1 аббревиатура сөздерді шартты түрде қысқарту немесе оны бастапқы әріптермен белгілеу. Мысалы, АҚш америка Құрама Штаттары



бет4/7
Дата02.07.2018
өлшемі431 Kb.
#46013
1   2   3   4   5   6   7

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922

2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926

3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999



Қосымша:

  1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981

  2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971

  3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986

  4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929

  5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994


10 -Дәріс. Кітапханатану білімі жүйесі.

Кітаптануға шектес, жапсарлас ғылымдар дегенде тексеру объектісі мен пәні жөнінен ішінара ұқсас, бірінің зерттеу нәтижелерін екіншілері іске жарата беретін ғылымдарды бөліп атаймыз. Кітаптанумен мұндай шек-тес, туыстас ғылымдар аз емес. Мысалы, кітап өнері, окырмантану т. б. салалар. Осының алдындағы тарауда бұларды біз кітап ісі білімі жүйесіне косқанымыз жоқ. Қоспауымыздың себебі кітап өнері ғылымының теория-лык моделі екі ұдай. Ол кітаптану ғылымынын да, өнер-тану ғылымының да зертгеу объектісі, яки оны екі ғылым-ның екеуі де зерттейді.



Кітіп өнері хақында ғылыми еңбек көп жазылды. Олардан ауызға жиі алынатындары — А. А. Сидоровтың «Исторйя оформления русской книги» (1946), «Русская графика начала XX века», В. Н. Ляховтың «Очерки тео-рии искусства книги» (1.971) атгы еңбектері. Ал осы екі ғалымның екеуінің аталған кітаптары кітаптану мен өнертануға артық-кемі жоқ бірдей қатысты. В. Н. Ляхов өнертану ғылымының докторы. Солай бола түрса да, оның кітаптың теориялык моделі туралы анықтамасы кітаптану ғылымы талаптарына да сай келеді

Жалпы кітаптанудың теориялык моделі бойынша, «кітап дегеніміз кітап ісіндегі кітап». Кітаптын теория-лык моделін көрсету үшін әрдайым бұл қағиданы толық айтып шығу мүмкін емес. Ляхов «кітап — адамдар каты-насының құралы бүқаралық информация каруы.> деген-де, бұл анықтамасын жалпы кгаптану денгейілен жасап отыр. Мүнда кітап белгілі бірөндіріс нәтижесі есебінде көрсетілген. Ал нотижеге бар процестің бөріи, кітаптың қандай саты-салалардан өтетіндігін кіргізудің еш қажеті жоқ.
Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922

2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926

3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999



Қосымша:

  1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981

  2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971

  3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986

  4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929

  5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994


11 -Дәріс. Кітаптану білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны және басқа ғылымдармен байланысы.

Ғылым атаулы шартты түрде үш топқа бөлінеді. Біршші тобына жаратылыстану гылымдары, екіншісіне коғамдық ғылымдар, үшіншісіне техникалық ғылымдар жатады. Кітап осылардың бәріне ортақ. Объективтік, субъективтік дүниеде кітапта жазылмайтын тақырып іс жүзінде жок.

Кітап — коғамдык. күбылыс. Ол коғам дамуының белгілі сатысында дамып, өркендеді. Кітаптану гылымы сол рухани дүние жемісінін қоғамда алатын орны мен рөлін көбірек тексереді, солардың заңдылықтарын ашып отырады. Сондыктан ол қоғамдык ғылымдар тобына жа-тады.

Бұдан кітаптану жаратылыстану ғылымдарынан окшауланады деген үғым тумайды. Жаратылыстану мен коғамтану ғылымдарының ортак белгілері көп. Қазір ғылым атаулы тікелей өндіргіш күшке айналып отыр. Ол өндіріспен қоян-қолтык ынтымак жасап, оған жаңа идеялармен дем салғандай, үнемі алға жетектеп отыра-тын құралға айналған. Ендігі прогрестің карқыны ғылым, техника, өндірістің өзара ықпалына байланысты. Қолжазба және баспа кітабының туу, қалыптасу, өркендеу процестерін зерттегенде кітаптану тарих ғылы-мының деректерін кең пайдаланады. Кітап тарихы — сол кітапты туғызған және соны оқып үйренетін бүкіл адам-заттың және әр ел халкының тарихы. Демек, кітап тари-хын жаһан және ел тарихынан бөліп алып қарауға бол-майды. Бүл — бір. Екіншіден, тарих ғылымының мағлұматтарын кітаптану пайдаланса, кітаптану салала-рыньң тапқан жаңалықтарына тарих ғылымы молығып отырады. Кітаптану өз ізденістерінде археология мағлұматтарына көз жібереді. Айталык, шрифтология деп аталатын кітап өнерісаласынын бірі өзі шыккан тегін таска ойылып жазылған не пергаментте калған таңбалардан іздестіреді. Оның есесіне шрифтологияның табыстарына археология ғылымы ортактасады.

Кітаптану, әсіресе оның редакциялық-баспагерлік саласы логика ғылыммен үштасып отырады. Сондпй-ақ тіл білімімен тығыз байланысты. Логика — ойлау злндары мен нысандары турялы ғылым. Ал ойлау тіл арқылы жарыққа шығады. Тіл мен ойлаудың өзара катынасы тіл білімі мен логиканы дәнекерлеп байланыстырады. Кітаптану осы кос ғыльшның жетісетістіктерін практикалык стилистика, жалпы тіл ұстарту, кітапты тіл жағынан мәдениетті, сауатгы шыгаруға пайдаланады. Автордың бәрі бірдей айтайын деген ойын дәлме-дәл етігі кагаз бетіне түсіре бермейді. Кейбіреуі ойын шашыратып алады, бірді айтып бірге кетеді. Кайсыбірі тілге олақ. Редакциялау ісінің теориясы мен практшсасы атты курс тілдік катего-риялар ерекшелігі мен бірлік түтастығьш жетік білуге баулиды.

Ктаптану ғылымы тіл білімінің және бір жүйесі — семиотикамен байланысты. Бұл жерде ол тілмен оның коммуникативті рөлі жағьшан жанасады, танбалардын жалпы теориясы туралы ғылым — семиотикамен байланыска түседі.

Жалпы кітаптану ғылымы философиямен іштей байлаысты. Философия дегеніміз табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдары туралы ғылым.

Одан кітаптану үнемі нәр алып отырады. Барша құбылысты өзара байланыста, қозғалу, өзгеру, даму тұрғысынан зерттейтін диалектийка заңдылықтарын мүлтіксіз басшылықка алады. Жоғарыдағы тексерулерден көзіміз жеткеніндей, кітап құбылысынын сыртқы байланыстарын есептемегенде, оның сала-саласынын өзі де бір-біріне байланысты, шарттас. Міне, осы кітап пен кітап ісін іштей өзара тығыз байланыста саралағанда, кітап салаларын бір-біріне тәуелді, бірінен бірі туындайтын құбылыстардың жиынтық жүйесі есебінде қарағанда ғана кітап табиғатын толық танып білуге болады.

Кітаптану негіздері — университетіің журналистика факультетінде өтілетін теориялык жөне методологиялык пән. Бұл пәннің алдына қоятын максаты мен міндеггері қандай? Оны игеруді неден бастауымыз керек? Кай мөселеден бастаған дұрыс сабақты? Сауалдың жауабы сол — алдымен кітаптану ғылымының негізгі объектісі — кітаптың адам мен қоғам өміріндегі орны мен рөлі тұра-ды мөселенін басын ашып алуымыз қажет. Мұның өзі түсінікті де. Кітап жайында гасырлар бойы түзілген сан қилы қашдаларды, байламдарды екшеп қорыту арқылы рана кітаптану ғылымы үгымдары мен терминдерін, оның басты-басты теориялык һәм методологиялык мөселелерін талдап тарактауга кең мүмкіндік, нақтылы жол ашыла-ды.

Кітап туралы, оның қоғамдық, әлеуметгік кұбылыс болып табылатындығы, коғам мен адам өміріндегі кызметі жөнінде бұрын-соңды айтылған пікірлерді теріп, жинак-гаған басылымдар баршылык. Солардан студенттер «Хрес-гоматия по истории русской книги. 1564—1917». М., «Кни-томатияда. 1965), «Учись работать с книгой» («Молодая гвардия», 1961) деген кітаптарды парақтап шығуларына болады.

Енді бір есте болатын мәселе біз кітаптану ғылымынан басқа ілімдерді жат деп аластап шықтық. Мыса-лы, діни көзқарас мүлде есепке алынбады. Бір ғана дүниетаныммен шектелген адам ойлаудан калды, жаттап алған бірнеше кдғидаларға тұсалып, карилікке, догмат-шылыкка ұрынды. Ал діннің де кітап жөнінде айтары мол.

Кітап дегешміз не? Бұл сұраккқа толыққанды жауап қайтаратын анықтама түзу қиын. Кітаптың бұрын-соңды жасалған анықтамаларын талдау бұған айқын дәлел. Кітаптанудың өзі және оның салалары тұрғысынан жасалған анықтамалар негізінен дұрыс, шындыққа қайшы келмейді десек те, бұл кұбылыстың барша кадыр-қасиетін, белгі-сипатарын толық, жан-жакты, жеріне жеткізе кам-титындай қағида жасау мүмкін емес. Кітаптың мөні жөне оның әлеуметтік кызметі жөнінде талдап шешілген пікірлерді, қағидаларды бір тұжырымның не анықтама-ның кауызына сыйғызбай-ак, ретін тауып жүйелеу әбден мүмкін. Жүйелегенде, мұның мәнісі — тексеріліп отырған объектінін, яғни кітаптын бар қасиетін, белгі-бедерлерін жіпке тізе беру дегендік емес. Одан пәлендей нөтиже шықпайды.
Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922

2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926

3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999



Қосымша:

  1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981

  2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971

  3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986

  4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929

  5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994


12 -Дәріс. Кітап және кітап ісінің материалдық, экономикалық негізін нығайтып, байытып отыру.

Кітаптану ғылымы үлкен тарихи жолдан өтті. Кітап және кітап ісі тарихын, теориясы мен методологиясын зерттеу барысында ол қыруар материал, фактілер жинақтады, теориялық ізденістерін тереңдетті, ғылыми әдістерін жетілдірді. Тамшыдан бұлақ, бүлақтан өзен құралатыны секілді, ой-пікірлер жалғаса, ғылыми айтыс-тартыс дүкенінде шыңдала, қордалана келе, кітап тура-лы мол ғылым бас қүрады. Кітаптану тарихы дегеніміз кітап туралы білімнің, міне, осы туу, қалыптасып өсу, өркендеу жолдарын тексереді. Пәні кітаптану білімінің жасалу процесіне үңілуді, жетекші заңдылықтары мен бағыттарын айкындап түйіндеуді көздейді. Кітаптану тарихы ғылымының міндеті зор. Ол ең ал-дымен кітап білімінің тарихы, теориясы мен методологи-ясы арасындағы диалектикалық байланыстарға тереңдеп үңілуге тиіс. Қандайда ғылым қараңғыда қармалап қалғысы келмесе, өз теориясы мен методологиясын жа-сап алуы керек. Теориясыз — практика, практикасыз — теория тұл. Ал теория мен өдіс сан ғасырлар бойғы ізденістер тәжірибесінен кұралатыны мәлім. Қазіргі кітаптану осы орасан төжірибеге сүйене отырып, өз саласындағы білім қорын жүйелеу ісін жетілдіруде, тео-риялық кағидаларын бүгінгі талаптар деңгейінен қайта карап дамытуда, кітап туралы ғылымның ерекшеліктерін, кітаптың адам мен коғам өміріндегі рөлі мен қызметін айқындай түсуде.

Кітаптану тарихы — кітап туралы ғылымның күрам-ды және маңызды бөлімдерінің бірі. Ол басқа ғылымдар сияқты қоғамдык практикаға қызмет етеді, нақты айтқанда кітап және кітап ісін ғылыми басқару, кітаптану ғылымын жаңа белеске шығару мақсатына жегіледі.

Кітап әлемдік экономикалық және мәдени дамудың ішкі қажеттілігінен туды. Кітап өндірісі өнеркөсіптің үлкен тармағына айналды. Кітап саны көбейген сайын оны реттеу, жүйелеу қажетгігі күшейе түсті. Оны адам-дардың рухани талаптарын неғұрлым тиімді өтеу міндеттеріне жұмылдыру жолдары зерттелді. Сөйтіп кітаптану ғылымының табантасы қаланды. 1778 жылы Австрия библиографы Михаэль Денис (1729—1800) «Кітаптануға кіріспе» деген еңбек жазды. Тақырыбынан көрініп тұрғанындай, ол жаңа ғылымға, оның мазмұнына сәйкес терминді дәл тапты. Ол «библиография» ұғымын кең мағынада қолданады. Бүл пәнге қосымша диплома-тика, типографика, ісітаптану пәндерін енгізеді. Яғни әуел бастан-ақ кітаптанудың қүрама сипатты, кешенді (комплексті) ғылым екендігі дүрыс анықталады. Фран-цуз ғалымы Рошель «Библиография ғылымы туралы ой-лар» деген еңбегінде (1782), жаңағы түсінікке ұқсас пікір айтады. Ол библиографияны екі тармаққа бөледі де, біріншісіне «тарихи-әдеби», екіншісіне баспахана өнері са-лаларын жатқызады.

Ендігі бір француз ғалымы Пеньо (1767—1849) кітаптану ғылымы орнына қолданылып жүрген библиог-рафия терминіне қосымша «библиология» терминін ғылы-ми айналымға енгізді. Өзінің «Библиология жөніндегі түсіндірме сөздік» (1804) кітабында библиография ғылы-мының теориясы болуға керек, мұны зерттейтін саланы «библиология» деп атаймыз,бүл пән «бір жүйеге түсірілген адамзат білімдеріне талдау жасайды... адамзат ойы та-быстарының әр қадамын қадағалап, жазба әлемі

шежіресін»деген.

ХVШ ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың бірінші жарты-сына дейін кітаптану ғылымы библиографиялық сипат алып келді. Кітаптану жүйесіне библиография, типогра-фика, кітапханатану, жазу тарихы ғылымдарын қосып зерттеген. В. Г. Анастасевич библиология мен библиогра-фия теориясының арасына теңдік белгісін қойып, оның жүйесіне кітап тарихы, баспагерлік іс, кітап саудасы, кітапханатану, палеография (жазба ісі), архивтану секілді пәндерді енгізді.

Кітаптану философиясы дегеніміз міне, осы кітап ту-ралы ғылым, оның теориясы мен методологиясы. Ол кітап хақындағы біліміміздің жүйесін қүрайды. Кітаптың та-рихи фактор есебіндегі орны мен рөлін анықтайды. Ку-фаев кітаптану ғылымы жүйесіне кітап философиясын, библиологияны, кітап ісі, библиопсихология мен библио-социологияны енгізген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет