1-6сыныптан үлгі 1-сыныпқа «Музыка» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспарлау



бет7/10
Дата25.11.2016
өлшемі2,1 Mb.
#2508
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Құрманғазының «Адай» күйі қазаққа ең танымал

күйлердің бірі. Бұл күйді халық аспаптар оркестірі

мен көптеген фольклорлық ансамбльдердің

орындауында тыңдай аламыз. Әсіресе күйдің құдіреті

халық аспаптар оркестірінің орындауында тіпті ашыла

түскендей болды. Құрманғазы атындағы халық

аспаптар оркестрі «Адай» күйін әлемнің көп

мемлекеттерінде орындап келеді. Атап айтар болсақ

Италия, Франция, Жапония, Америка т.б.

мемлекеттерде Құрманғазының «Адай», «Сарыарқа»

сынды күйлерімен әлем халықтарын таңдандырып

келеді.

Көптеген музыканттар түрлі музыкалық сайыстарда



«Адай» күйін арнайы таңдап алып тартып жатады. Бұл

күй өзінің екпінді шабытымен барлығын жеңіске де

жеткізіп жатады. Анатолий Гайсин «Адай» күйін баян

аспабында орындап халықаралық сайыста жеңіске

жетеді. Ал «Ұлытау» тобы болса Американың

Голливуд қаласында өткен дүние жүзілік сайыста

«Адай» күйін орындап бас жүлдені жеңіп алады.

«Ұлытау» тобы




Сергіту сәті

Жолдарыңа үңіліп,

Екі бақа жүгіріп,

Секіреді, бақ-бақ,

Ағаштарды аттап.

Олар ерте тұрады,

Беті-қолын жуады.

Оңға-солға шайқалып,

Бақылдайды ән салып.

Судан шіркей табады,

Өсіп үлкен болады.

Бақ-бақ, нақ-нақ,

Біздер айттық тақпақ.

/Б.Бөрiбаев/

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс


Сұрақ – жауап арқылы.

Қали Жантілеуов кім?



  • Әнші

  • Күйші

  • Домбырашы

  • Халық артисі

Домбырада неше жасынан ойнады? (бес жасынан)

Оның ұстазы ұлы күйші кім болған? (Төлеш)



Үйге тапсырма. Ән үйрену: «Әгугай домбыра» жаттап келу.
Сұрақтар:

Қалидің ұстаздары кім болды?

Қали Жантілеуов кімнің күйлерін жеткізді?

Қали ақсақал Құрманғазының «Адай» күйі жайлы



не деп баяндайды?

Тартыс дегенді қалай түсінесің?


Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті).

5. Кері байланыс.



Сабақ бойынша ойыңды білдір

Қандай жаңа білім алдың?

Алған біліміңді қолдана аласың ба?

Саған қиындық тудырған түсініктер




Үй тапсырмасы

Қосымша түсінік жаттау.

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Өзін-өзі бағалау

Парақшаларды толтырады

5 сынып

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім Сабақ 1

Сабақтың атауы


Айтыс өнері

Мақсаты

Айтыстың шығу тарихын, түрлерін, ерекшелігін, мақсатын еске түсіру. Айтыс өнерінің маңыздылығын ұғындыру. Пікірталас тудырудағы айтыстың рөлін таныту.

Күтілетін нәтиже

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы еркін сөйлейді, өз ойларын ортаға салау арқылы тапсырмаларды топпн жұмыс істеуге пайдаланады

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

«Жүректен - жүрекке» шеңбері

– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар үлестіріледі




Оқушылар таңдаған фигураларына сай топтарға бөлініп отырады.

Қызығушылықты ояту

Жаңа тақырыпқа арналған таныстырылым тамашалау

Шығармашылық тапсырма

1-топ

Сөзжүмбақ



2-топ

Ребус


3-топ

Суретке қатысты әңгіме құру



Сергіту сәті

«Халықтар» биі

Жаңа сабақ

Айтыс - әдебиет жанры болғанымен ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Ойын, той, ас, қыз ұзату, келін түсіру сияқты қазақ тойлары жүйрік ат, білекті палуандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін көтере түскен. Әрине мұндай жерде айтыстардың өз мақсаты, талабы, шарты бар. Көшпелі елдің қызық-қуанышын бөлісіп келген айтыс халқымыздың сан алуан ойын-той, әр түрлі дәстүрлі думандарда қуана қызықтайтын театры іспеттес болған. Жұрт көпшілік алдында сөз сайысына түскен екі ақынның жеңіске жету жолындағы тапқырлықтары мен алғырлықтарына куә болып, солардың біреуінің намысын жыртып, тілеуін тілейтін жанкүйеріне айналады. Бұған айтыстың сауықшылдық, эстетикалық ләззат беретін сипаттары да айтарлықтай қызмет атқарады. Айтыстың бәдік, қайымдасу, жануарлар мен адамның айтысы, ақ айтыс, сүре айтыс, түре айтыс, жұмбақ айтыс сияқты түрлері қалыптасқан

Тапсырмалар

1-топқа: а) Айтыстың түрі, ерекшелігі.

ә) Тақырыбы, идеясы.

б) Өлең құрастыру (1,2 жолды құрастыру)

2-топқа: а) Өлеңнің құрылысы.

ә) Ақындардың тілі, сөздігі.

б) Өлең құрастыру ( 2,3 жолын құрастыру)

3-топқа: а) Өмірдерек.

ә) Ақындарға тән қасиеттер.

б) Өлең құрастыру (3 жолын құрастыру)

Әр топқа тапсырмалар таратылып 10 минут уақыт беріледі . Дайын болғаннан кейін түсіндіріп айтып береді. Құраған өлеңдерін домбыраман айтыс әуеніне

салып айтады. Мұғалімнің жауаптарымен сәйкес келеме тексеріледі.


Ой толғаныс

Қазақ айтыскерлері:

Қазақ даласын айтыспен әйгіленген ХІХ ғ.Орынбай,Шортанбай, Серәлі, Тоғжан, Сақау Шөже, Балта, Кемпірбай, Тезекбай, Біржан, Құлмамбет, Жамбыл, Сүйінбай, Біржан- Сара, Жанақ, Мұрат, Рақымжан, Ыбыраш, Манап- Надежда Лушникова. Маңғыстаулықтар: Нұрым, Абыл, Қашаған, Балдай, Сәттіғұл.

Б-6.Зерттелуі: Қазақ айтыстарының жиналуы, жарық көруі ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталды. Академик Радлов бастаған орыс зерттеушілері мен Ы.Алтынсарин, А.Сейдалин, Шайхысламов тәрізді жинаушылар совет өкіметі тұсында Диваев, С.Сейфулин, І.Жансүгіров. Айтыстың 3- томдығын алматы баспасынан дайындады.

Ал айтыстың тұрмыстағы орны мен табиғи ерекшеліктерін алғаш рет ашып әңгімелеген Ш.Уәлиханов одан кейін М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Қаратаев, Кенжебаев.

90- жылдан бері қарай М.Жармұхамедов, Ж.К.Раев, Қыдырбаев, Ж.Дәулетбекова. Жүргізушісі- Ж.Ерманов.

Б-7. Қазіргі айтыс ақындары – Аманжол Әлтаев, Айбек Қалиев, Айнұр Тұрсынбаева, Балғынбек, Сара Тоқтамыс, Мэлс Қосымбай,Серік Құсынбаев, Б.Қалиолла, А.Ғафуров т.б.

Б-8. Даму сипаты:

Соңғы жылдары атаулы мерекелерге (Тәуелсіз 15, Тіл, Желтоқсан), белгілі қоғам қайраткерлерінің құрметіне орай жүргізіледі. Салт айтыс соның ішінде ақындар айтысы мен қыз бен жігіт айтысы өте жақсы дамыған. Қазақстан ұлттық арнасынан айтыс чемпионаты, Хабардан жекпе- жек жүріп жатыр.

Айтысқа талдау жаса

(Көзбен көре отырып, заңдылықтарды нақты жағдайда пайдалануға, дағдылануға, көзін жеткізу.)

ығу (оқулықтан) мәтіннен қатысты қадірлеудегі халықтық дәстүр туралы әңгімелеу. ІV Мәтінді талдай білу. Нұрым мен қашаған айтысына кесте толтыру. 8 балл

(өтілген жаңа сабақ бойынша ойыңды жинақта, әңгіме жаз)

Тапсырма: Сыныпаралық, мектепішілік айтыс өткізу мәселесі, оның жоспары жөнінде өз ойыңды жаз. Айтыс тақырыбы, айтыстың түрі, ақындарды жұптау жөнінде білдір. 10 балл

VІ Бағалау: Жазба айтыс құрастыру.

Сұраққа жауап жазу. Ұйқас түрлерін еске түсіру.

Сұрақ: Сұрақ:

Бітіруші жас түлек Арманға барар бір- ақ жол,

Көп шығар арманың? Шешуші кезең – ҰБТ.

Қай мамандық иесі Білдің бе оған бірақ тым?

Болуды сен таңдадың? Тақалып уақыт қалғанын.

Жауабы: Жауабы:

Сұрақ қойдың тосыннан, Дайындалып жүрмін күн- түні

Сәл іркіліп қалғаным. Білемін уақыт шектеулі.

Қамын ойлап қазақтың, Не болса да амал жоқ.

Ақын болу – арманым. Көремін құдай салғанын. 12 балл


Карточка тарату.

№1 топ


1Ақын дегеніміз кім?

2 нотада неше сызық бар?

3 Жартылық нота нешеге саналады?

№2 топ


Жыр дегеніміз не?

Алпамыс батыр жырынан үзінді айт.

№3 топ

1. Терме дегеніміз не?



2. «Ми» нотасы қай сызықта жазылады?

№4 топ


1. «Қанеки тілім сөйлеші» термесі кімдікі?

2. «Қанеки тілім сөйлеші» термесін әуенімен айт.



№5 топ

1. сегіздік нота нешеге саналады?



2. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы
БББ кестесі


Білем

Білдім

Білгім келеді













Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс




Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Оқу ісінің меңгерушісі:


Күні:

Пәні: Музыка

Сынып: 5 Сабақ 2

Сабақтың тақырыбы

Ұйқас сөздер

Сабақтың мақсаты

Айтыс туралы түсінік беру. Айтыс түрлерімен танысу. Өлең шығарудағы ұйқас сөздер туралы түсінік беру.

Оқытудың нәтижелері

Айтыстың бірнеше түрі болатынын біледі. Әрбір айтыстың айырмашылықтарын айыруды үйренеді. Өлең құрау үшін ұйқас сөздерді табуды үйренеді.

Негізгі дерек-көздер

Диск, оқулық, плакат, маркер,

Тапсырмалар

Топтық жұмыс «Топтастыру» стратегиясы. «Бес саусақ» әдісі.

Сабақ бөлімінің кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау Ресурстар, көрнекіліктер

Кіріспе

2 мин

Топқа бөлу



Түрлі-түсті стикерлер арқылы 3 топқа бөлу.

Стикерлер

2 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.


Шаттық шеңберін құрап, бір-бірлеріне жылы лебіздер тілеу арқылы жағымды ахуал қалыптастырады.




10 мин

Үй тапсырмасын тексеру.

«Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.

1.Айтыс деген не?

2.Айтыс түрлерін ата.

3.Айтыстың көне түрі.

4.Сүре айтыс пен түре айтыстың айырмашылығы неде? т.б.



Әр топтан бір оқушыдан шығып, ыстық орындыққа отырып, мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді.

«Бағдаршам» стратетиягысымен формативті бағалау Бағалау парақшасы,.

Жаңа сабақтың таныстырылымы

15 мин



Өлең тармақтарындағы аяққы сезердің дыбыстас естілуі, үндестігі. Жалпы ұйқас ырғақты күшейтеді, тармақ жіктерін ажыратады. Ұ. Өлең жолдарын бір-біріне келген дейді, өлеңнің шумақ, тирада сияқты бөліктерінің әрқайсысын бір бүтін етіп тұтастырады, соңдықтан әр шумақтың немесе әр тираданың ұйқасы, суреті ез алдына бөлек-бөлек болып келеді. Қазақ өлеңі, оның ішінде Абай өлеңдері де аяққы ұйқасқа құрылған. Абай өлеңдерінде ұйқастың қазақ әдебиеті теориясың айтылатын түрлерінің (қара өлең ұйқасы, шұбыртпалы, ерікті, кезекті, шалыс, егіз, аралас ұйқастар) бәрі бар. Абайдың ерен ақындық шеберлігі мен жаңашылдығының көрінісі - өлеңнің шумақты-шумақсыз құрылымына, сондай-ақ, шумақты өлеңдерінің неше тармақтан тұратындығына қарай ұйқас суретін құбылту - Ақынның 4 тармақты, 7-8 аралас буынды өлеңдерінің көпшілігі -а, -б, -а, -б суретті шалыс ұйқасқа құрылған. Мыс. :

Желсіз түнде жарық ай, - а

Сәулесі суда дірілдеп. – б

Ауылдың жаны терең сай, - а

Тасыған өзен күрілдеп. - б

Абайдың 4 тармақты бірөңкей 7 буынды немесе бірөңкей 8 буынды өлеңдері -а, -б, -а, -б және -а, - а, -б, -а суретті ұйқаспен жазылған. 6 тармақты, шумақты кейбір ұйқас өлеңдері -а, -б, -а, -б, -в, -в түрінде келеді, бұл да Абай шығармаларынан басталатын ұйқастың түрі: Ғашықтық іздеп тантыма - а Аз күн әуре несі іс? - б Өзіңнің қара артыңа, - а Өткен өмір бейне түс. - бСинтаксистік құрылымы мен композициялық құрылысы, ырғағы менұйқас суреті жағынан қазақ поэзиясына Абай әкелген соны дұниелер - оның сегіз аяқтары, яғни, 8 тармақты, шумақты 3 өлеңі. Бұлардың ұйқас суреті -а, -а, -б, -в, -в, -б, -г, -г. Мұндағы -а, -а, -в, -в, -г, -г ұйқасымен берілген тармақтар өзара бір-бірімен синтаксистік әрі мағыналық жұптар түзеді, Абай поэзиясындағы ұйқасқа қатыстырылған сөздер өлеңнің мазмұнына, ойына, стилінетікелей қатысты болып келеді.

Айтыс «айтысу» деген сөзден шыққан. Ол өлең сөзбен жарысу, сайысу, тартысу, мағнасында қолданылады. Айтыстың бірнеше түрі бар.Бәдік айтысы, жар жар айтысы, қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы т.б.Айтыстар өлең құрылысы жағынан 5-7-11 буынды буынды жыр үлгісінде болады. Сонын бірі «Жар- жар » айтысы. Жар –жардың өлең құрылысы 7-8 буынды.Өлең құрылысы 11 буынды болып келетін айтыс түрі «Қыз бен жігіт »айтысы. Өлеңнің бастапқы екі жолы қайталана отырып, негізгі ой өлеңнің 3-4 жолдарында айтылады.

«Ала», «ата» «ана» сөзі арқылы дауыссыз дыбыстарды пайдалана отырып, ұйқас сөздер құрастыру.

Жаңа тақырыпқа сәйкес топтар плакатқа ұйқас сөздер құрастырады.

Сыныптасын критериалды бағалау.



Жаңа сабақты қолдану

5 мин

Топтық жұмыс: А.Шамкеновтың сөзіне хазылған Ә.Еспаевтың «Ұстазым менің» әнін еске түсіру.

Ән орындау

Шапалақ пен бағалау. Бағалау парақшасы

Жаңа сабақты қорытындылау


4 мин

Жұптық жұмыс: «Досыңмен сөйлес».

Құрастырған ұйқастарға сәйкес келетін бір – бір сөз тауып жазу.

Өткен айтыстарды айтыс әуеніне салып айту.

Музыка тыңдайық: Айтыстар

Ән орындайық: Әндерді қайталау

Домбыра ойнау: Айтыс әуені, «Кеңес» күйі



Жаңа сабақты қорыту:

  • Қайым айтыс дегіміз не?

  • Түре сүре айтысы, Өтірік өлең , Жұмбақ туралы не білесің?



Құрастырған сөздеріне сәйкес келетін сөздер тауып, қорытындылайды.

Критериалды бағалау.

4 мин

Бағалау. Сыныптасын критериалды бағалату.


Бағалау критерийлеріне сүйене отырып, сыныптасын бағалайды.

Сыныптасын критериалды бағалау.

2 мин

Не ұғындым? Не ұғынғым келеді? Не ұсынамын? деген сұрақтарға жауап бергізіп, кері байланыс орнату

Берілген сұрақтарға жауаптарын стикерге жазып, рефлексия пар. жабыстырады.

Рефлексия парағы, стикерлер

1 мин

Үйге тапсырма беру. Ән жаттау, мазмұндау, өлең құрастыру

Күнделікке жазып алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет