1 аббревиатура сөздерді шартты түрде қысқарту немесе оны бастапқы әріптермен белгілеу. Мысалы, АҚш америка Құрама Штаттары



бет2/7
Дата02.07.2018
өлшемі431 Kb.
#46013
1   2   3   4   5   6   7

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922

2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926

3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999



Қосымша:

  1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981

  2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971

  3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986

  4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929

  5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994


3 - дәріс.

Кітап және оның адам мен қоғам өміріндегі ролі

1 Жазу-сызу (графика) таңбалары, жазудың пайда болу тарихы

2 Кітаптану ғылымының кешенділігі
Археологиялық, этнографиялық және жазбаша деректер көрсетіп отырғандай Еуропа мен Азия құрлықтарының Ұлы даласын мекендеген рулар мен тайпалар өздерінің тіршілігі, тағдырлы оқиғалары туралы тасқа таңбалар салып, әртүрлі белгілер қалдырған. Бұларды ежелгі қандастарымыздың өз ұрпақтарына қалдырған хаты деуге болады. Ғылым тілінде оны петроглифтер (гректің петро- тас және глиф- қашау деген сөзінен шыққан) деп атайды. Жазу өнерінің бастапқы түрі болып табылатын бұл таңбалар қашап сызу және түрлі-түсті бояулармен нақыштауға дейінгі ұзақ даму жолынан өткен. Тасқа бейнелеу әдістері Қазақстанда- Жетісу, Солтүстік Балқаш өңірі, Ертіс Алтай аймағында, Сарыарқада, Маңғыстауда жиі ұшырайды.

Жазу-сызу (графика) таңбалары арқылы сөз-лебізді, хабар- ошарды қашықтыққа жеткізу үшін бастапқы кезде түрліше тәсілдер, мәселен, пиктография- “суретті хат”, белгі, ойық салу, т.б қолданылған. “Пиктос” дегеніміз грекше “сурет” деген сөз.

Бір кезде қытай иероглифті жазбасы да сурет секілді болған. Келе-келе суреттер шартты белгіге айналған. Қазіргі қытай иероглифтері дәл осындай.

Жазу-сызу дамуының келесі кезеңі- буын, сына жазуы. Мұнда әрбір белгі белгілі бір мән-мағынаны білдіреді. Американың ежелгі тұрғыны –майя үндістерінің жазу-сызуы да сына белгісін кең пайдаланған.

Ежелгі египеттіктер көне дүниенің барлық елдерінде көп жылдар бойы кеңінен пайдаланылған папирусты ойлап тапты. Папирус Ніл өзенінің жағасында үш-төрт метр бойлап өсетін құрақты өсімдіктің өзегінен жасалған.

Папирус бумасының әдеттегі ұзындығы алты метрге, ені 15-30 сантиметрге жететін Папирус бумалары біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдықта таралды. Кейінірек папирус жерорта теңізі елдерінің жазу-сызуы үшін кең таралған материалға айналды. Папирус шетке шығаратын маңызды зат болды.. Оны әзірлеу мен сату ісі бір ғана перғауындардың қолында болды.

Сондай-ақ ағаш ерте заманнан жазу-сызу үшін материал болған. Қиыр Шығыста жұрт ағаш тақтайшаларға жазған. Жазу-сызу және кітап бастыру үшін бамбук пайдаланылған, одан жұқа тақтайшалар жасап, олардың ара-арасын баумен бекітіп тастаған. IV ғасырда Қытайда жазу-сызу материалы үшін жібек пайдаланылып, одан орамдар жасалған

Көптеген халықтар ағаш қабығына жазу жазған. Ежелгі Русьте қайың қабығы- берестке жазу жазған. Үндістанда пальма жапырақтары мен теңіз бақашанақтары пайдаланылған.

Египетте, Грецияда, Кіші Азияда әсіресе Сирия мен Палестинада бірте-бірте жазу-сызуға мал терісі қолданылған. Біздің заманымыздың алғашқы ғасырларында майя тайпалары бұғы терісіне жазған.

Біздің заманымызға дейінгі I- ғасырда гректер жазу-сызуға жас малдың терісін илеп, өңдеуден жасалған пергаментті бірінші болып пайдаланды. Пергаментті жасау үшін қойдың, ешкінің, бұзаудың терісін пайдаланған. Теріні әк ерітілген суға салып илегеннен кейін жүнінен тазартып, ағашқа керіп қойған. Кептіріп, өңдегеннен кейін бор жаққан. Пергамент папирустен әлдеқайда төзімді болған. Әрі оның екі бетіне де жазу жазған. IV-ғасырдың өзінде кітап өндірісінде басым орынға ие болды. Пергаментке жазылған кітап Еуропада 1000 жыл бойы үстем болып келді.



