1-6сыныптан үлгі 1-сыныпқа «Музыка» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспарлау



бет9/10
Дата25.11.2016
өлшемі2,1 Mb.
#2508
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



Бейнелеу

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім: Сабақ 2

Сабақтың атауы

«Қайран, Нарын»



Сілтеме




Сабақтың жабдығы

Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Махамбет Өтемісұлының өмірімен таныстыру. Музыка салу өнерінің даму тарихымен таңыстыру.

Күтілетін   нәтиже

. Тапсырмалар бойынша атқарушы ұғымын меңгерте отырып тапсырмаларды орындауда машықтандыру және тақырып ұғымын, түрлерін ажыратуға

Әдіс- тәсілдер

. Миға шабуыл

Автор орындығы

Эссе

Рөлдік ойын



Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасы

Топқа бөлу

Шаттық шеңберін жасай отырып, оқушыларды санау арқылы топқа бөлу

«Жүректен-жүрекке» тренингі



Оқушылардың мұндағы мақсаты топтасу санау арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу.Әр оқушы өз достарына жылы лебіз білдіреді

Үй тапсырмасын сұрау





Қызығушылықты ояту

Махамбет
Махамбет...
Білмеймін жел ме, сел ме
Жырда онымен бір тұлға теңесер ме?
Әділетсіз дүниенің қабырғасын
Махамбетше сөгер жан кездесер ме?



Мағынаны тану


«Аквариум» әдісі арқылы оқушыларды жаңа тақырыпты толық меңгерту мақсатынада топпен жұмыс жасату

Махамбет Өтемісұлы «Жұмыр қылыш» күйін - тыңдату

Бүгінгі жаңа сабағымыз «Қайран, Нарын» деп аталады. Нарын – бүкіл поэзиясына ерлікті ту еткен, оны кейінгі ұрпаққа өлмес мұра етіп қалдырған ер Махамбет өмір сүрген киелі топырақ.
«Қайран ел – жұртым, қалың қазағым» деп халқы үшін күрескен Махамбетті білмейтін қазақ баласы бар ма? Махамбет елінің жоғын жоқтап, рухын көтерген күрескер ақын. Жорықты бастаған табанды батыр, хан – сұлтандардан қаймықпай сөз айтқан от ауызды, өткір тілді жырау. Қазақты өзге халықтың билігінен құтқару жолындағы Махамбет пен Исатайдың орыс патша әскеріне қарсы жасалған ұлт – азаттық көтерілісі жиі жеңіліске ұшырап отырды. Осындай бір сәтсәз аяқталған шайқаста Махамбет Исатайдай батыр серігінен айырылып, нағашыларының ауылын паналайды.

Қазақ жерін биліктің астына алған орыс патша әскерінің сөзін сөйлеген Баймағамбет сұлтан Махамбеттің соңына түсіп, тыныштық бермейді. Махамбет бір күні ел ішінде болатын үлкен асқа келеді. Бұл аста Баймағамбет сұлтанмен жолығудың сәті түседі. Махамбет өзіне тігілген ақбоз үйге түспей, тікелей Баймағамбет сұлтан отырған үйге келіп кіреді. Махамбет сұлтаннан да қаймықпай, ашық – жарқын сөйлеп, өзін емін – еркін ұстайды. Баймағамбет сұлтан «Өзің елден қашып – пысып жүріп, еркінсіп сөйлеу не теңің?!»- дейді. Сонда Махамбет: «Тілім улы жыланның тіліндей екі айыр. Бірі сізге тисе, бірі өзіме тиеді», - деп жауап береді. Исатайынан айырылған қамкөңілді ер Махамбет дәл осы жерде Баймағамбет сұлтанға арнап, жырын төгілте жөнеледі:



Мен Нарында жүргенде

Еңіреп жүрген ер едім.

Исатайдың барында

Екі тарлан бөрі едім,

Қай қазақтан кем едім?

Бір қазақпен тең едім.

Өздеріңдей хандардың,

Қарны жуан билердің,

Атандай дауысын ақыртып,

Лауазымын көкке шақыртып,

Басын кессем деп едім...

Сонда Баймағамбет сұлтан: «Осылай айтпаса, бұл Махамбет бола ма? Оның айтқанына шыдай алмасам, мен Баймағамбет болам ба?» - деп өзінің сөзден ұтылғанын мойындайды.




Сергіту сәті




Ой толғаныс


1. Интерактивті тақтадан слайд көрсету

Жыр мен күй тыңдайық

Махамбеттің «Мен, мен едім, мен едім» атты толғауын Ғарифолла Құрманғалиевтің орындауында тыңдап көрейік.
Махамбеттің «Қайран Нарын» күйін Қаршыға Ахмедияровтың орындауында тыңдайық.
Ән орындайық!

«Дос туралы жыр». Әнін жазған С.Бәйтереков, өлеңін жазған Т.Молдағалиев.

Сұрақ – жауап


  1. Не себепті Баймағамбет сұлтан Махамбетпен қастасады?

  2. Махамбет «Мен, мен едім, мен едім» толғауын кімге арнайды?

  3. «Қайран Нарын» күйі өмірге қалай келді?

Біліп ал!

Махамбет Өтемісұлы (1804 - 1846) - ақын, батыр, жырау, күйші. Бөкей ордасы Нарын құмы Бекетай аймағында дүниеге келген. Махамбет - 1836 – 1938 жылдары Исатай Тайманұлы бастаған ұлт – азаттық көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы. Бала кезінен мұсылманша , орысша оқыған. 10 жасынан бастап өлең жазған. Махамбет «Ереулі атқа ер салмай», «Азамат ердің баласы», «Еріскендей ер болса», т.б. шығармаларында халықтың тағдыры мен арман мұңын жырлаған.

Сабақты бекіту. Топтастыру әдісі.


Махамбет - композитор, күйші, батыр, ақын


Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырманың қалғанын үй жұмысы ретінде беру



Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Рефлекция  

сұрақ-жауап) (3 мин)



  1. Бұл сабақты мен қалай түсіндім?

  2. Өзім турал не білеміз?

  3. Сабақ сендерге ұнады ма?

Сабақты жақсы оқу үшін не істеу керек?

Бағалау парақшаларын толтыру.



Смайликтер арқылы кері байланыс орнату



Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс










Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.







Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет