1-6сыныптан үлгі 1-сыныпқа «Музыка» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспарлау



бет5/10
Дата25.11.2016
өлшемі2,1 Mb.
#2508
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Сабақ 2

Сабақтың атауы

Дәстүрлі ән-күй саңлақтары

Сілтеме

Музыка оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Үлестірмелі парақшалар

Жалпы мақсаттар

Қазақ даласында ғасырлар бойы жинақталып,сақталған халық ән- күйлері мен халық композиторларының ән күйлерін осы заманға жеткізген халық арасынан шыққан дарынды өнер саңлақтары туралы білім қалыптастыру;өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру;

Сабақтың міндеттері:Оқушыларға халық музыкасын жеткізушілер -халық арасынан шыққан дарын иелері;әнші ,күйші , жыршылар екенін ұғындыру.Халық музыкасын түсіне отырып, әуенінің ерекшелігін таба білуге ,талдай білуге баулу.Халық музыкасына ,халық өнерпаздарына ,дәстүрлі музыкаға деген құрмет сезіміне тәрбиелеу


Оқыту  нәтижесі

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы еркін сөйлейді, өз ойларын ортаға салау арқылы тапсырмаларды топпн жұмыс істеуге пайдаланады

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Біз байсалдымыз,
Мұқият тыңдаймыз,
Есте сақтаймыз,
Бөгет жасамаймыз,
Сабақта өткенді, әрдайым қайталаймыз!

Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабаққа байланысты сұрақтар қою

Қызығушылықты ояту

Буын ұйқастар:

3- сыныпта танысқан кез келген сал-серінің әндерін тыңдаудан бастаймыз. Осы тыңдалға шығарма төңірегінде сұрақ қою арқылы оқушылардың пікірлерін тыңдау.

І тоқсанда біз осындай халық арасынан шыққан композиторлармен танысамыз.


Мағынаны тану

Жаңа сабақ

Оқулықтағы мәтінмен танысып, оқушылардың пікірін тыңдап, әңгімелету.

Қазақ халқының ән дәстүріне таң қалған танымал орыс ғалымы Г.Потанин: «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» деп жазған. Осындай асыл қазынаны бізге жеткізуші халық арасынан шыққан дарындылар аз болмаған.олар халықтың ,асырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі ән-күйлерін, халық композиторларының шығармаларын кейінгі ұрпаққа еш бұрмалаусыз, сол қалпында жеткізді.

М.Ержанов, Ғ.Құрманғалиев, Қ.Жантілеуов, Ж.Елебеков, Д.Мықтыбаев, Ж.Қаламбаев, Т.Момбеков сияқты халық өнерпаздары, шын талант иелері, дәстүрлі ән-күйдің хас шеберлері рухани бай музыкалық мұраны жеткізумен қатар, оларды өз жанынан ерекше түсіндіре де білді. Дәстүрлі ән-күйлердің музыканың алтын қорына айналып, болашақ ұрпақтың есінде мәңгі сақталуы жоланды аянбай еңбек етті. Бұл өнер саңлақтары халықтың сүйіктісіне айналды.
Музыкалық сауаттылығы.

Сал –сері-бойына өнердің барылқ түрі дарыған халық өнерпазы.

Халық композиторы- арнайы музыкалық білімі болмаса да, өз жанына музыка шығаратын дарынды тұлға.

Кәсіби композитор- арнай музыкалық білім алған, өз жанынан музыка шығаратын дарын иесі.




Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Белімізді жазайық.

Жоғары-төмен қарайық,

Солға-солға түзу түр.

Оңға-оңға түзу түр,

 Алға қарайбір адым,

Артқа қарай бір адым

Бойымызға күш жинап,

Бір дем алайық.


Ой толғаныс

 Мен үйренген әндер

Оқушыларға күйлерді орындап тыңдату, күйдің шығу тарихы мен таныстыру әңгімелеу.


1.Есжанның күйі Соқыр Есжан тыңдау.
2.Оқушылардың орын.Дәулеткерейдің күйі Қосалқы.
3.Аңыз күй халық күйі Қыз туралы аңыз тыңдау.
4.Шертпе күй Т.Момбеков Мың жылқы тыңдау.
«Домбырасыз сән қайда» әнін топпен орындау.
Өлеңін жазған: Х.Талғаров.
Әнін жазған: И.Нүсіпбав.
3. Музыкалық сауат Дыбыс ұзақтығы.
Такт сызығы— Ноталарды белгілі бір ұзақтықта бөліп тұратын вертикал сызық.

Үй тапсырмасы

Өздік жұмысы

Күнделіктеріне жазады


Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Оқушылар толтырады

Оқу ісінің меңгерушісі:




Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім: сабақ 3

Сабақтың атауы

Қали Жантілеуов-күй дәстүрінің шежіресі

Сілтеме

Музыка оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Суреттер,таратпалар

Жалпы мақсаттар

Әнші, домбырашы, күйші Қали Жантілеуовтың өмір жолымен тансытыру, оқушының ой-санасын өрістетіп, ән айтуға, домбыра аспбын меңгеруге үйрету.   Музыкалық аспаптарда ойнау, мәнерлі қимылдар жасауға және әуезді ән айтуға баулу.


Оқыту  нәтижесі

Өткен тақырыппен байланыстырады;-Оқушының жеке ой- пікірінің құндылығы артады;


Топқа бөлу

1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Кезекшімен сұхбат

3.Оқушылардың сабаққа деген ынтасын көтеру.

4.Топқа бөлу (Нақыл сөздерді дұрыс құрастыру арқылы)



Ынтымақтастық атмосферасы

Орманның бiз емшiсiмiз,
Тоқ, тоқ, тоқ (партаны үш рет ұрады).
Құрт бiткендi жоқ етемiз,
Жоқ, жоқ, жоқ (қимыл көрсетедi).
Тоқ, тоқ, тоқ,
Жоқ, жоқ, жоқ.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Үй тапсырмасын сұрау


  1. Миға шабуыл

Тақырыпқа байланысты сұрақтар жасыру

Мағынаны тану


Топпен жұмыс.

.

Қали Жантілеуов 1902 жылы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында туған.Қалидың алғашқы ұстаздары Мәмен, Тоғайбай, Жұматай. Ол кішкентай кезінен бастап музыкаға әуес болды. Еңбегі бағаланып, Қазақстанның халық артисі атағы , «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Ол Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Түркештің,Динаның т.б күйшілердің 60- тан асқан күйлерін тартқан.


Қорытындылау:

1.Қали Жантілеуов кім?

2.Қалидың алғашқы ұстазы кім?

3 Қандай марапаттарға ие ?

Үйге тапсырма.

Бағалау.
Құрманғазының көптеген шәкірттері болды. Олардың ішінде ең атақтылары Дина мен Мамен еді. XX-ғасырдың басында қазіргі Орал облысында оларға тең келетін күйші жоқ болатын. Дина мен

Мәмен жәрменкеде кездесіп, күй тартысады. Бұлтартысты көруге бала Қали да барады. Екі ұлыкүйшінің тартысы Қалиды таң қалдырады. Есейе келеҚали Құрманғазының атақты шәкірті Мәменді іздепбарады. Қасына ертіп жүріп Құрманғазының көптегенкүйлерін үйренеді.Құрманғазы атындағы оркестр құрылған кезде,республиканың әр жерінен Алматыға ең мықты

домбырашылар шақыртылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет