраннан басқа ештеңе қабылдамайды. Ретсіз тамақтандырылады. Қарағанда шүйде аймағының тегістеулі, шашының түсуі, үлкен еңбектің қырларының жұмсарғаны байқалады. Бала соңғы 2-3 аптада ұйқысы бұзылып, тітіркенгіш, үркек болды. Шамадан тыс терлегіштік, әсіресе ұйықтаған кезде терлеуі байқалады.
Сұрақтар:
1. Толық диагноз қойыңыз (дәрежесі, кезеңі)
2. Рахитке ықпал еткен факторларды көрсетіңіз
3. Балаға қандай негізгі емдеу шараларын жүргізген жөн?
Достарыңызбен бөлісу: |