Оқушыларды оқулық мұқабасымен, алғашқы беттегі арнау сөзбен, шартты белгілерімен, тарауға берілген сурет мазмұнымен таныстыру. Оқулық арқылы не үйренетіндіктерін айту.
ҚР Мемлекеттік Гимнінің композиторымен және сөзін жазған авторларымен таныстыру, аудиожазбадан тыңдау.
Берілген өлеңді түрлі эмоциямен айту. (көңілді, көңілсіз, ашулы)
- «Мектебім» әнінің мазмұны, көңіл-күйі саған қандай әсер қалдырды?
(Ұ,Ж) Ән әуенінен алған әсерін, сезімін сипаттап беруін сұраңыз (көңілді, жайдары, шаттана т.б)
Әдемі әуені бар сазды дыбыстардың музыкалық дыбыстар деп аталатынын түсіндіру.
(Ұ) Үштілділік: «Сәлем! – Привет! - Hello »;
«әуен –мелодия - melody» сөздерін үш тілде бірге қайталау.
Ағылшын ұстазы, музыка маманы Дж.Кервеннің дыбыстарды қол қимылымен көрсету тәсілімен таныстыру. Қолдың әр қимылының қандай дыбысты білдіретінін сурет арқылы көрсету.
(Ұ,Қ) Музыка тыңдау: «Сәлемдесу» әнінің әуенін соль, ми дыбыстарымен айтып көрсетіп, биік, төмен дыбыстар туралы түсінік беру. Оқушылар биік, төмен дыбысты қол қимылымен кқрсетеді, айырмашылығын сезеді. Бірге қосылып қайталау.
(МК,Ұ) Соль, ми (G және E) ноталарында қарапайым әндерді қол қимылымен көрсету.Мұғалім Curwen жүйесі бойынша қол белгілерін қолданады. Кітапта берілген суретке қарай отырып әр дыбыстың көрсету ерекшелігін түсіндіру.
(Ұ,Қ) Оқушылар «біркелкі соққы» түсінігімен танысады, тізелерін және иықтарын ұрғылай отырып біркелкі соққы үлгілерін көрсетеді.
(Ұ,Қ) Әрбір оқушыға ұрмалы аспап беру. Оларға осы аспаппен «Сәлемдесу» әнінің ырғағын ұрып ойнауды көрсету. Әннің ырғағын қандай екеніні анықтау.