Заттың жарықты жұтуы жарықтың химиялық әсерімен қарбалас өтеді. Өсімдіктердің жасыл жапырақтарында және көптеген микроорганизмдерде ең маңызды химиялық реакциялар жарықтың әсерімен өтеді.
Фотоэффект. Фото – грек сөзінен аударғанда - жарық, эффект латын сөзінен аударғанда - әсер деген мағынаны білдіреді. Фотоэффект деп түскен жарықтың әсерінен заттан электрондардың ұшып шығу құбылысын айтады.
Фотоэффект құбылысын тәжірибе жүзінде алғаш зерттеп, заңдылықтарын тағайындаған орыс ғалымы А.Г.Столетов. Фотоэффекті құбылысын зерттеудегі еңбектері үшін 1923 жылы Милликенге Нобель сыйлығы берілді. Фотоэффект құбылысын түсіндіру жолын 1905 жылы А.Эйнштейн тапты.