Жанат:
- Міне, асханаға да келдік. Бірінші қабатта ұлттық тағамдар
әзірленеді. Екінші қабатта орыс халқының тағамдарын
даярлайды. Қазақша ет жеуге қалай қарайсыз?
Клаудия:
- Мен сіздің қонағыңызбын ғой? Мен үшін бәрі қызық.
Асханаға кіріп көрейік.
Жанат:
- Мәнті, қуырдақ, қазақша ет бар екен. Жас қияр, қызылша
салаты да бар екен. Не жейсіз?
Клаудия:
- Білмеймін. Сіз көмектесіңізші.
Жанат:
- Жақсы, айтқаныңыз болсын. Қазақша ет жейміз.
Клаудия:
- Ет дәмді екен. Маған ұнады. Бұл тағамды қалай
дайындайды?
Жанат:
- Мен сізді жексенбі күні үйге қонаққа шақырамын. Анам
сізге үйретеді.
12-жаттығу. Сұраулы сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдырыңыздар.