17-жаттығу. Сұхбатты рөлдерге бөліп, өзара әңгімелесіңіздер.
- Сіз қандай мекемені басқарасыз?
- Мен Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментін басқарамын.
- Сіздің орынбасарыңыз кім?
- Ол жас маман. Осы қызметке жуырда ғана тағайындалды. Жас болса да,
жаңа қызметті тез меңгеріп, бөлім басшыларымен жеңіл тіл табысты.
18-жаттығу. Сұхбатты толықтырыңыздар.
- Сәлеметсіз бе?
- ........................
- Басшы орнында ма?
- Иә, орнында
- Бүгін қабылдай ма екен?
- ................., жеке мәселе бойынша дүйсенбі, бейсенбі күндері кешкі сағат
бестен жетіге дейін қабылдайды.