1-6сыныптан үлгі 1-сыныпқа «Музыка» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспарлау



бет10/10
Дата25.11.2016
өлшемі2,1 Mb.
#2508
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10









3-сабақ

Сыныбы

6

Пәні

Музыка

Сабақтың тақырыбы

Құрманғазы жайлы бір толғау



Жалпы мақсаты

Күй атасы - Құрманғазы күйлерін тыңдату арқылы, терең мағлұмат бере отырып, өнер адамына деген құрмет сезімін тудыру
Оқушыларды күйші Құрманғазы Сағырбайұлының өмір жолы және күйшілік шығармашылығымен таныстыру.


Сілтеме

Музыка 6- сынып. Түрлі тапсырмалар,

Оқыту нәтижелері

Күй өнеріне баули отырып, ой өрістерін дамыту және күй жанрына қызығушылықтарын арттыру арқылы өнерге деген армандары артады Тақырыпты меңгереді

Өз-өзін бағалауды үйренеді.



Негізгі идеялар

Көру, ойлау, байқау, түсінуді дамытуға көмектеседі.

Қызығушылығын арттыру

Балалар музыка сабағында қандай жанрларымен танысамыз?

Сұрақтарға жауап беру?

- Ән, күй, би, жыр

- Ән, би, күй, жырлар неге жатады? Әрине өнерге.

-Өнер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз

«Өнерлі бала - сүйкімді»,

Өнерліге - өріс кең.

- Әнді, күйді, жырды, биді орындайтын өнер адамдарын не дейміз?

- Әрине әнші, күйші, биші, жыршы.

«Аман, бол шешем, аман бол»- Құрманғазының, күйін тыңдау.

- Балалар, бұл қандай күй?

- Кімнің күйі деп ойлайсыңдар?

Ұлы күйшілер жақын адамдарына арнап күй шығарған. Мұндай күйлерді «арнау күйлер»- деп атайды. Соның бірі – Құрманғазының анасына арнаған «Аман бол, шеше, аман, бол» күйі. Торы атты ертіп, жолға Құрманғазы үйден шығар алдында домбырасын қолына алады да, қоштасып бір күй тартады. Шығарып салуға жиналған достары күйдің атын сұрамай - ақ білді. Өйткені, бірінші бастамасының өзі «Аман, бол шешем, аман, бол» деп айтып тұр еді.

Иә, балалар, бұл күйдің авторы - қазақтың халық композиторы, күйші Құрманғазы Сағырбаев. Әрине бүгінгі жаңа сабағымыз «Күй атасы - Құрманғазы» туралы өтеміз. Құрманғазы Сағырбайұлы – күйші, композитор.



Тапсырма көздері





Оқушылармен сәлемдесу, құралдарын түгендеу. Сандар арқылы топқа бөліну

ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ (1818 - 1889 )


Қазіргі Орал облысы, Жанғалы ауданының Жиделі елді мекенінде дүниеге келген. Күй атасы - Құрманғазыны күй өнеріне баулыған және оның ұстазы болған Ұзақ күйші еді. Құрманғазы жастайынан домбыра шертіп, көпшіліктің ілтипатына бөленді. Күйшінің шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, өрлеуіне Бөкей ордасының Байжұма, Баламайсан, Байбақты, Соқыр Есжан сынды атақты күйшілері үлкен ықпал еткен. Олардан тәлім алып өскен Құрманғазы қазақ халқының ұлы сазгері атанды. Құрманғазының күйлері қазақ елі өмірінің әлеуметтік жыр - сыры, азаткерлік рух ұраншысы іспетті. Ұлттық тарихымыздың әуен тілінде жазылған ұлы эпопеясы деуге болатындай. Күйші шығармашылығындағы өзекті мәселелер — халықтың азаттығы мен жеке тұлға бостандығы. Өз туындыларында XIX ғасырдың 30 - жылдары Исатай Тайманұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліске ерекше назар аударған. Құрманғазы бұл көтеріліске өзінің алғашқы туындыларының бірі "Кішкентай" күйін арнаған. Одан кейінгі "Ақбай", "Ақсақ киік", "Түрмеден қашқан", "Адай" күйлерінде ол халықтың азаттықты көксеген арманын, әділетсіздікке қарсылықты, қоғамдық мүдделердің өзара қақтығысын білдіреді. Құрманғазы туындыларында қоғам мен адамның арақатынасындағы айрықша әлеуметтік - психологиялық жағдайлар бейнеленеді. Оның "Аман бол, шешем, аман бол", "Қайран шешем", "Ертең кетем", "Бұқтым - бұқтым" деген күйлерінде адам даусының ырғағы айқын берілген. Құрманғазының ойнақы, мерекелік көңіл күйді білдіретін би ырғағымен жазылған күйлері ("Балбырауын", "Әсем") де бар.
"Адай" күйінде ол халықтың азаттықты көксеген арманын, әділетсіздікке қарсылықты, қоғамдық мүдделердің өзара қақтығысын білдіреді. Құрманғазы туындыларында қоғам мен адамның арақатынасындағы айрықша әлеуметтік - психологиялық жағдайлар бейнеленеді.
Тыңдату: «Адай» күйі Күйді талдау. Күйдің характерін ашу.
Ән. «Туған ел»
Тыңдату. Ө. Байділдаев «Туған ел» Дауыс жаттығуы. До - мажор гаммасы
4, 5, 6 жалқаулық артта қалды.
7, 8 еңбек пен білім егіз,
9, 10 тапсырманы орындаған жөн.
Бекіту. Деңгейлік тапсырма:
1. Топтастыру әдісі.
Құрманғазы кім?
Құрманғазы → композитор, күйші, төкпе күйдің шебері, орындаушы

.«Миға шабуыл»

Топтық жұмыс.

1топ – Құрманғазының өмірі.

2 топ – Құрманғазының күйлері.

3 топ- «Адай» күйінің шығу тарихы.

Сабақты қорытындылау.

Сұрақ - жауап:

1. Бүгін біз сабақта қандай күйшімен таныстық?

2. Құрманғазының қандай күйлерін білеміз?

3. Музыка дегенде не ойлайсың?

4. Өнер деген не?

5. Күй тартатын адамды кім дейді?

6. Құрманғазы шәкірті кім?

Қорыта келе, қазіргі кездегі барлық білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерінің алдына қоятын басты мақсаты – білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады. Қазақ халқының күйшілік дәстүрін дәріптеген ата-бабаларымыздың еңбегін жас ұрпақ бойына сіңіру Сіз бен біздің алдымызда тұрған міндет деп білеміз.



.Топтық жұмыс. Оқушылар жаңа тақырыпта білетіндерін постер арқылы қорғайды. Тақырыпқа шолу жасайды.

Бағалау

Оқушылар өз-өздерін таратпалы кағаз арқылы бағалайды. Жиынтық бағасы қойылады.

Үйге тапсырма: Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылығы. Жаңа әнді жаттау.

Бағалау.


Кері байланыс

  1. Білемін

  2. Білдім

  3. Білгім келеді




Үйге тапсырма

Оқулықтағы «Құрманғазы жайлы бір толғау» туралы оқу, іздену



4 сабақ




6 сынып

Сабақ тақырыбы:

Аңыз болған Құлагер

Жалпы мақсат:

Тақырыпты зерттеу арқылы ой өрістерін дамыту

Сабақтың мақсаттары

Ақан шығармашылығына түсінік бере отырып, “Құлагер” өлеңін оқу

 “Құлагер” өлеңі мен әнінің шығу тарихын оқушыларға түсіндіру




Күтілентін нәтижесі:

Дұрыс сөйлеуге үйренеді;Мәртебесі төмен және жоғары сұрақтар қойып үйренеді, қарсы сұрақ қоя біледі;Оқушының сыни ойлауы қалыптасады Сыни тұрғыдан ойлануға мүмкіндік туғызу.

Негізгі идеялар:

Сабаққа қызығушылығын арттыру

Сабақта қолданылатын материалдар:

Үлестірмелі материалдар, маркер

АКТ


Интерактивті тақта

Оқыту әдістері:

Интерактивті оқыту әдістері

Миға шабуыл

Конвер- сұрақ әдісі

Жұпты әңгіме

Жигсо әдісі


  • Топтық жұмыс

  • Жұптық жұмыс

  • Шығармашылық жұмыс

Дерек көздері:

«Адам мүмкіндік-тері» тақырыбына берілген материалдар:

www.РефератOff.kz

www.art.kz


Тапсырмалар:

І. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІ. Ой қозғау.

ІІІ. Мағынаны тану.

ІV. Топтық жұмыс.

V. Шығармашылық тапсырма


Сабақ кезеңдері


Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

І Ұйымдастыру



Ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін шеңберге тұрып, «Жылы лебіз » тренингін өткіземін

Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасы орнайды. Сынып оқушылары бір-біріне жылы лебіздерін айтады.

ІІ Өткен сабаққа қысқаша шолу
«Мен – саған, сен- маған» әдісі арқылы сұрақ -жауап алу (диалогтік оқыту)


Әнші - ақындар тобын шолу

Әдебиеттанушылар мен өнертанушылар тобы өз дайындықтарын көрсетеді.


Ақан серінің музыка туындылары қазақ өнерінің өркендеуіне зор ықпалын тигізді (шығармашылығы жөнінде).

Білімдеріне қарай бағаланады.




Сұрақтарға келесі топ оқушылары жауап береді

ІІІ Білу ,тану

Уикипедия сайтынан алынған деректі талантты, дарынды оқушы түсіндіреді



Қазақтың әнші – ақындарының ішінде өмірімен де, өнерімен де ереше тұлға Ақан Қорамсаұлы – халық мәдениетінің көрнекті өкілі. Ақан серінің шын аты - Ақжігіт. Ата - анасы Ақан деп еркелетсе, елі сері деп ат берген өнерпаздың тұлғасы әркез биік. Ақан жақсылық, жамандық, адамгершілік, махаббат, сүйіспеншілік, дүние, қоғам, жаратылыс жайын, жүрек мұңын сырлы әнмен жеткізген суреткер, әнші, ақын - сазгер. Сегіз қырлы, бір сырлы, әнші, күйші, сазгер Ақан өмірін көптеген ақын - жазушылар шығармаларына арқау еткен.

«Құлагер» кинофильмінен үзінді көрсету.

Ақанның қыран құсы - Қараторғай, жүйрік тазысы - Базаралы, ел аузында аңыз болған сәйгүлігі – Құлагер.

Ақан Құлагердің маң - маң басқан жүрісіне көңілі толып, "Маңмаңгер" деген ән шығарады.

"Маңмаңгер" әнін тыңдату.

30 жастан асқанда ақын бірнеше қайғыға тап болады. Сүйген жары Ұрқиядан айырылады, қыраны Қараторғайы, құмай тазысы Базаралы өледі.

1876 жылы Сағынайдың асында Ақан Құлагерді бәйгеге қосады. Үш жүз аттың алдында қара үзген Құлагерді Ақанмен өштескен Батыраш, Қотыраштар өлтіреді. Ақан Құлагер өлімінен кейін мылқау ұлы Ыбанмен Қоскөлде елден жырақ өмір сүреді. Құлагерді жоқтап, «Құлагер» әні дүниеге келеді. Әнде ақынның ішкі жан сыры, күйзелісі, психологиялық толғанысы терең суреттеледі. Құлагерге қатысты тұстың бәрін тізіп жырлайды.

Құлагер, құлыныңнан керім едің,

Нағашым сұрағанда беріп еді.

Шынымен өлгенің бе, Құлагерім,

Салбырап сапты аяқтай төменгі ернің...

Ақын өлеңінде ішкі күйініші, Құлагерді қимау, өткен күнді сағыну, Құлагерсіз өмірге

көндігу де бар.
Ақын Ілияс Жансүгіров:

Көргенде ол мынадай сұмдық істі.

Үстіне Құлагердің құлап түсті.

Білмеді не болғанын, айрылды естен,

Аймалап Құлагердің басын құшты.

Құлагер қорқырайды қаныменен.

Ақан да шырқырайды жаныменен.

Егіліп, төгіледі Ақан сері,

Зарлаған Құлагердің әніменен...

деп Ақан зар қылады:

Осылай Ақан зарлап жылап жатты.

Қайтсін ол, жыламасқа, жанға батты.

Күйінді ол, күңіреніп Құлагерге,

Айырылды ол, аттан - жақсы, достан - тәтті.

Аспанда күн күйігіп, күйді қатты.

Өкіріп жел мен жер де жылап жатты.

Ереймен бұлақтары көлге жылап,

Серіге көл күрсініп көңіл айтты...

Қазақтың жиылған халқы тіпті тау мен тасы, жері мен көлі, ұшқан құсы да ақынның тілімен Ақан үшін зар қаққандай әсерлі бейнеленеді. Құлагердің қазасы Ақанның әнін туғызбай қоймайды. Ақан Құлагерім деп жоқтау әнін төге жөнеледі. Бұл ән естіген халықтың жанын қайыстырғандай болады. Ел аузында Ақан мен Құлагер ат аңыз болып мәңгіге сақталады. Ақын Ілияс Жансүгіров:

Аты өліп, астан Ақан шаршап қайтты.

Ауылға оның әнін малшы ап қайтты.

Ел-елден Ерейменге жиылған жан,

Еліне «Құлагер» деп ән сап қайтты...

Біліп ал!

Ілияс Жансүгіров – (1894-1938) Алматы облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген. Ілияс жасынан әкесі мен ауыл молдаларынан сауат ашқан. Ол 1928 жылы Мәскеудің журналистика институтын оқып тауысады. Ол алғашында мектепте мұғалім болып қызмет атқарады. Кейін келе көптеген қазақ баспаларында қызмет етеді. 1937 жылы жалған саяси айыппен тұтқындалып, 1938 жылы ату жазасына кесіледі. Ілияс Жансүгіров нағыз Отаншыл, елі мен жерін шынайы сүйген қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік ақын. Ол өзінің соңында көптеген өлеңдер мен поэмалар, пьессалар мен романдар жазып қалдырды. Әсіресе оның «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмаларын халық сүйіп оқиды.

Білесің бе!

Ақан сері – (1843-1913) бұрынғы Көкшетау облысында өмір сүрген. Ақанның шын аты- Ақжігіт Қорамсаұлы. Ол жасынан ауылдың молдасынан, сонан соң Қызылжардағы Уәли молдадан оқыған. Ол Біржан салды ұстаз тұтқан. Халықтың ел еркесіне айналып ол сері атанған. Ол өзінің ізінде көптеген әндер қалдырған. Атап айтсақ, «Маңмаңгер», «Сырымбет», «Балқадиша», «Қараторғай», «Құлагер» т.б


Қолдану

«Бейнесюжет»





Толғану. Ақан

Тасқанда ,тау суындай көңіл жыры, Бурабай бір таза жер « пері» жүрген...

Қазақтың сусындасын ойы-қыры. Онда жоқ жын мен сайтан өріп жүрген,

Бұрқырат кер бұлаңды кең далаңа , Ағашқа атын байлап көлеңкелеп,

Бастырмай шөпке-шарға тоқтап құры. Ақан ғой анда-санда келіп жүрген.



Магынасын

ашу



Туған жер. АС

Мен өзім тауда туып,тасында өстім, Бастады әңгіменің былай басы,

Жасымнан мұз төсеніп ,қарды кештім, Болды оған жетпіс сексен жыл шамасы.

Асқарда Аршалыға қозы жайып, Арқада Ерейменді мекен еткен

Бұлыттың аспандағы қасында өстім. Керейййде Сағынайдың бопты асы.

Екі топ суденттері бірінің сөзін бірі жалғап ,бөлімдер бойынша мазмұнын ашады.

«Құлагер «әні тыңдалады.

Мінездеме Ақан ,Батыраш бейнесі


Талдау

Құлагер» әнін тыңдату.

«Құлагер» - Абайдан кейінгі ат сынын суреттеген өлең. Ол ат пен өнер жүйрігі әшкерелейтін, ішкі жан күйзелісті көрсететін өлең.

1. «Құлагер» өлеңін жаттау.

2. «Халқының ардақтысы – Ақан сері» тақырыбында ойтолғау жазу.

Ақан серінің «Құлагер» әнін Қайрат Байбосыновтың орындауында тыңдап көрелік! Әннің сипатын анықтау.

Дауыс жаттығуларын жасау.

Ән айтайық: Ақан сері «Қараторғай»

-Әнді үнтаспадан тыңдату;

- Әннің мағынасын ашу;

- Әнді фраза бойынша үйрету;

- Хормен үйрету

- Топқа бөліп айтқызу;

- Жеке оқушыларға орындату;

ІІІ. Ой толғаныс

Серпілген сауал:

1. Ақан серінің Құлагер атын жырға қосқан кім?

2. Не себепті Батыраш бай Ақан серімен өштеседі?

3. Ақан сері Құлагер атынан қалай айрылады?

4. Ілияс Жансүгіров Құлагердің өлімін қалай бейнелейді?


Сыни ойлана отырып

Жинақтау





«Кім жылдам»
Шарты: Тақтада аяқталмаған сөйлемдер тұрады, әр оқушы сөйлемдерді жалғастырып жазады.
1. Бүгін мен білдім.............
2. Маған қызықты болды..............
3. Қиын болды.....................
4. Мен түсіндім...................
5. Енді менің қолымнан келеді.........
6. Мен сезіндім....................
7. Мен үйрендім..................
8. Мені таң қалдырды.........
9. Мен жасапкөремін.........

Бағалау

БҮҮ кестесін толтыру

БҮҮ кесесін толтырады

білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді













Бағалау

Қорытынды баға қою

Күнделікке бағаларын қойғызу.

Рефлексия

Сабақтан алған әсерін айту

Сабақтан алған әсерін айтады

Кейінгі тапсырмалар

Құлагер поэмасын оқыту



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет