21-жаттығу. Мәтінді оқып және сұрақтар тізімін жазыңыздар.
22-жаттығу. Мәтінді қайталап оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер: мәселе
толық ашылған ба? Өзіңіздің жауабыңызды дәлелдеңіз.
23-жаттығу. Мәтінді
қараңыздар.
Мәтіндегі
ойға
қатысты
көзқарастарыңызды айтыңыздар.
24-жаттығу. Сөйлеу жағдаяттық тапсырма бойынша сұхбат құрыңыздар.
Сіз демалыс күндері өзен жағасына серуендеуге шықтыңыз. Көгалда
бір топ жастар демалып, кешке қарай кетуге жиналып жатыр екен. Олар
сусын шөлмектерін, тамақ салынған қапшықтарды жинамай, сол орынға
қалдырғанын көрдіңіз. Сіз оларға не дер едіңіз?
25-жаттығу. Асты сызылған сөздерді мағынасы жақын сөздермен
ауыстырып жазыңыздар.
1.
Табиғатты қорғау, табиғат ресурстарын дұрыс пайдалану
мәселелеріне қоғам назарын тарту аса маңызды.
2.
Ұлттық экомәдениет қазіргі қоғамның маңызды бөлігіне айналуы
керек.
153
3.
Қазіргі уақытта топырақтың, жер беті мен жер асты суларының және
атмосфераның ластануына тосқауыл қою маңызды