1-6сыныптан үлгі 1-сыныпқа «Музыка» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспарлау



бет8/10
Дата25.11.2016
өлшемі2,1 Mb.
#2508
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

6 сынып


Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім: Сабақ 1

Сабақтың атауы

Халқы ардақтаған екі алып-Жамбыл мен Дина

Сілтеме




Сабақтың жабдығы

Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Топтық жұмыс негізінде образдарды талдата отырып, әр образдың сипаттамасын ашқызу арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Халқы ардақтаған екі алып – Жамбыл мен Динаның өмірбаяны жайлы әңгімелеу, эстетикалық
қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту, дүниетанымын кеңейту

Күтілетін   нәтиже

. Танымдық, дамытушылық, қызығушылық қабілеттері артады;

-Мәртебесі төмен, жоғары сұрақтарды қойып үйренеді;

-Ойын нақты жеткізе алады;

-Өзін-өзі реттейді





Әдіс- тәсілдер

. Миға шабуыл

Автор орындығы

Эссе

Рөлдік ойын



Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасы

Топқа бөлу

Шаттық шеңберін жасай отырып, оқушыларды санау арқылы топқа бөлу

«Жүректен-жүрекке» тренингі



Оқушылардың мұндағы мақсаты топтасу санау арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу.Әр оқушы өз достарына жылы лебіз білдіреді

Үй тапсырмасын сұрау





Қызығушылықты ояту



Мағынаны тану


Жаңа сабақ
Дина Нұрпейісова «Бұлбұл» күйін - тыңдату
Дина Нұрпейісова «Бұлбұл» – нота сауаттылығы
Қызығушылығын ояту. (Сұрақтар арқылы мәлімет алу.)
- Күйші деген кім?
- Кімнің суретін көріп тұрсыңдар?
- Неге «Күй анасы» деп атаймыз?
- Дина Нүрпейісова атындағы оркестр қай қалада?
- Қандай күйлерін білесіңдер?
- Жамбыл Жабаев кім? Қандай өлеңдерін білесіңдер?
Топтастыру Дина: Ана, Ардақты әже, Күй анасы.
Жамбыл: Ақын, Айтыскер
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Халқы ардақтаған екі алып – Жамбыл мен Дина» деп аталады.
Интерактивті тақтамен жұмыс:
Жамбыл Жабаев (1846 - 1945жж.) қазіргі Жамбыл облысында, шу өзенінің бойындағы Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы ақпан айында туған. Әкесі Жапа кедей шаруа болған. Жамбыл жоқшылық тұрмыста өседі. Ес білген соң әкесі оны ауыл молдасына оқуға береді. Ол кездегі оқудың үйрететіні – көбіне діни насихат, ұрып - соғу, дүрелеу болатын. Бірақ молданың мұндай қорлығына шыдай алмай, Жамбыл оқуды тастап кетеді. Жаратылысынан пысық, зерек бала оқып білім алмаса да, жастайынан ән мен өлеңге құмар болады, ақындық өнерді сүйеді, ауызекі естіген өлеңдерін жаттап алып жүреді. Сүйінбай Аронұлы жас ақынның талантын көріп: «... Балам, өз өлеңіңді шығар, бірақ оның жұрт жаттап алатын, ешкім ұмытпайтын елең болсын, сенің өлеңің жеке адамдардың көңілін көтеріп, солардың сүйініп отыратын өлеңі болмасын, бүкіл халық сүйіп тыңдайтын өлең болсын. Көмекейің емес, жүрегің сөйлейтін болсын. Шындықты айт, әділдікті жырла, көне, тозығы жеткен жолға түспе, жаңа жол, тың жолға, даңғыл жолға түс, төңірегіңде не болып жатыр, соны аңғар, соны біл», - депті. Қазақтың ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерінен көп үйренген Жамбыл өзінің өлең шығару шеберлігін де, айтыстағы шеберлігін де арттыра түседі. Жамбыл айтыста Сарбас, Досмағамбет, Құлмамбет сияқты бірсыпыра ақындарды жеңген. Айтыс ақыны болып жүріп мысқылшыл уытты өлеңдерді табанда айтып тастауға машықтанады және жырларында өз заманындағы ақындардың көбінен озық екенін танытады. 1946 жылы Жамбылдың туғанына жүз жыл толуын республикамыз үлкен мереке етіп өткізді. Жамбыл шығармаларының академиялық жинағы басылды. Кейінгі жылдарда ақын еңбектері бірнеше рет орыс тілінде басылып шықты. Ғалымдар Жамбыл поэзиясының ерекшеліктерін зерттеп, ғылыми еңбектер жазды. Жамбыл үйі мұражайға айналдырылды. Байтақ Отанымыз бен шетелден келген қонақтар осы мұражайға келіп, ақынның өмірімен танысады, шығармаларын оқиды.
Дина Нүрпейісова (1861 - 1955 жж.) Дина Нүрпейіс келіні Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданына қарасты, Бекетай құмы деген жерде дүниеге келген. Ол тоғыз жасының өзінде - ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Баламйсан сияқты күйшілердің күйлерін нақышына келтіре орындап «Домбырашы қыз» атанған. Әйгілі Құрманғазы Динаны өзі іздеп келіп, батасын берген. Дина тоғыз жасынан, он тоғыз жасына дейін қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Сол Дина 90 - жасында Құрманғазы ның күйін шабыттана тартып, дүйім жұртты таң қалдырады. 1937 жылы 75 жасында Дина Алматыға тұңғыш келіп, құдіретті өнерімен бүкіл республикаға ден қойғызады. Ол осы сапарында халық өнерпаздарының Бүкіл Қазақстандық байқауында бірінші орынға ие болады. 1944 жылы 83 - жасында Орта Азия Республикаларының қатысқан жарысында да жеңімпаз атанады. Динаның шығармашылығы жайлы С. Бақбергенов «Қайран шешем» (1963ж) атты роман жазды. Дина қазақтың күйшілік өнеріне өшпес із қалдырған біртуар дарын. Егер оның күйшілік бастау алған тегін іздеу керек болса Дәулеткерей мен Құрманғазыға қарай бұру керек. Екі ұлы күйшіден сусындаған Динаның өзіндік өрнегін тапқан күйші. Дәулеткерей мен Құрманғазының өршіл рухы Динаның қос қанатындай болған. Динаның күйлері: «Ана бұйрығы», «Әсем қоңыр», «Байжұма», «Бозшолақ», «Бұлбұл», «Домалатпай», «Жеңіс», «Жігер», «Кербез», «Қосалқа», «Тойбастар», «Шынар» т. б. V.

Сергіту сәті

Сергіту сәті. Даңғыраны ұр қатты,
Дәл қайтала ырғақты.
Дүрсілдетіп даланы,
Поезд кетіп барады,
Ду - ду - ду

Ой толғаныс


(Дәптермен жұмыс) Балалар енді Дина Нүрпейісова әжеміздің «Бұлбұл» күйінің тарихымен тыңдайық.
- Бұл күйдің тақырыбы не жайында?
- Құрманғазы күйлерінен ерекшелігі неде?
- Қандай аспаппен орындалып тұр?
- Екпіні қандай?
Бекіту. Ойын: «Кім жылдам?»
Шарты: Тақтада жазылып тұрған жылдарға үстел үстінен дұрыс жауаптарды тауып, жанына тез орналастыру.
Дина Нүрпейісованың өмір сүрген жылдары? 1861 - 1953 (1861 - 1955) Алматыға тұңғыш қай жылы келді? 1833ж (1937ж)
Қай жылы Орта Азия өнерпаздарының сайысына қатынасты? 1948ж (1944ж) Дина жайлы С. Бақбергенов қай жылы роман жазды? 1960ж (1963ж)
Жамбыл Жабаевтың өмір сүрген жылдары 1844 - 1940 (1846 - 1945жж.)

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырманың қалғанын үй жұмысы ретінде беру



Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Рефлекция  

сұрақ-жауап) (3 мин)



  1. Бұл сабақты мен қалай түсіндім?

  2. Өзім турал не білеміз?

  3. Сабақ сендерге ұнады ма?

Сабақты жақсы оқу үшін не істеу керек?

Бағалау парақшаларын толтыру.



Смайликтер арқылы кері байланыс орнату



Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс










Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.







Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет