1. Адам туралы ғылым жүйесіндегі психологияның орны


Қақтығыстың құрылымдық және деструктивті функциялары



бет21/27
Дата16.10.2023
өлшемі72,01 Kb.
#185900
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27
Байланысты:
1. Àäàì òóðàëû ?ûëûì æ?éåñ³íäåã³ ïñèõîëîãèÿíû? îðíû 2

34 Қақтығыстың құрылымдық және деструктивті функциялары.
Қақтығыс - бұл тараптардың мүдделеріне сәйкес келмегендіктен туындайтын белгілі бір қайшылық немесе қарсы тұру. Адамдар немесе олардың топтары арасында өмір сүру барысында пайда болуы мүмкін.
Деструктивті - ұрыс-керіс, негативтер, кейде физикалық зорлық-зомбылық кезеңіне өтуі мүмкін. Деструктивті қақтығыс болған кезде, оған қатысушы адамдар бірқатар жағымсыз эмоцияларды сезінеді, мысалы бас тарту, реніш және ұят.
Құрылымдық (конструктивті) - конструктивті қақтығыстың ерекшеліктеріне басқаларға қолдау мен құрмет, сондай-ақ ашықтық пен ынтымақтастық жатады. Конструктивті қақтығыстарға қатысатын адамдар қаралатын мәселелерге шоғырланып, жанжалды ойдағыдай шешуге ұмтылады.
35.Қақтығыстың типтік сатылары
Ғылыми-әдістемелік, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде ғылыми халықаралық термин – конфликт қазақ тілінде қақтығыс, егесу, керісу, жанжал, дау-жанжал, тартыс деген мағыналарда жиі қолданылады. Бұл аталған ұғым, түсініктер оқушыларға білім беру, оқыту, үйрету барысында, оларды тұлға ретінде қалыптастыруда, олардың мәдени қарым-қатынасында, мінез-құлқында жиі көрініс табатыны белгілі.
Оқушылардың даму процесінде, олардың жас және жеке педагог-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты, олар арасындағы қақтығыс және оның басқа түрлерінің келіп шығуы, пайда болуы табиғи нәрсе екендігін де ұнытпаған жөн.
Ғылыми-педагогикалық және психологиялық туындыларға сүйене отырып, қақтығыс (конфлик)тің мынадай түрлерін атауға болады: «тұлғааралық қақтығыстар, отбасындағы (ерлі-зайыптылар) қақтығыстар, басшы-бағынушылар» арасындағы қақтығыстар, әлеуметтік топтар арасындағы қақтығыстар, саяси және мемлекетаралық қақтығыстар және т.б.
Сонымен қатар, педагогикалық мамандыққа қатысты «педагогикалық еңбек, қызметтегі қақтығыстар», инновациялық (жаңалықтар енуімен байланысты) қақтығыстар»ды өз алдына бөліп жеке қарастыруға да болады.
Қақтығыс, конфликт адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясының негізгі бір компоненті болғандықтан сол ұнамсыз қатынастың келіп шығу себептері, факторлары, жағдайлары, оның түрлері, технологиясы мен механизмі, көріністері, дамуы немесе тежелуі, оларды болдырмау немесе шешімін табу жолдары сияқты мәселелерге жан-жақты тоқталамыз. Мамандық саламызға сай тұлғааралық қақтығыстар мәселесі тереңде жан-жақты қамтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет