Қаңқа еттерінің физиологиялық қасиеттері:
1) қозғыштығы (жүйке талшығымен салыстырғанда төмен, себебі еттің МП
шамасы төмен);
2) өткізгіштігі жүйкемен салыстырғанда баяу, шамамен 10-13 м/с;
3) рефрактерлігі (жүйке талшығына қарағанда ұзақтығы көп уақытқа
созылады);
4) лабильдігі – 250-350 Гц;
5) жиырылғыштығы (ет талшығының қысқаруы немесе қатаюы).
6) созылғыштығы (серпімділігі) – қатты созылған ет талшығының оны
босатқанда қалпына қайта келу қабілеті.
Тегіс бұлшықеттің физиологиялық қасиеттері.
Бірыңғай салалы ет бүкіл ішкі қуыс ағзалардың қабырғасында, қан мен
лимфа тамырларында, несеп шығаратын мүшелерде, жатырда, бронхта,
қыспақтар (сфинктер) құрамында және т.б. жерлерде кездеседі. Бұл еттің
физиологиялық қасиеттері қаңқа бұлшықетіндегі сияқты, бірақ оның өзіне
тән ерекшеліктері болады:
1) Қозғыштығы. Физиологиялық қалыпты жағдайда бірыңғай салалы
бұлшықет жасушаларының МП - 60 -70 мВ арасында, ал өздігінен қозатын
миоциттерде - -30-60 мВ болады. Қаңқа етімен салыстырғанда,оның ӘП-ның
мөлшері төмен және ұзақтау (10-50 мс), ал мембрананың деполяризациясы
Ca2+ иондарының жасушаның ішіне енуімен байланысты.
2) Өткізгіштігі. Бірыңғай салалы еттердің құрылымды-әрекеттік бір…
6. Бұлшықеттердің тонусы
Бұлшықет тонусы - қаңқа бұлшықеттерінің тыныс алуы және сүйектер мен буындардың жағдайын тұрақтандыруға көмектеседі.
Бұлшық еттердің тонусы белсенді емес қозғалыстар кезіндегі қарсы тұру деңгейіне және пальпация әдісімен анықталатын бұлшық еттер консистенциясына байланысты бағаланады. Нәрестелердің алғашқы туы айларында жоғарғы және төменгі бүгілетін бұлшық еттерге физиологиялық гипертонус жағдайы тән. Әр жастағы дені сау балалардың бұлшық ет тонусы симметриялық аймақтарда бірдей болады. Әлсіз тонус – пальпация кезінде жұмсақ және әлсіз болады Күшті тонус - қатты , созылмалы түрде болады Орташа тонус - аралық жағдай.
7. Динамометрия, медицинадағы маңызы
Динамометрия - бұлшық еттің, не оның бір тобының өршуінен туындайтын күшті динамометр көмегімен өлшеу.
Бұл құрылғы адамның екі қолының бүгілетін саусақтары бұлшық еттерінің қысым күшін анықтауға, сондай-ақ сау адамдардың да, жарақаттардан қалпына келетіндердің де қолдары мен күйін диагностикалауға арналған. Білек динамометрін физиотерапиямен айналысатын дәрігерлер қолданады, сонымен қатар динамометрді құқық қорғау органдарында, әскерилерде және ТЖМ-де қолданады. Күш өлшегіштер кәсіби спортшыларды даярлау үшін таптырмас нәрсе. Білек динамометрінің мысалы ретінде келесі құрылғыларды келтіруге болады: механикалық тұрақты және электронды DMER.
8. Миография.
Электромиография — бұлшық еттің электрофизиологиялық белсенділігін анықтау мақсатында биопотенциалын жазу. Бұлшық еттің сау және сырқат қалпын тексеретін ортодонтиялық тәсіл
Жағдайлық есептер және тестік сұрақтар (мысал)
1.Ғарышкерлер Алексей және Пьер жарты жылдық ғарыштан кейін арнайы түсетін аппарат арқылы жерге қонды. Ғарышкерлер өз беттерінше қозғала алмағандықтан іздеуші топтың адамдары оларды аппараттан шығуына көмектесе отырып вертолетке ауыстырып отырғызды. Дәрігерлер оларда қаңқа бұлшық еттерінің физиологиялық қасиеттері өзгеріске ұшырағанын анықтады. Бұлшық еттерде клинико-физиологиялық зерттеулер жүргізілді.
Бірінші кезекте қандай қасиетті динамометрия әдісімен зерттеуге болады
A. динамикалық жұмыс
B. статикалық жұмыс
C. жұмыс істеу қабілеті
D. қуат
E. күш
2.Сессия уақыты кезінде студент Азат тренировка жасау үшін өзі ерікті түрде жатығулар «планка» жасауды ұйғарды. Бұл жағдайда адамның денесі көлденең орналасады қол немесе иыққа салмақ салу арқылы. Осындай қалыпта қозғалыссыз тұрады. Белсенді қимылдар жасалмайды. Жаттығуды бірнеше секундтардан бастап, бірнеше минуттарға дейін жеткізеді. Бұл жағдайда бұлшықеттер қандай жұмыс жасайды?
динамикалық
статикалық
физикалық
баяу
белсенді
Достарыңызбен бөлісу: |