Кітап өз дамуында үлкен тарихи жолдан өтті. Дәл бугінгі калпына бірден ене қойған жоқ. Әр заман кітабы өз бойына шақ. Мазмұны жағынан да, пішіні жағынан да. Кітаптың кітап болып көзге көрінуі, қолга ұсталуы, оқылуы үшін негізгі үш шарт орындалуға тиісті. 1. Ауызе-кі тіл жазба тілмен толыктырылуы қажет. Мүның өзі жазу-сызудың (письменность) жүзеге асуына байланыс-ты. 2. Жазуды түсіретін материал керек. 3. Жазылганды көбейту, колжазбаны көпшіліктің игілігі ету, яки топтык жөне әлеуметтік байланыс (коммуникация) құралдарына айналдыру ләзім. |

Жазу туралы.Дүние жүзіндегі барша халык дерлік жазу-сызудың негізгі үш сатысынан өткені байқалады. Бүларды бас-басына атайтын болсак, біріншісі — пиктографиялык яғни бейнелеп жазу, екіншісі — идеографиялық (логографиялық) немесе рәміздік (символдық) жазу, үшіншісі — алфавиттік, өріп немесе дыбыс жазуы делінеді. Бейнелеп жазудың таңбалары, суреттері пиктограммалар деп аталады. Ол жеке сөздерге бөлшектенбейді, бугіндей хабар білдіреді. Мысалы, осы жерден үш күндік кашық-тықта аю жүр дегенді хабарлау үшін аюдың суреті және үш сызық белгісі қойылады деген сияқты.

Біздің заманымызға дейінгі екінші ғасырда Кіші Азияның Пергам каласында жазу-сызуға мал терісін илеп өңдеуден жасалған жарыакты пайдалана бастаған. Бұл материалды пергамент деп атап кеткен. Көне пергамент-кодекстен сакталған ескерткіш — «Кодекс Синаитикус» төртінші ғасырда жазылған.

Ежелгі Русь жазу материалы етіп берестаны — кайың кабығын пайдаланғаны белгілі. Үндістанда пальма жа-папрақтарына жазған. Қазіргі жазу-сызу материалы — кағаз тұңғыш рет біздің заманымыздың II ғасырында өндіріле бастады. 105 жылы қытай шебері Цай Лунь өсімдік талшықтарын сүзгіде қалдырып, суспензия жасаған. Қағазды сол сус-пензиядан өндіруді ойлап тапкан. Қытайлар қағаз өндіру төсілін көптеген уақыт кұпияда ұстаған. Еуропада кағаз өндірісі он үшінші ғасырда ғана негізгі жазу материалы-на айналы. Бұдан өзге, Мұхаммед Хайдар Дулатидың (1499 — 1551) «Тарих и Рашиди» («Рашидтің тарихы»), Қыдырғали Жалаиридің (1530 — 1605) «Жами ат-тауарих» (Шежіре-лер жинағы., 1602) деген еңбектері — қазақ рухани әлемінің тамырлары тарих тереңіне кететіндігін көрсетсе керек.

Кітаптану дегеніміз кітап және кітап ісі туралы кешенді ғылым. Бүл ғылыми тұжырымдаманың төркіні осы тараудың бас шенінде айтылғанындай, Лисовский, Ловягин, Куфаевтардан басталады. Соңғы уақыттарда бұл тұжырымдаманы дамытуға белгілі кітаптанушы ғалым-дар А. А. Сидоров, Н. М. Сикорский, А. И. Барсук, И. Е. Баренбаум және басқалары қатысты. Айтыстың және бір пайдасы — кітаптану жөніндегі ғылымның бәрінің басын қосу кажетгігін түсінуге қол жеткізді.

Кітаптану ғылымының кешенді ғылым аталу себебі оның зерттеу объектісі — кітап өндірісінің тұтас, күрделі жүйеден түратындығына байланысты. Автор қолынан шыққан қолжазба редакциялық-баспагерлік өңдеуден өтіп, өндіріске түседі, яки баспаханада теріледі, басыла-ды, бүктеледі, түптеледі. Дайын кітап тиражы (таралы-мы) кітап саудасы және кітапхана жүйелеріне түседі, биб-лиографиялык өңдеуден өтеді. Ақыры кітап оқырман қолына тиеді. Бүл процестер бірімен бірі тығыз байла-нысты, бәрін жинактап келгенде кітап ісі деп аталады. Үлкен Кеңес Энциклопедиясында кітап туралы ғылым анықтамасы былай деп түжырымдалады.

Соңы уакыттарда «кітаптану ғылымының кешенділігі» деген үғыммен катар «кітаптану ғылымдарының кешені» деген ұғым колданылып жүр. Бұл кітаптануға қоңсы, оның шетін ала орналаскан ғылымдарға байланысты айтылады. Мысалы, кітап өнері, яғни кітапты көркемдік жағынан безендіру мөселелерін зерттейтін ғылым өзінің сипаты жағынан кітаптану мен өнертану ғылымдарына бірдей қатысты. Бұл топтағы ғылымдарға интеграциядан гөрі дифференциация тән. Ағайындас ғылымдардан ауылын бөлек, алшағырақ қондырғысы келеді. Дегенмен бұлар да жалпы кітаптану заңдылықтарынан тыс тұра алмайды.

Осыдан барып басылым типологиясы деген ұғым туады. Кітап белгілі бір оқушылар тобына арналуы тиіс. Мұны кітаптану ғылымында жоғарыдағы айтылған кешенді тұжырымдамадан өзгеше қызметшілдік тұжы-рымдама (функционалдық тұжырымдама) деп атап жур. Кітаптану проблемаларына арналған 1974 жылғы және 1977 жылғы Букілодактық конференцияларда жаңағы кызметшілдік тұжырымдама кеңес ғылымының улкен жетісгігі есепті бағаланды.

Кітап оқырманға қызмет етеді. Кітаптану ғылымы зерттейтін мәселелер сол окырман талап-тілегіне бай-ланысты болу керек. Кітапты оқырманмен, ондағы ақпаратгы тұтынушымен байланыста зертгеу — функци-оналдық, қызметшілдік әдіс осы талаптарға негіз-деледі.

Кітаптану ғылымының жалпы теориялық проблемаларын шешуде белгілі кітаптанушы А. И. Барсук елеулі еңбек етті.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922

2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926

3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999



Қосымша:

  1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981

  2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971

  3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986

  4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929

  5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994


4 - дәріс.

Қолжазба кітап

  1. Жазу-сызудың негізгі үш сатысы

2 Әлем алфавиттерінің тарихы
Кітап дамудың көп салалы, сындарлы жолынан өтті. Ол бірден тап бүгінгідей қалыпта болған жоқ. Әр заманда кітап ісі әр қилы дамыды. Кітаптың кітап болып көзге көрінуі, қолға ұсталуы, оқылуы үшін негізгі үш шарт орындалуға тиісті.

  1. Ауызекі тіл жазба тілмен толықтырылуы қажет. Мұның өзі жазу- сызудың жүзеге асуына байланысты.

  2. Жазуды түсіретін материал қажет.

  3. Жазылғанды көбейту, қолжазбаны көпшіліктің қажетіне жарату, яғни топтық және әлеуметтік байланыс құралдарына айналуы шарт.

Дүниежүзінің барша халқы жазу-сызудың негізгі үш сатысынан өткен. Біріншісі – пиктографиялық яғни бейнелеп жазу, екіншісі – идеографиялық (лолографиялық) немесе рәзімдік (символдық) жазу, үшіншісі – алфавиттік, әріп немесе дыбыс жазуы делінеді. Бейнелеп жазудың таңбалары, суреттері пиктограммалар жеке сөздерге бөлшектенбей толық хабар береді.

Әр түрлі таңбаларды пайдалану қиынға түсе бастады. Кітап оқығысы келетіндер саны жиілей бастады. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында әр түрлі елдерде бір дыбысты бір әріппен белгілейтін болды. Сөйтіп әріп және олардың жүйесі – алфавит пайда бола бастады. Тұңғыш алфавит жасағандар – Финикая елінің тұрғындары. Финикаялықтар оңнан солға қарай жазатын болған. Олардың алфавитінде дауысты дыбыстар жоқ, тек дауыссыз дыбыстар ғана әріп таңбамен белгіленген. Орта теңіз жағалауындағы барлық елдер осы жазуды пайдаланған. Оның негізінде арамей (арабтардың бір тайпасы) және грек алфавиттері туған. Арамей алфавитін Шығыс елдері қолданған. Одан қазіргі еврей сириялық, иран, араб алфавиттері дамыған. Бұларда әріп тек дауыссыздарды ғана бейнелейді, дауысты дыбыстар үшін арнайы белгілер қолданылып оңнан солға қарай жазылады.

Грек алфавиті финикиялық алфавиттің жетілдірілген түрі. Онда гректер дауысты дыбыстар үшін де әріптер ойлап тапқан. Батыс елдердің көпшілігі грек алфавиті негізінде латын алфавитін құрастырған.

Ал, кириллицаға келсек, бұл алфавитті бұдан мың жылдан аса бұрын болгар оқымыстысы, ағартушысы Кирилл шәкірті Мефодиймен словяндар үшін арнайы жасаған. Византия алфавиті үлгісімен Кирилл глаголица және кирллица әліппесін шығарған. Глаголица иероглифке өте ұқсас. Жазуға оншама оңтайлы емес. Глаголицаны қысып словяндар кириллицаға көшкен, 19-ы словян тілінің ерекшеліктеріне байланысты.

Қазақстан ертеректе араб әрпін, 1929 жылы латын графикасына жақын жаңа алфавитті қабылдаған. Орыс алфавитіндегі 33 және орыс тілінде жоқ дыбыстарды таңбалайтын 9 әріп қосылған.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922

2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926

3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999



Қосымша:

  1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981

  2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971

  3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986

  4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929

  5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994


5 - дәріс.

Баспа кітап

1 Ксилография немесе ағаш грвюрасы тәсілі

2 Литера құятын тәсіл иесі (Гутенберг)
Баспа кітапқа жол салу жолын зерттегенде ертедегі Шығыс елдерінің тақтайға бедерлі ою жасап, оған бояу жағып, мықтап керілген матаға таңбасын басқан өнерден бастау алған. Кейін матаға нақыш бедер түсіру Еуропаға ауысқан. Дәл осы принцип граверленген, оймаланған ағаш тақтайшалар арқылы сурет, мәтін басу негізінен алынған. Бұл тәсілді ксилография деп атаған. Бірақ бұл тәсілдер қолжазба кітапты ауыстыра алмады. Осы олқылықтың орнын толықтырған ХV ғасырдың тамаша перзенті неміс өнертапқышы Иоганн Гутенберг (1406-1468).

Полиграфиялық процесс белгілі бір баспа формасын, пішінін мәтін немесе суретті бұлардың таңбасын түсіретін материалға, айталық, қағаз бетіне көшіруді көздейді. Бұлайша таңба түсіру түпнұсқаны айнытпай қайталайтын форма (пішін) бейнесін көптеп, көбейтіп басып шығаруға жағдай жасайды.

Пішіннің таңба түсетін шығыңқы және түспейтін ақтаңдақ, ойық учаскелері болады. Таңбасы түсірілетін участокке тиісті баспаханалық бояу жағылады да қысым күшімен қағазға басылады. Таңба түскен қағаз оттиск деп аталады. Баспаның бұл түрін шығыңқы баспа (высокая печать) дейміз.

Шығыңқы баспа формасын жасауға алғашында ағаш формасы жұмсалды. Ұшы өткір металл сайманы көшегімен түсірілуге тиісті форма ойып, қашап түсірілетін. Мұндай тәсілді ксилография немесе ағаш грвюрасы деп атайды. Шығыңқы баспа тәсілін атақты неміс өнертапқышы Гутенберг қағаз материалдың өзгешеліктеріне қарай ыңғайлап, жетілдіріп, баспа станогын жасады. Гутенбергтің негізгі табысы бұл емес, басқа тәсіл. Атап айтқанда – терім формасынан мәтінді жаңғыртып көбейту тәсілін ойлап тапты.

Осы тәсіл арқасында, біріншіден - баспа формасын жасау жұмысы әлдеқайда жеңілдеді. Бұл форма алдын ала терілген элементтерден материалдардан түзілетін болған.

2-ші Терім жіберілетін қатені түзету жолын оңайлатты. Формадан қате кетсе, түзету қиын емес. Қате түскен әріпті (литераны) дұыс дегенімен оп-оңай ауыстырасың. Ксилографиядан қате жіберілсе, жұмысты басынан бастап қайта істеуге тура келер еді.

3-ші Терім жазу ісін бір қалыпқа түсіріп, түпнұсқаны айнытпай, қандай болса, сондай етіп жеткізуге мүмкіндік берді.

Гутенберг алғашында шрифтілерді ағаштан жасап көрген, кейіннен шрифті металдан құйды. Арнайы баспаханалық құйма ойлап тапты. Металдарды әр түрлі қасиеттеріне қарай пайдаланды. Гутенберг баспа станогын ойлап тапты. Оны литера құятын тәсіл иесі деп атайды.

Баспа кітап-күллі баспасөз атаулының атасы. Газет, журналдардың шығуы жылжымалы литерасыз, баспаханасыз бояу мен баспа пресінсіз мүмкін емес. Газет Еуропада Гутенбергтің «В4-2» деп аталатын «Інжіп» кітабынан кейін ХҮІІІ ғасырдың басында пайда болды. Ресейде алғашқы баспа газет «Ведомости» Петр 1 тұсында, 1702 жылы дүниеге келген.
Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922

2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926

3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999



Қосымша:

  1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981

  2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971

  3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986

  4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929

  5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994



6 - дәріс.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет