1 аббревиатура сөздерді шартты түрде қысқарту немесе оны бастапқы әріптермен белгілеу. Мысалы, АҚш америка Құрама Штаттары


Кітаптану ғылымының функционалдық, қызметшілдік тұжырымдамасы



бет3/7
Дата02.07.2018
өлшемі431 Kb.
#46013
1   2   3   4   5   6   7

Кітаптану ғылымының функционалдық, қызметшілдік тұжырымдамасы

1 Басылым типологиясы

2 Кітаптану ғылымында қызметшілдік тұжырымдамасы(функционалдық тұжырымдама)
Кітап туралы ғылым тараулары кітапқа ғана емес, кітап ісіне қатысты мәселелерді де назарынан тыс қалдырмауы тиіс. Кітап тарихын жазушылар көбінесе кітап тақырыбының, проблематикасының қасынан ұзап шықпайды. Ондай жағдайда кітап тарихынан гөрі оның библиографиясына көбірек ұқсайды.

Кітап пен кітап ісін зерттеу соңғы жылдары оқырмантану ғылымына ұқсады. Бұл заңды нәрсе. Ал, 60-шы жылдары кітаптану құрамындағы жеке салалар қарышты дамыды. Бұлардың әр қайсысы өздерінше «кітап» секілді іргелі категорияның анықтамасын табуға тырысты. Әр сала, кітап үшін қызмет етті. Бірақ, әр сала кітап анықтамасын өзіне бейімдеді. Мысалы: Алиса Александровна Беловицкая өзінің «Общее книговедение» кітабында кітап білімі салаларынан редакциялық баспагерлік саланы бөліп қарастырған. Редакция талқылауынан өткен кезде ғана шығарма қолжазбасы кітапқа айналады. Онда кітап өзінің бет-әлпетін толық айқындайды, нақтылы оқушысын табады, яғни оқырман типін белгілейді.

Осыдан барып басылым типологиясы деген ұғым туады. Кезе келген кітап белгілі бір оқушылар тобына арналуы тиіс. Мұны кітаптану ғылымында қызметшілдік тұжырымдамасы деп аталады.(функционалдық тұжырымдама).

Кітаптану проблемеларына арналған 1974 жылғы Бүкілодақтық конференцияларда қызметшілдік тұжырымдама кеңес ғылымының үлкен жетістігі болып бағаланған.

Кітап оқырманға қызмет етеді. Кітаптану ғылымы зерттейтін мәселелер сол оқырман талап-тілегіне байланысты болу керек. Кітапты оқырманмен, ондағы ақпаратты тұтынушымен байланыста зерттеу – қызметшілдік (функционалдық) әдіс осы талаптарға негізделді. Кітаптану ғылымының жалпы теориялық проблемелерын шешуде белгілі кітаптанушы А. И. Барсук елеулі еңбек етті. Ол кітаптың төмендегідей жалпы анықтамасын береді. «Кітап – бұл қолжазба және баспа шығармасы, немесе екеуінің жиынтығы болып табылады. Кітап – қоғамдық сана туындысы, қоғамның идеялық-рухани өмірінің жемісі, идеологияның барлық түрлерін, (саяси, көзқарас, ғылым, мораль, т.б.) тарату және дамыту құралдарының бірі, әлеуметтік күресті, тәрбиені, қоғамдық пікірді қалыптастыру құралы, ғылыми және техникалық прогресс қаруы).

Кітаптың нақтылы оқырманға қызмет етуі тұрғысынан оның жеке қасиеттерін ғана мөлшерлеп айтуға болады. Мысалы, белгілі бір кітап басылымынң немесе шығарманың кімге арналып отырғандығын, әлеуметтік, таптық қызметін, идеологиясын зерттеуге мүмкіндік ашады.


Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922

2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926

3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999



Қосымша:

  1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981

  2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971

  3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986

  4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929

  5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994


7 - дәріс

Жүйелі типологиялық тұжырымдама

1

2

Дүниедегі құбылыстардың барлығы бір-бірімен байланыстағы бір жүйеден тұрады. Олар бірінен-бірі туындайды, бірінің орнын бірі басады, бірі өшсе, екіншісі жанады. «Жүйе», «жүйелілік» ұғымдары осы диалектика заңдарының нақты көріністерінен табылады. Табиғат пен қоғам дамуы заңдылықтарын тексеретін ғылымдар да бір-бірімен тығыз байланыста, жүйе-жүйемен дамып өркендейді.

Жүйе дегеніміз тұтастық белгісі. Белгілі бір құрылымның, құбылыстың бір-бірімен тығыз байланысты мүшелерден, компоненттерден тұратындығы.

Жүйесіз ғылым жасалуы мүмкін емес. Адам білмегенін білгісі, көрмегенін көргісі келеді. Не мәселенің ақиқатын іздейді. Сол тұрғысында ол білгенін, тапқанын келтіруге, азды-көпті білімін жүйелеуге кіріседі. Жүйеге келтірудің бір амалы кездейсоқтықтан арылу. Ғылым соңғы нәтижеге көңіл бөледі. Құбылыстардың ортақ принциптері мен заңдылықтарын табуға тырысады. Ғылым дегеніміз жүйеге келтірілген білім.

Жүйе дегеніміз белгілі бір құрылымның, құбылыстың бірімен-бірі іштей тығыз байланысты., бірінсіз бірінің күні жоқ компоненттерден тұртындығын және осылардың тұрақты байланыстығы жаңа сапаға көтерілгендігін білдіреді. Жүйенің сапасы оның барлық мүшелерінің жиынтық сапасына тепе-тең емес және сол мүшенің әрқайсысының сапасын қайталамайды.

Жүйенің өзі (система) қосалқы жүйеден (подсистеме) яки белгілі бір компоненттерден тұратын болса, дәл сондай құрылым қосалқы жүйеге де тән. Сондықтан жүйені тұтастай зерттеудің мәнісі қосалқы жүйені тұтастай зерттеудің мәнісі қосалқы жүйені де талдау деген сөз.

Кітаптану – тұтас, жүйелі ғылым. Ол кітап және кітап ісін зерттейді: баспагерлік іс, кітап өнері, кітап саудасы, кітапхана, библиогрфия салалары кітаптану жүйесінің қосалқы жүйелері болып табылады.

Кітап дегеніміз белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік информацияны жеткізуші құрал. Адамдарға бір-бірін біліммен байытудың, әлеуметтік қатынасты жолға қою тәсілінің ең ұтымды түрі. Адамдар қоғамдық – практикалық қызметіне керекті әлеуметтік мағлұматтарды негізінен кітаптан іздейді.

Кітапқа жүйелі көзқарас дегеніміз сол әлеуметтік информацияның оқушысына барар жолын қадағалау, зерттеу. Қызметшілдік қиысушылық тұжырымдамалары кітаптану салаларының арасындағы тұрақты байланыстарды ашуда үлкен рөл атқарады, жаңа ғылымның өрісін кеңейтті. Кітаптану – кешенді ғылым. Жүйе, құрылымы күрделі. Өз алдына бөлек, бірақ бір-бірінсіз күнелте алмайтын іштей тығыз байланысқан тұтас жүйе. Ал осы тұрақтылық байланыстан туатын тұтастық жалпы кітаптануды жаңа сапаға көтереді. Жаңа сапаға көтеретіні – кітаптану өз жүйесіндегі ғылымдардың жай қосындысы емес және сол ғылымдардың біреуінің де қайталамасы емес. Жүйелі көзқарас дегеніміз, міне, осы жаңағы сапалы тұтастық.

Қазіргі кезде кітаптану ғылымының негізгі әдісі ретінде жүйелі типологиялық әдіс қолданылуда.

Кітаптанудың жүйелі – типологиялық әдісі тірек қылатын үш негіз мыналар:

1. Кітап және кітап ісі жүйелі, сатылы құрылымнан тұрады.

2. Бұл жүйенің өзі басқа, өзінен жоғары жүйенің буыны. Жоғары жүйе деп отырғанымыз – табиғат пен қоғамда объективтік өмір сүретін информациялық процесс.

3. Кітап және кітап ісі тұтас жүйе есебінде қоршаған шындық дүниемен айрықша байланыста дамиды.

Кітаптанудың жүйелі – типологиялық әдісін біз оның объектісі кітап және кітап ісін ғылыми басқару жолдарын белгілеуде пайдаланмыз.

Бұл тақырыптың әңгімесін өткен тарауларда бастағанбыз. Кітаптану дегеніміз кітап және кітап ісі туралы кешенді ғылым дедік. Осы анықтаманың өзінен-ақ кітаптану ғылымының нені зерттейтінін, тұтас жүйесін аңғарамыз.

Кітаптану ғылымының туу, қалыптасу жолы оңай болмағандығын біз оның тарихынан жақсы білеміз. Ғылымның зерттеу аймағын аныктау, ана жер, мына жер-ден өз алдына отау тіккен, бірак іштей туыстас, арнасы бір дара пәнді ғылымдарды ортақ шаңырақ астына жи-нау оңайға түскен жоқ. Үлкен өзен теңізін таппай тын-байды. Сол секілді үлкен білім тармақтары кұяр жүйесіне карай ұмтылады. Бүл — объективтік процесс. Яғни жоғарыда сөз етілген жүйелі-типологиялық әдіс ғылым-ның даму заңдылыктарынан туып табиғи калыптаса бас-тайды деген сөз.

Жүйелік түтастыкка үмтылу кітаптануға ғана тән емес. Барша ғылым осы жолдан өтті. Оған ғылымтану тарихы анық айғак. Табиғат және коғам туралы ғылы-ми білімдерді топтастыру, жүйелеу бағытындағы өрекет өсіресе XVIII ғасырда кеңінен өріс алды. Нешеме алуан шашырап-бытыраған мағлүматтар, қағидалар, ілімдер жіктеліп, жүйеленіл келіп тоғысуынан білім ғылымға ай-налды. Өз алдына зертгеу болмаса да, зерттеу жемісгерінің казыналы қоймасына бара-бар энциклопедия жасау иде-ясының дәл сол XVIII ғасырда тууы әбден заңды еді. Соның нәтижесінде ғылымдардың бір-бірімен іштей бай-ланысы ашылды, олардың кайсыбіреулерінін сағасы нда жаңа ғылымдар туып дамыды.



Кітаптаптану ғылымы өз тарихынын өн бойына өз салаларында жинақталып қорытылған ғылымдардың басын біріктіруге, оларды жіктеп жүйелеуге, ортақ заңды-лықтарын табуға тырысты. Өз зертгеу объектісін, яғни нені, ғылымның қай саласын зертгейтіндігін, пәнін, кұра-мын (состав), кұрылымын (структура), өдістерін анықтапалуға қмтылды.

Кітаптану ғылымының калай калыптасқаны алдынғы тарауларда егжей-тегжейлі көрсетілді. Әуелі кітаптану практикасында эмпирикалық білім жинак-талды, нактылы кітаптану салалары әр жақты тексерілді, содан барып белгілі кезеңде кітаптану ғылымы бой тү-зеді.

Енді кітаптану ғылымы жаңа сапалы негізде дамуда. Ол философия, жалпы ғылым заңдарына сүйенеді. Оның тағы да бір қозғаушы күші — арнайы, салалық кітаптану ғылымдарының жетісіктері. Сонымен бірге жеке, арнайы кітаптану пәндері жалпы кітаптану ғылымы теориясы-ның жемістерінен нәр алады.

Кітаптану — кешенді, жүйелі ғылым. Онын кұрамы-на көптеген жеке дара кітаптану пәндері енеді. Солардың басты-бастыларынан төмендегідей негізгі төрт жүйеге тоқталамыз:

  • Кітап баспагерлік білімі жүйесі.

  • Кітап саудасы білімі жүйесі (библиополистика).

  • Кітапхана білімі жүйесі (кітапханатану).

  • Библиография білімі жүйесі (библиографиятану).

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922

2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926

3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999



Қосымша:

  1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981

  2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971

  3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986

  4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929

  5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994


8 -Дәріс. Кітап музейі.

Кітап – қоғамның рухани күштерін дамытудың қуатты құралы, мәдениеттің қайнар бұлағы, оның өзекті саласының бірі. Рухани мөлдірліктің, биік парасаттың, асқақ адамгершіліктің, арқалы ойдың қоймасы. Кітап арқылы біз өткенге көз жібереміз, одан қымбат мұра жинаймыз, тәжірибеге кенелеміз. Мінеки, осынау кітаптың қалыптасу, даму тарихы өте күрделі. Ежелгі заманда жазуды қыш текшелеріне, тақта тастарға таңбалайтын болған. Ал, біздің заманымыздан бұрынғы 25-ғасырда қыш текшелердің орнына қамыс (папирус) қолданылған. Содан соң біздің заманымыздан бұрынғы 2-ғасырда тері жарғақ (пергамент) қолданыла бастайды. Бертін келе біздің заманымыздың 1-ғасырынан бастап, түптелген, парақты бүктеме кітап дүниеге келді. Қадым замандар шежіресі, міне осындай ғажап сыр шертеді.

Кітаптың сан-салалы жасампаздық мән-маңызы ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту мекемелерінің қызметтерінен айқын көрінеді. Солардың бірі – Қазақстанда 1978 жылы 20 қазанда ашылған Республикалық кітап музейі. Музейдің әр тарапты жұмысында оған бірегей кітапқұмарлар, ғалымдар, жазушылар, баспагерлер ұдайы көмек көрсетіп отырады. Музейдің алтын қорында белгілі ғалымдар меншігінде болған көптеген басылымдар бар.

Кітап музейінің ашылуы Қазақстанның мәдени және рухани өміріндегі елеулі оқиға болды. Біршама қысқа мерзімнің ішінде музей өзін біздің егеменді мемлекетімізде ғана емес, сонымен бірге одан тысқары жерлерге де кеңінен мәлім етті. Музей экспозициясын қазірдің өзінде Достастық мемлекеттерден, алыс шетелдерден келген қонақтар аралауға мүмкіндіктер жасалған. Музейдің кітап сақтау бөлімі түрлі басылымдармен жылма-жыл толықтырыла түсуде. Оның бес қоры бар. Негізгі қорда Қазақстан баспалары шығарған әдебиеттің барлық түрлері мен жанрларын қамтитын сан мыңнан астам кітап сақтаулы.

Музей босағасынан аттаған бетте алғашқы залдың бүкіл сол жақ қабырғасын алып тұрған электрлендірілген карта орналастырылған. Онда Қазақстанның кітап баспаларының, полиграфия кәсіпорындарының желісі көрстеілген. Ол картаға қарап республикадағы кітап бастыру ісінің қазіргі жайы туралы түсінік алуға болады.

Қазір Алматыда мемлекеттік 12 баспа бар. Олар – «Қазақстан» (қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік, өндірістік-техникалық, анықтама әдебиет).

«Жазушы» (көркем әдебиет,фольклор мен әдебиеттану).

«Рауан» (мектептерге арналған оқу-педагогикалық басылым).

«Жалын» (жастар әдебиеті).

«Өнер» (музыка мен өнер жөніндегі кітаптар).

«Қайнар» (ауылшаруашылық әдебиеті, кейінгі жылдары аспаздық кітаптар шығаруда).

«Ғылым» (ғылыми басылымдар).

«Қазақ энциклопедиясы», «Ана тілі» (жоғары және арнаулы орта оқу орындарына арналған оқу-педагогикалық әдебиет).

«Қазақ университеті» (оқулықтар мен ғылыми әдебиет).

«Балауса» (балаларға арналған кітаптар).

«Дәуір» (республикалық газет-журналдар мен кітаптар).

Музейдің қызметі түптеп келгенде еш нәрсемен айырбастауға болмайтын құбылыс.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922

2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926

3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999



Қосымша:

  1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981

  2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971

  3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986

  4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929

  5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994


9 -Дәріс. Кітап баспагерлік білімі жүйесі.

Кітаптың адам мен коғам өміріндегі маңызын жете түсінген елде оны әкімшілік саясаттың өктемдігіне құрбан етпейді. Тілі кісендеулі кітап, сайып келгенде, ғылым өрісін тарылтады, елді рухани мешеулікке, мәңгүрггікке әкеліп соқтырады. Идеялық-саяси, ғылыми өрісі кең, ерікті әдебиет жасау — әлеуметтік-экономикалық прогрестің басты шарттарының бірі.

Ерікті баспасөздің және бір артықшылығы — жеке адамды мемлекетпен, тұтас әлеммен байланыстырады, дейді Маркс. Бұл да жаны бар сөз. Өзіңмен өзің болсаң, пікіріңді елге естіртіп ашық айта алмасаң, — нағыз мола-сындай бақсының жалғыз калдымға ұшырауың ғажап емес. Сонымен бірге ел мұңұқтажын еркін білдіруге пұрсат берген мемлекеттің айтам деген сөзі үшін әр үйдің кұлағы түрік, жүрегі ашық.



Соңғы жетпіс жыл бойы Коммунистік партия өз косемінің нұсқауларын мүлтіксіз басшылыкка алып келді. Ленин газет, журнал т.б. партия ұйымдарының органына айналуы керек десе, бұл талап асыра орындалды. Тек партиялык баспасөз ғана емес, бүкіл бұкаралық ақпарат күралдары, кітап — баршасы партиялық катаң басшы-лық, бақылауда болды. Баспалар, қағаз, дүкен, кітапхана атаулы қарамағына алынды. Жазу-сызумен айналысатын каламгерлер, әдебиетшілер партияға өтуі тиіс десе, тек бұлар ғана емес, суретшілер, сазгерлер, киношылар, — өнер иелерінің бәр-бәрі Коммунистік партияға мүше болуга тырысты, мүшелікке алынбағандары да партия-ның дегенінен сыртқары шыққан жоқ.

Ресейдегі баспасөздің бір елі аузына екі елі кақпақ қойылғаны рас. Бірак сол кесапат патшаның тактан түсуімен тиылды ма?

Сүрақтың жауабын өмірдің өзі кайтарды. 1917 жылғы Ақпан мен Қазан төңкерістері аралығындағы бостандық ауасын енді жұтам деген баспасөз Кеңестің алғашкы кезінен-ақ тұншыға бастады. Самодержавие түсында

коммунистік идеология қуғынға ұшыраса, енді буржуа-зиялык идеология дейтінге ымырасыз күрес жариялан-ды. Партиялык принцип күллі ойлау, сезіну жүйесінің казығына, бұлжымас принципіне айналды.

Баспа академиясы жанында Оқу-методологиялық бірлестік (УМО) құрылған. Ол салалас оқу орындарын оқу багдарламасымен, оқу-методикалық қүралдармен кам-тамасыз етеді. Қазіргі кезде Баспа академиясы оқулық-тардың жаңартылган нұскаларын әзірлеу үстінде.

Маман кадрлар даярлауда Мәскеу, Санкт-Петербург, Саратов, Новосибирск калаларындағы кітап саудасы тех-никумдары айтарлыктай жұмыс атқаруда. Мәскеу техни-кумы жуықта колледж статусына көтерілді. Мұнда эко-номикалык және бухгалтерлік пәндердің сағаты көбей-тілді. Мақсат — товаровед-бухгалтер мамандарын даяр-лау. Енді менеджмент, өндіріс басшыларын өзірлемек.

Кітап ісіне ғылыми басшылық жасау дегеніміз маман кадрлар даярлау жөніндегі алдынғы қатарлы елдердің тәжірибесін іске асыру жолдарын іздестіру деген сөз. Ресейдегідей көлемде болмаса да, Қазакстанның кітап және кітап ісін болашакта ғылыми негізде, биік профес-сионалдык дәрежеде жүргізетін білгірлер даярлау «әлі көрерміз» деген сиякты арқаны кеңге салушылыкты көтермейді.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет