№ 1
7-сынып
Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей
1.Зат есімді, сын есімді, етістікті тіркестерге екі-екіден мысал ойлап жаз.
2. 235-жаттығу жұмысында оқып шығыңдар. Қарамен жазылған сөздердің байланысын сызбаға түсіріңдер. Қанша сөз тіркесі жасалды және олар қандай сөз тіркесі екенін анықтаңдар.
ІІ деңгей
1.Мәтіннен етістікті тіркесті теріп жаз.
Біздің халқымызда ата-анаы, аға-жеңгені, жалпы жасы үлкен адамдарды құрмет тұтады. Ата-ананы тыңдамаған, сыйламаған жастар осы мақалда айтады. Яғни сәби өмірге келгесін өзінен-өзі жақсы азамат болып шыға келмейді, оны тәрбиелеуге ата-анасы еңбек сіңіреді. Ал келін алудың да қазақша өз дәстүр жолы болған.
2.Мәтіннен көшіріп жазып,5 сөзді алып морфологиялық талдау жаса.
Жазда аулына демалысқа келіп жатқан Шоқан Саққұлақ шешенді қонаққа шақырып бірнеше күн оның тағылымды әңгімелерін тыңдайды.
ІІІ деңгей
1.Мақал-мәтел, жұмбақ, даналық сөздерді жатқа жазып, солардың ішінен есімді, етістікті тіркестерді топтап жаз.
№ 2
7-сынып
Деңгейлік тапсырмалар
1-тапсырма: Етістікті тауып, қай шақта және райда тұрғанын анықта.
Таңертеңгі уақыт. Мен шатырдан шықтым. Ат орнында тұр, кісініп қояды. Су, сұлы бер дегені. Арқан жетерлік жердің шөбі тап-тақыр етіп желініпті. Атты жетелеп өзенге беттедім. Аягөз басылар емес, мына лай суды Тарбағатайдан Балқашқа апармақ. Тау жақта әлі де аспаннан түйдек-түйдек қара бұлт көрінді. Ол жақта не болып жатыр екен?
2-тапсырма: Мақал-мәтелдердегі түсіп қалған етісткітерді тап.
а)Досы көпті жау ...
ә)Ердің атын еңбек ...
б)Айтпас жерде сөзіңді ...
в)Қыз ... елдің көркі.
г)Қына тасқа ...
Білім басқа ...
3-тапсырма: Етістіктің рай түрлерін қатыстырып, «Мектептес достар» тақырыбында шағын шығарма жазыңдар.
№ 3
7-сынып
Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей
Үлкен, көк, жақсы сын есімдерін пайдалана отырып, жай шырайларға сөйлем құрастыр.
Қаттырақ, еріншектеу, көлеңкелеу, ақшылт сөздерін пайдалана отырып, салыстырмалы шырайға мысалдар құра.
ІІ деңгей
Сұрғыт, дымқыл деген сын есімдері бар Абай Құнанбаевтың өлеңін жатқа жаз.
Төмендегі мақалды көшіріп жазып, жай шырайдың астын сыз.
Жақсы ат аяғынан қалады,
Жақсы адам тамағынан қалады.
Аққу құстың төресі,
Жалғыз жүріп оттамас.
Қас жақсының белгісі,
Қара сөзді жаттамас.
Төмендегі мәтіннен салыстырмалы шырайдағы сын есімдерді тап.
Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігітпін. Жасым 25-те. Әкем Тойбазар, өзім Мұқаш болғалы аузым асқа, ауым атқа жарыған жан емес. Ес біле есікте жүрдім. Ә дегенде құны жоқ. Былық, сараң, жаман Төлеубай дегеннің қозысын бақтым.
ІІІ деңгей
Сын есімдерді пайдалана отырып жыл мезгілдеріне арнап шағын мәтін құрасыр.
№ 4
Деңгейлік тапсырмалар
І нұсқа
І деңгей. Сұрақтарға жауап беру.
Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала
Тіліміздегі сөздердің жиынтығы
Жеті ата
Сөйлемнің құрамына қарай неше түрі бар?
Етістікті тіркеске мысал келтір
Қазақ тілінде неше сөйлем мүшесі бар?
Байланысу тәсілдері қанша?
ІІ деңгей. Морфологиялық талдау
Суреткер, келемін,екі
Өзі, ертең, әке-шешеден
Құрған, дүңк,және
Сұлу,сөзін,көшеді
Шөре-шөре, тәтті, жұмды
Әдейі, жүрсе, жүздеген
Жалт, бойшаң, көрсетпес
ІІІ деңгей. Синтаксистік талдау
Ағашты былай жарар болар.
Оның бала-шағасы қалаға келіп кетті.
Олар шалғай ауылдарды аралады.
Екі қарт кісімен амандастым.
Шешесі баласының жүзіне мейірлене қарады.
Бұл сөзіме Шаймерден кеңк-кеңк күлді.
ІҮ деңгей.Абай Құнанбаев «Қараңғы түнде тау қалғып» Сөздердің байланысу тәсілі мен түрін анықтар жазу
Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап.
Даланы жым-жырт дел-сал ғып,
Түн басады салбырап.
Шаң шығармас жол-дағы,
Сілкінне алмас жапырақ.
Тыншығарсың сен –дағы,
Сабыр қылсаң азырақ.
№ 5
Деңгейлік тапсырмалар
ІІ нұсқа
І деңгей. Сұрақтарға жауап беру.
Сөз таптарын зерттейтін сала
Сөз тіркестері мен сөйлемдерді зерттейтін сала
Есімді тіркеске мысал келтір
Жай сөйлемнің неше түрі бар?
Байланысу түрлері нешеу?
Жеті жоқ
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай неше түрі бар?
ІІ деңгей.Морфологиялық талдау
Келді, бесінші, Абай
Өкпеле, адалдық, сені
Ілгері, үшеу, тарихи
Рақаттан,өкініш, қазысты
Дейін, күректері, әдепті
Кеше, төрттерде, қара
ІІІ деңгей. Синтаксистік талдау
1.Бұл сөз оған қатты әсер етті.
2.Оны ешкімге көрсетпе.
3.Кейбір аңдар ертемен азықтануға шығады.
4.Жылқыны тез қайырыңдар!
5.Кеше күн суық болды.
6Дауылдан кейін тыныштық орнаған.
ІҮ деңгей. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шәкірт ойы». Сөздердің байланысу тәсілі мен түрін анықтар жазу.
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда, кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін
Жылытуға мен кірермін!
Достарыңызбен бөлісу: |