34. «Әлемді өзгерткен ұлы тұлғалар» тақырыбында дереккөздерді пайдалана отырып өз ойыңызды талдап жазыңыз. ЖМ Ақыл – адам бойындағы ең асыл қасиет. Оны ештеңемен алмастыруға да, салыстыруға да болмайды. Айталық сізді қараптан қарап тұрып ит қауып алды делік. Егер әлгі иттің ақылы болса қабар ма еді? Тіпті жылқының иесін теуіп, сиырдың сүзіп жіберуін де осы тектес мысал ретінде айтуға болады. Бұл жан-жануарлар мен хайуанаттарда сананың дамымағанын дәлелдейді. Олардың жанында адамның жаратылысы мен болмысы керемет. Екі аяқты пендеге Алла Тағала сана мен ой берген. Мұны Абайша айтсақ «Ақыл – жан қуаты». Ақын тағы бір сөзінде «Пайда менен залалды – ақыл айырады» дейді.
Ақынның ақыл төңірегінде термелеген нақылдары мұнымен бітпейді. Олардың әрқайсысын оқыған сайын терең тұңғиыққа бойлай бересің, көп нәрсені ойлай бересің. «Ақыл, сезім болмаса, тіршіліктің несі сән» дегенін де ой елегінен өткізіп отырсаңыз, тіршіліктің тамаша көріністері мен қарым-қатынастың шынайы болмысы да «көбінің сырты – бүтін, іші – түтін» дегенді ерекшелеп беретін көрсеткіш.
Қазір көп айтылатын әңгіменің бірі де бірегейі ақшаға келіп тіреледі. Өкінішке қарай, қазір кім дәулетті соның ақылы көп секілді көрінеді. Алайда қалталы кісінің де ақымақ әрекеттері болатынын жоққа шығара алмайсыз. Ақылды кейде айлакерлік жасауға, зымиян ойды іске асыру үшін де пайдаланатындар бар. Бір қарағанда олар осы ісін ешкім байқамайтындай көреді. Адамның артықшылығы сезімталдығында дер болсақ, әрбір әрекетті бағамдай білетін пенде атаулы ақылдың арғы жағында арам ниет болса да біліп қояды.
Ж.Баласағұн бабамыз «Адам бойындағы ең тамаша нәрсе – білім мен ақыл» дейді. Осы екеуі үйлесім тапқан жерде үлкен іс тындырылады. Өмірдің өз бояуын шатастырып алмауға да дәнекер болатын – білім мен ақыл. Ғалымдар адамның жалқау, қатал, аса мейірімді болуы қан тобына байланысты екендігін айтады. Бір ғана мысал: 1907 жылы чех ғалымы Я.Янский қан тобының 4-ке бөлінетінін айтқан. Әлемде ең көп кездесетін қан – 1-топ (жер шары тұрғындарының 45 пайызы) 2-қан тобы адамдардың 35 пайызына тән. 13 пайызының қаны 3-топқа жатады. 4-қан тобы өте сирек кездеседі, (7 пайыз). Осы топтағылардың қандай қабілетке ие екендігін де болжап бергендер бар. Бірақ адам ең алдымен өзіне сенуі керек. «Ақыл – саған ізгі дос, әділ жолдас», «Ақыл бар жерде шындық бар, өтірік жоқ», – деген Жүсіп Баласағұн бабамыз ғұламалықтың ғұмыры ұзақтығын құлаққағыс жасаған.
Дүниені өзгертіп жатқандар – ақылды адамдар. Соңғы уақытта данышпандарды интеллектілік коэффициенттеріне байланысты анықтайтын амалдар пайда болды. Мұның қаншалықты дұрыстығын немесе бұрыстығын ешкім дөп басып айта алмас. Мысалы, бүгінгі өмірдің ерекшеліктерін Мөңке би секілді дөп басып айтып берген кім бар? Бабамыздың бұл айтқандарын ешкім жоққа шығара алмаса да интеллектілік коэффициенттерін ешкім дәл айтып бере алмасы анық.
Соңғы бір деректерге назар аударсақ, әлемнің он ғұламасы төңірегінде мынадай пікір білдіріліпті. Адамдардың 50 пайызына жуығының IQ деңгейі төмен. Демек, жер шары тұрғындары ақыл-ой деңгейі жағынан іріктелген. Жаңалық ашып, адамзаттың дамуы жолында тер төгіп жүргендер аз ғана бөлікті құрайды. Олар – ғалымдар. SuperScholar.org веб-басылымы ең ақылды 10 адам туралы былайша ой өрбітеді. Мысалы: Пол Аллен.