«Абай қара сөздеріндегі период» тараушасында Абай дербес сөйлемдерді қайталау арқылы параллель байланыстыруды 40-қара сөзінде шебер қолданады. Бұл 40-сөздің бәрі сұраулы сөйлемдерден құралады да, әрбір сөйлемнің соңында сұраулы есімдік қайталанып отырады.
Қорыта келгенде, Абайдың қара сөздері сол кезеңдегі проза синтаксисінің ерекшеліктерін көрсететін жазба ескерткіш.
Біздің талдап көрсеткеніміз Абай қара сөздері ерекшеліктерінің бір парасы ғана. Ақын ғақлиялары терең тілдік құбылыс. Зерттеле түссе, әлі талай сыры ашыла түсетіні күмәнсіз.