1 аббревиатура сөздерді шартты түрде қысқарту немесе оны бастапқы әріптермен белгілеу. Мысалы, АҚш америка Құрама Штаттары



бет5/7
Дата02.07.2018
өлшемі431 Kb.
#46013
1   2   3   4   5   6   7

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922

2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926

3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999



Қосымша:

  1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981

  2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971

  3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986

  4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929

  5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994


13 -Дәріс. Кітап және кітап ісінің маман кадрларын даярлау.

Кітап және кітап ісі өркендеген сайын оның заңдыльқтарын, тәжірибесін, қоғам дамуында атқаратын рөлін зерттеу кажетгігі күшейе түседі.



Бастапқы кезде жаңа шықкан кітаптар тізімі беріліп жүрді. Одан соң қай кітап нені жазғаны хабарланатын болды. Библиография деген сала туып, кітаптарға түсінік, сипаттама жасала бастады. Сипаггама зерттеуге ауысты. Бара-бара кітаптың өсу, өркендеу заңдылықтары ашы-лып айқындалды. Осының нәтижесінде білім ғылымға айналды.

Кітаптану — жас ғылым. Калыптаса бастағанына ары кетсе екі-үш ғасыр ғана. Ресейде XVII XVIII ғасырлар-дан бері бас кұрай бастады. Ал қазакта бұл ғыльмның іргетасы енді-енді қалана батағандай. Ізденіс жұмыстары жаңа-жаңа колға алынуда. Сол ізденістерімізде біз де ал-дымен Ресей кітаптану ғылымының даму тарихына зер саламыз. Оның себептері тусінікті. Біріншіден, кай елмен де тәжірбие алмасу артықтық етпейді. Екіншіден, Ресей менҚазақстантағдырлас.

Отандас, замандас авторлардың кітаптары мазмұн, про-блема жағынан орайлас, пікірлес келетіндігі заңды нәрсе. Сндыктан Ресей кітабы мен кітап ісінің теориясы және практикасы, тарихы қазақ кітабына тікелей қатысты. Оны білу, зерттеу казақ кітабының өркен жаюына септік ететіндігісөзсіз.

Кітап ғылымының үлкен орталықтарының бірінен са-налатын Мәскеу кітап палатасы 1920 жылдан бері істейді. 1930 жылы Кітап, кұжат және жазбанама мұражайы кұрылды. Кейін ол аттас институтка айналды. 1935 жылы КСРО ҒА Тарих институтына косылды

Кітапқа катысты барлық оқу орындарында «Кітап білміне кіріспе» (немесе «Кітаптану негіздері», «Жалпы кітаптану») пәндері оку жоспарларына енгізілді. Кітаптану ғылымы бойынша аспирантуралар ашылып, 05.25.04 шифрлы мамандығы бойынша ғылым кандидаттары мен докторларын даярлау жолға қойылды.

Республикамызда ғылыми-зерттеу жұмыстары әсіресе кітап саласында кенже калып отыр. Нарык кыспағы салдарынан кітап өндірісінің өзі күрт төмендеп барады. Кітаптану ғылымы қалыптасқан жағдайдың, атап айтканда, кітап дағдарысының себептерін ашып, киын-дыктан шығудың, орын алған кемшіліктерді мүмкін кадарынша жоюдың тиімді амалдарын қарастыруы.



1994 жылы мемлекеттік баспа орындары тарапынан 686 аталым кітап және кітапша шығарылды. Жалпы та-ралымы 14,4 миллион дана болды. Оның да басым бөлігі (400 аталым) оқу-педагогикалык әдебиет. Қазақ кітабының революцияға дейнгі және Кеңес дәуіріндегі тарихын жазып шығу; соңғы жыл-дардағы кітап хақындағы кұжаттарды құрастырып, кітап не кітапша етіп басып шығару; қазақ кітабы кай-раткерлері туралы жинак құрастырып жариялау.

Кітаптану саласында істелетін жұмыстың бірінші ке-зекте тұрғандары, біздіңше, төмендегідей: бұрын қалыптаскан теориялық мұраны өзгерген жағдайға сәйкес қайта карап, жаңаша қорыту; жалпы теорияны және баспагерлік іс пен кітап саудасының теориясын, тарихы мен методикасын (өдістемесін) талдап шешу; кітаптанумен шектес ғылымдардын бір-біріне әсер ету сипатын анықтау; орыс кітаптану ғылымынан ауыскан терминология тәржімесіне байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізу, сөйтіп казак тілінде кітап жүйесі туралы ғылымның ка-тегориялық-үғымдық жүйсін жасау; республикамыздағы қолжазба қорын тексеріп бағалау; кітаптану ғылымының шет елдік тұжырымдамаларын шолып бағалау; оқыр-мантану ғылымын негіздеу; кітап және ғыльми-техника-лық революция проблемасын талқылау.

Баспагерлік іс саласында — казіргі электрондық тех-ника негізінде редакциялык-баспагерлік процесті қайта құру жолдарын ғылыми негіздеу; баспагерлік репертуар мөселесін бүгінгі талаптарға сөйкес шешу ісін ғылыми жағынан саралау; баспа, кітап саудасы және полиграфия салаларын нарык жағдайында тиімді жүргізу шарттарын қарастыру; баспа статистикасын жетілдіру.

Кітап саудасы саласьнда — ассортимент жүмысы мен еңбек ұйымдастырудың экономикалык тиімді ғылыми негіздерін жасау; нарық экономикасы жағдайында кітап таратудың және таралымың белгілеудің әлеуметтік-эко-номикалық өлшемдерін белгілеу; ең жаңа коммуникаци-ялық техника негізінде кітап тарату ісін кайта күру жол-дарын ғылыми негіздеу; жұртшылықтың сатып алу қабілетін тексеру мен калыптастырудың ғылыми негіздерін жасау.

Библиография саласында - ең жаңа техника негізінде құлақтандыру және іздестіру процесін жетілдіру; библиографияның терминологиялык-ұғымдық аппаратын жолға кою; қазак кітабының барлық кезеңдегі репертуа-рын жасау; «Қазакстандағы кітап және кітап ісі» деген тақырыпта жылнама күрастыру.

Кітап тарихы саласында - кітап және кітап ісі тари-хының теориялық һәм методологиялык принциптерін

тұжырымдау; Қазақ кітабының революцияға дейнгі және Кеңес дәуіріндегі тарихын жазып шығу; соңғы жыл-дардағы кітап хақындағы кұжаттарды құрастырып, кітап не кітапша етіп басып шығару; қазақ кітабы кай-раткерлері туралы жинак құрастырып жариялау.

Кітапкұмарлар қозғалысы саласында — бұл коз-ғалыстың әлеуметтік негіздерін тексеру; кітапқұмар қоғамдарының тарихын зерттеу; жеке меншік кітап-ханалардың қоғамдық маңызын ашып, олардың кұнды-кұнсыздығын аныктайтын тәртіп-ережелерді белгілеу.
Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922

2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926

3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999



Қосымша:

  1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981

  2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971

  3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986

  4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929

  5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994


14 -Дәріс. Кітап және кітап ісін ғылыми басқаруда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің маңызы.

Қазыр біздің еліміз жоспарлы социалистік экономика-дан стихиялы нарық экономикасына көшуді аяқтап келеді. Социализм жағдайында коғамды тұтастай алғанда және оның буын-буындарын, сала-салаларын ғылыми баскдру саналы түрде, алға белгілі бір мақсат койып жасалатын. Жоспардың орындалуы бірде сәтті, бірде сәтсіз шығатын. Енді казіргі көшерін жел, қонарын сай біледі дейтіндей экономиканы, рухани өндірісті объективтілікпен зерттеп, қоғам, мемлекет тарапынан ғылыми тұрғыдан баскару мүмкін бе?

Бұл сұракка берілер. жауап кыска122 әбден мүмкін. Олай деуге екі себеп бар. Біріншісі, Қазакстан жағдайында әлі де мемлекеттік баспа орындары бұрынғы қалпында сакталуы үстіне, екі есе көбейді де. Мемлекет халыктың, бүкіл қоғамның рухани кажетін өтеу барысында өз баспа орындарына белгілі бір бағыт беріп, ісінің оңға басуына камқорлық жасайтыны сөзсіз. Кенес кезіндегідей басшы-лық, бақылауын тым катайтьп ұстамаса да, іс жүзінде жүмысын кадағаламай, шаруа-жабдығына көмектесіп, қолғабыс етпей отырған жоқ.

Жеке меншік баспалардың ішкі жүмысына жалпы ешкім араласпайды. Дегенмен, мемлекет олардың ойдағыдай қызмет етуі үшін тиісі заңдық, құкылык тәртіп жасап беруге міндетгі. Оның бер жағында жеке меншік баспа орындарының иелері баспа, полиграфия және кітап саудасы салаларынын ішкі заңдарымен санаспай отыра алмайды. Мемлекет, қоғам баспаларға маман кадрлар да-ялау жағынан да көмектесуі тиіс.

Өркендеуінің қажет алғышарттары қандай? Бұларды бас-басына атағанда төмендегідей боп келеді: 1) Баспасөз бостандығы. Жалпы баспа ісін жүргізудің заңдылык, қүқылық негіздері. 2. Баспа ісін замана талаптарына сай көтеретін маман кадрлар даярлау. 3. Ғылыми-техника-лық революция жетістіктерін баспа, полиграфия және кітап саудасы саласына енгізуге ат салысу. 4. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жолға қою.

Енді осы аталған принциптердін, жетекші шарттар-дың әркайсысына жеке токталып көрелік.
Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922

2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926

3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999



Қосымша:

  1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981

  2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971

  3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986

  4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929

  5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994


15 -Дәріс. Балалар мен жасөспірімдерге арналған басылымдар.

Өтпелі кезеңде өмір сүріп, дербес мемлекетімізді құрып, өркениетті коғамдық қарым-қатынастар қалыптастырып жатқан бүгінгі біздің замандастарымыздың ауыр азабы мен мехнатының жемісін ертеңгі жас ұрпақ -балаларымыз бен немерелеріміз көретіні ақиқат. Осы сезім біздің отандастарымызды күнделікті тіршіліктің қиындықтарына қарамай, болашақ үшін еңбек етуге, ортақ мүдде жолында топтасуға итермелейді. Елдің болашақ азаматтарының білім мен білікті, ұлттық дүниетаным мен дәстүрлерді, адамгершілік пен ізгі қасиеттерді жастайынан бойына сіңіріп өсуі тек жеке отбасылық қана емес, мемлекеттік мәселе. Тіпті, бүгінгі замандастарымызды алаңдатып отырған ана тіліміздің жәй-күйі де, қазақ кітаптарының тағдыры да болашақ ұрпағымыздың кандай болып ер жетуіне байланысты шешілмек. Егер бүгінгі сәбилер жастайынан кітапты серік етіп өспесе, ертең есейгенде оның кітапқұмар оқырманға айнала қоюы екіталай. Ал кітап оқымайтын адамнан рухани кемелдікті, парасаттылық пен ізгілікті, демократиялық принциптерге берілгендікті күтпей-ақ қой. Сондықтан, балаларға арналған кітаптарды көптеп шығару, оларды тұрақты окырмандарға айналдыру ісі - бүгінгі тәуелсіздігімізді орнықтыру, демократиялық принциптерді орнықтыру жолында жұмсап жатқан барлық күш-жігеріміз нәтижесінің баянды болуына кепілдік беретін үлкен әлеуметтік мәселе.



Сонау сексенінші жылдарда балалар әдебиетін шығарудың жалпы одақтық көрсеткіші 12,8 процент болғанда, Қазақстанда 1988-1990 жылдары балаларға арналған кітап жалпы баспалық өнімдердің 19,2—22,4 проценті болған еді. Мұның мәнісі әрбір бесінші кітап балдырғандарға арналған боямақтардан бастап, ғажайыптар энциклопедиясына дейінгі балалар кітабы болды деген сөз. Сол жылдардың сандық көрсеткіштеріне қарағанда сексенінші жылдардағы бала оқырмандардын жағдайына қызығасың: 1988 жылы көлемі 982,7 есепті баспа табақ 129 кітап атауы 8,8 миллион дана таралыммен шығарылған болса, келесі жылы 1425 баспа табақ кітап атауы 9,2 миллион дана таралыммен шықты.Балаларға арналған кітаптың кемуі 1990 жылдан басталды. Ал оған дейін бұрынғы Одақтың көптеген республикаларында бұл әдебиет шығару күрт кеміген кезде Қазақстан әлдеқайда алда болатын.

Балалар кітабын шығару ісінің өркеңдеуінің бір құпиясы бұл жылдары оны арнайы маманданған „Жалын" баспасының шығаруында ғана емес еді. Өзге де баспалардың ұжымдары бұл жұмысты өздеріне мәртебе санап, жыл сайын бестен он жеті аталымға дейін балаларға арналған кітаптар шығаратын. Бұл келелі іске барша баспалардың қатысатын осындай дәстүрін болашақта да сақтау керек қой деп ойлаймын. Болашақ ұрпақ өмірінде, тәлім-тәрбиесінде кітаптың қаншалықты мән-маңызға ие екені баршамызға белгілі жай. Қандай жанрда болмасын балаларға арналған кітаптар көркімен де, ой-мазмұнымен де сапалы болуы шарт. Өйткені одан жас өскін өмірлік қажетін бойына сіңіреді, ұғынады, көңіліне түйеді.

Қазіргі нарық жағдайында да балаларға арналған кітап ең алдымен рухани қорек болуға, өнегелі мінез-құлық, туған жер мен өз халқына деген сүйіспеншілік қасиеттерін тәрбиелеуге тиіс екеніне көзіміз анық жетіп отыр. Балаларға арналған әдебиет өзінің тақырыптары мен идеяларын әлемдік көпұлтты мәдениеттің классикалық мұрасынан алып, халықтың өмірін, оның адамгершілік салауаттылығын, өмір сүйгіштігін, ата-баларымыздың ықылым замандардан бергі салт-дәстүрін ұрпақ бойына сіңіруге тиіс. Міне, осы себептен де балаларға үлгі-өнеге беруде фольклордың, ертегілердің, халық шығармашылығының рөлі ерекше.

Барша замандардағы секілді балаларға арналған кітап байыпты, тіпті „ересектерге арналған" тақырыптардан да қашқақтамауға тиіс. Содан да болар, 2000 жылы АҚШ-та тұңғыш президентке арналған „Біздің ұлы Медисон балақай" деп аталатын балалар кітабына ең жоғары сыйлық берілді[11,76б].



Назар аударар болсақ, балалар кітабындағы ең жақсы кейіпкерлер әрқашан да жарқын да кесек мінезді адамдар болып келеді, оларға еліктегің келеді. Әдемі суреттермен безендірілген кітаптың балаларға ғана емес, ересек адамдардың да жан дүниесіне әсері күшті. Ал, баланың айналадағы әлемді сезімдік тұрғыдан қабылдауы нақ осындай кітаптардан басталады және екінің бірінде бала кездегі сол бір әдемі әсер бүкіл өмір бойы­на сақталады.

Балалар кітабын шығарудың әлемдік тәжірибесінің арқасында біз қазірдің өзінде сурет-кітапшалар, боямақтар, әдеби шығармалардың кейіпкерлері бар ойыншықтар шығаруды ойдағыдай игердік. Ішінде пластинкалары мен кассеталары бар балалар кітабын шығара бастайтын кез де алыс емес. Ал болашақта әрбір жасөспірім оқырманға оның сүйікті шығармалары бар жеке жинақшалар шығару, балалардың өздері әріп танып кетуі үшін ұйқасты мәтіндері бар кітаптар шығару, балалар мен ата-аналары бірлесіп оқуға арналған басылымдар шығаруды үйрену дұрыс болар еді.

Бұл тұрғыда үш жүз жылдан астам тарихы бар американ балалар әдебиеті бізге рухани мәдениет шығармаларын қалыптастыруға деген бірегей де шығармашылық көзқарастың, айқын бейнеленген патриотизм, әлемдік әдебиеттің классикалық мұрасын ескерудің бірталай үлгісін көрсетеді. Онда ежелгі Грекияның аңыздарынан бастап, осы заманға отбасылық тәрбие тамаша үлгілері ескеріліп отырады.

Тағы бір назар аударатын жай американ балалар әдебиетінің көпұлттық сипаты деуге болады. Онда негрлердің фольклоры да, үндістердің аңыздары да, ағылшын классикасы да үйлесімін тауып, үндесіп жатыр. АҚШ жазушылары балалар кітабын қызғылықты да тартымды, шығармашылықпен ойнақы әзіл араластыра отырып жазуға ден қояды.

Американ әдебиетінде жылма-жыл жүзден астам балалалар жазушыларының тырнақалды шығармалары жарияланады, ал балаларға арналған кітаптар жылдан-жылға көбейіп, олардың саны жылына төрт мыңға жетті. “Баспагерлер тіпті ешқашан шықпайтын кітаптардың өзін оқуға мамандар мен сыншыларды жалдайды. Балалар әдебиетіне ерекше назар аударылады - баспаға келіп түсетін қолжазбалар түгел оқылады. Сонда баспагерлердің іздейтіні не? Ең алдымен шығарма несімен назар аударады: тілі жақсы ма, сюжеті жақсы қиыстырылған ба, беретін мағлұматы қызғылықты ма? Автордың еңбегі тек екі рецензиядан кейін ғана редактордың алдына келеді. Бұл орайда атап айтатын жағдай - келіп түсетін қолжазбалардың бірде-бірі арнайы өңдеусіз басуға берілмейді”[12,253б].

Өзіміздің отандық баспагерлеріміздің де бұл салада бір кезде көптеген игі бастамалары болғанын бүгін еске салуға тура келеді. Сондықтан экономикалық мүмкіндіктердің көбейгені туралы айтқанда, өзімізге сын тұрғысынан келсек, көптеген жақсы кәсіптік дәстүрлерімізден көз жазып қалғанымызды елемеуге болмайды. Ең алдымен балалар әдебиетінің тақырыптық сан алуандығы, оның ассортименті және барлық жастағы оқырмандар топтарын қамтитындығы төмендеді. Бүгінде балалар басылымдарын шығарушылар негізінен проблеманы шешудің оңай жолдарымен жүріп фольклормен және алуан түрлі ертегілер шығарумен шектеледі. Ал сексенінші жылдардың тәжірибесі отызға тарта тақырыптық бағдарлардың болғанын көрсетеді. Бұрын әлемдік, орыс, қазақ классикасы, балалар жазушыларының өлеңдері мен әңгімелері, туған өлке, ұлы адамдар мен ата-бабалар туралы, өнер, табиғат және қорықтар туралы, спортшылар мен музыканттар тура­лы, адамдардың өзара етене адамгершілік қарым-қатынастары, этикалық және эстетикалық тәрбие туралы, ғарыш, ғалам кеңістігі туралы кітаптар шығарылатын. Экономика, компьютерлік техника, гендік инженерия туралы үғынықты етіп жазылған кітаптар, ғылыми фантастика, әлем халықтары балаларының ойындары, қызғылықты пәндер (әліппе, грамматика, география және т.б.) туралы, мемлекетіміздің рәміздері туралы кітаптар, мектеп сөздіктері, мамандықтар туралы әңгімелер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, өзге елдердің қазіргі балалар жазушылары шығармаларының аудармалары және баска да алуан түрлі әдебиет шығарылатын еді. Төмендегі кесте осы кезге дейінгі балаларға арналған кітаптардың сериялары мен түрлерінің қаншалықты мол екендігінен хабардар етеді.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет