ҚОРЫТЫНДЫ
Кез келген мемлекеттің тарихы сол елдің, халықтың тәуелсіздік жолындағы саяси күресі тарихымен, өзектес келеді. Ал саяси күрестің нәтижелі болып, алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруы оны басқарған қайраткерлердің еңбегі мен басшылыққа алған саяси және құқықтық ілімдерінің өміршендігіне байланысты. Осы тұрғыдан келгенде демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудағы ұлы мақсаттарын жүзеге асыруға кіріскен Қазақстан Республикасының тұтас тарихын жасау үшін оның мемлекеттілігінің қайнар бастауына, әр дәуір, кезең сайын өсіп-өркендеп, қалың бұқараның басым көпшілігін өз соңына ерте білген, елдегі саяси күштерді, қозғалыстарды біртұтас Алаш қозғаласына ұластырып, ұлттық-демократиялық бағыттағы Алаш партиясын ұйымдастырған, европалық үлгідегі Алашорда үкіметін құрып, соның нәтижесінде Алаш автономиясын жариялаған Алаш қайраткерлерінің өмірін және олардың саяи, құқықтық көзқарастарын зерттеудің маңызы ерекше болмақ. Сондықтан еңбегімізде ХІХ ғасырдың соңында Ресейдің аса ірі ғылыми орталықтарында білім алып, әуелі ағарту ісіне, кейін саяи күреске белсене қатысқан, біртіндеп оның қазақ даласындағы жетекші күштеріне айналған қазақ зиялыларының Алаш қозғалысы төңірегіне топтасуы, сол негізде Алаш партиясының құрылуы мен оның қызметінің басты кезеңдеріне жан-жақты баға берілді. Алаш партиясының негізгі ұйымдастырушылары европалық білім алған қазақ зиялыларының алғашқы буыны Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев, Х.Досмұхамедов т.б. халық арасынан шығып, қазақ даласында оқу-ағарту, әдебиет пен публицистика саласындағы қызметті өрістеткен А.Байтұрсынов, М.Дулатов сияқты халық қайраткерлерімен ортақ мақсат жолында рухани және саяси одақ құруы Алаш қозғалысын қазақ даласындағы бірден-бір жетекші саяси күшке айналдырды. Міне, осы саяси күштің өз мақсаттарын жүзеге асыру жолындағы іс-әрекетінің жиынтығы және оның петициядан бастап, Алаш бағдарламасына дейінгі формалары қазақ даласында қалыптасқан жаңа құқықтық доктринаны дүниеге әкелді. Оны жасауға ұлт-азаттық қозғалыс көсемі Ә.Бөкейханов бастаған қазақ зиялыларының алғашқы буыны, Ж.Ақбаев, Х.Досмұхамедов сияқты орта буын өкілдері және 1917 жылғы Ақпан ьөңкерісі кезінде Томск технологиялық институтының 5-курсында оқып жүрген Ә.Ермеков сияқты жас буын өкілдері, сондай-ақ ХХ ғасыр басында қазақ даласында шығармалары кеңінен тараған А.Байтұрсынов, М.Дулатов сияқты халықтың зиялы қауым өкілдері қатысты. Бұл Алаш қозғалысы мен олардың басшылыққа алған саяси және құқықтық ілімін жасауға қазақ халқының зиялы қауым өкілдерінің барлық топтары қатысып, бүкіл қазақ қоғамын қамтыған саяси күш болғандығының айқын дәлелі болса керек.
Көп жылдар бойы Кеңес үкіметі жүргізген озбырлық пен қырып жоюға тарихты өрескел бұрмалауға негізделген саясаттың салдарынан халқымыздың сана сезімі өлшеусіз де орны толмас жұтандыққа ұшырап, оның интелектуалды ауқымының дамуына үлкен нұқсан келді. Қазан төңкерісіне дейінгі жалпы адамзат өркениетінің төрінен орын алған ірі тұлғалармызға "байшыл", "кертартпа", "діншілдер" деп жалған айдар салынды. Олардың бай мұраларын зерттеуге цензура арқылы тыйым салынды. Партиялық талап, маркстік-лениндік идеялогия қазақ халқының дарынды дара перзенттерінің бостандық пен ұлт тәуелсіздігі үшін аянбай тер төккен ерекше еңбектерін большевиктік көзқараспен біржақты бағалап, оларды мемлекетке "қажетсіз" сапап, 70 жылдаы астам мерзімге жоққа шығарды.
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында Алаш партиясының құрылуы кезінде қазақ қоғамы әлі ақ пен қараны біле қоймаған еді. Сол кезендегі бұқара халық "Алаш" партясына басқаша көзқараспен қарады, яғни "Алаш" деген сөздің өзінен ат тонын ала қашатын еді.
Алаш арғы ата-бабаларымыздан келе жатқан көне сөз екені көпшілікке мәлім. Қарттардан естуімізше "алты алашқа": қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, башқұрт, қарақалпақ халықтары кіреді. Қазақ елге қамқор болған қадірменді азаматтарын "Алаштың азаматы" деп атаған.
Ал қазіргі таңда тәуелсіздігімізді алғаннан кейін "Алаш" партиясына басқаша көзқарас пайда болды. Үлы мақсаттары жүзеге асыруға кіріскен Қазақстан Республикасын тұтас тарихын жасау үшін оның мемлекеттілігінің қайнар бастауы болған Ұлттық демократиялық бағыттағы "Алаш" партиясы Европалық үлгідегі Алашорда үкіметін құртып, соның нәтижесінде Алаш автономиясын жариялаған. "Алаш" партиясын өмірін және олардың саяси құқықтық көзқарастарын зерттеуі маңызды болмақ.
Зерттеуде "Алаш" партиясының саяси қайраткерлерінің саяси құқықтық козқарастарының эволюциясы қоса қарастырылды.
Қазақ демократиялық интелегенция қазақ еліне өркениетті қоғамдық даму бағдарламасын ұұсына отырып, өздері атқарып отырған істің тарихи мәнін терең түсінген. Туған елінің бостандығы үшін деміне дейін күрескен олар империялық зорлықтың құрбаны болған.
Алашорда үкіметі ұзақ өмір сүрмеді. Дегенмен тарихта үлкен із қалдырды. Оның басшылары ұлттық демократиялық мемлекет құрып, оның саяси құқықтық жағын негіздеді. Алашорда үкіметі халықтық әдет-ғұрып құқығын жаңа жағдайға ұтымды пайдалана білді. Бірақ сол кездегі "Алаш" партиясының тарихи саяси идеясын тұншықтырды.
Кейін уақыт өте келе "Алаш" қайраткерлері ақталды, басшылары аса білікті күрескер ретінде тарихқа енді.
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Алаш" партиясы мен Алашорда үкіметінің саяси әрекетін жоғары бағалады.
Тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ жұртына есімдері тарихқа беймәлім болып келген "Алаш" азаматтарының қайта оралуы халқымыздың сана сезіміне ерекше зор әсер етті. Рухани өмірімізге өлшеусіз күш берді. Қазақ үшін жан беріп, жан алысқан саяси күрестердің болғанын қазақ зиялыларының пікірлерінен айқын аңғаруға болады. Алаштың белгілі өкілі Сұлтанбек Қожанов "Өзіміздің большевиксінгендерге" деген мақаласында "Осы күнгі Руссияны бір үлкен ауру әлсіретіп отыр. Бұл аурудың шын аты — надандық, ал өтірік аты - большевизм", -деуі сол кездегі саяси күреске берілген шынайы баға еді.
Соңғы кездері XX ғасыр басында ғұмыр кешіп, қоғамдық саяси, құқықтық ой-пікірді дамытуға үлес қосқан қазақ қайраткерлері мен ойшылдары туралы бірнеше зерттеулер жарық көріп, тарихымыздың ашылмай жатқан беттеріне біршама сәуле түсіргендей болды.
Ел басымыз Н.Ә. Назарбаев "Алаш" партиясының саяси әрекеттерін жоғары бағалап, өзінің "Тарих толқынында" деп аталатын кітабының бір бөлімін "Алаш мұрасы және осы заман" деп атады. Ел басы "Алаш" партиясының жетекшілері ұсынған көптеген қағидалар күні бүгінге дейін өз маңызын сақтап отыр. Бұл ұлттық емес, патриоттық ұйым алдына қойған мақсатты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп оны осы заманғы шындыққа бейімдеуі еді", дей келе "Қазақ халқы өзінің басты мақсаты - ұлттық мемлекеттігін қайта қалпына келтіруге нақтылы мүмкіндік алды. Алайда оқиғалардың бейбіт өрбуін Ресей қозғалысындағы тың дағдарыс бұзып кетіп, оның өзі большевиктер партиясының диктатурасын орнатуға әкеліп соқты", - деп жазды.
Ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселеллерінің бірі "Алаш" партиясының құрылуы оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік, сондай-ақ құрылған партияның қазақ тарихында алатын орны. Саяси партия құру әрекетін қазақ зиялылары бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. Бірақ қорытынды шықпаған.
Содан "Алаш" партиясы 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өткен Бірінші бүкілқазақтық съездің шешіміне байланысты құрылды.
Осы "Алаш" партиясының құрылуына ат салысқан, халқымыздың өз еркіндігі үшін күрес жолында мәңгі өлмейтін, терең із қалдырған қайраткерлеріміздің тізімі жетерлік.
"Алаш" партиясының негізін салушылар шын демократтар болды. Партия бағдарламасын бұрмалаушылардың зұлымдық ойы тегінде, бірде феодалдық тәртіптерді, бірде ұлттық ұсақ буржуазияны қорғайды деп саналатын ұлтшылдар тобы дайындап, қабылдаған. Бағдарламаны бұрмалаушылардың негізгі мақсаты халыққа бұл бағдарламаны тек арандатушылар жасаған деп көрсеткісі келді.
Алаш" партиясы жөнінде пікірлер өзінің ақиқатына дер кезінде жете қоймады.
Қазақстан өз мемлекеттік дербестігін алғалы, ұлттық Зостандықты мақсат еткен алаш зиялыларының арманы орындалды десек қателеспейміз.
Сілтемелер
Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы.- А.:Санат, 1995 .-З б.
Оралтай X. Алаш-Түркістан түркілерінің ұлттық-азаттық үшін
күресінің ұраны. - 8 б.
Құсанова Ш. "Алаш" партиясы тарихын зерттеу хақында.-
42 б.
Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты.- А.,1992. –103 б.
Козыбаев М. Историография Казахстана. Уроки истории.-А.,
1992. – 89 б.
Қозыбаев М. Ата тарихы туралы сыр. –А., 1993. – 41 б.
Рысбеков Т. Алашорда.//Орал өңірі. № 244. 1997. – 3 б.
Қозыбаев М. Ата тарихы туралы сыр. –41 б.
Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. –294 б.
Қойгелдиев М. Алаш өткен жол.//Ақиқат. №3. Наурыз.
1996. – 53 б.
Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. –296 б.
Сонда. 296 б.
Сонда. 297 б.
Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. –А.,1995.-119 б.
Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. –298 б.
Қойгелдиев М. Алаш өткен жол.//Ақиқат. №4. Сәуір. 1996.-34 б.
Өзбек ұлы С. Арыстары Алаштың.- А.,1998. –22 б.
Сонда. 23 б.
Қойгелдиев М. Алаш өткен жол.// Ақиқат. 57 б.
Сонда. 57 б.
Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. – 22 б.
Нұрпейісов К. Алаш қозғалысы. –305 б.
Қойгелдиев М. Әлихан Бөкейханов. Шығармалар. А.:Қазақстан,1994. – 86 б.
Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. - 308 б.
Сонда. 309 б.
Сонда. 313 б.
Сонда. 313 б.
Қойгелдиев М. Алаш өткен жол. // Ақиқат.- 55 б.
Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. - 314 б.
Сонда. 314 б.
Сонда. 316 б.
Құл-Мұхаммед М. Алаш-бағдарламасы. А:Атамұра, 2000.-8 б.
Сонда. 9 б.
Мартыненко Н. Алаш-Орда. Сборник документов. –А., 1992.-92 б.
Қойгелдисв М. Ә.Бөкейханов шығармалар. -7 б.
Қасабеков А. Қазақ философиясы тарихын қалай
зерттейміз. //Ақиқат. №5. 1994.-18 б.
Асфендияров С. Қазақстан тарихының очерктері. –А.,1994.-101 б.
Өзбекұлы С. Арыстары Алаштың. -15 б.
Сонда. 15 б.
Қойгелдиев М. Ә.Бөкейханов. Шығармалар.- 56 б.
Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. -301 б.
42.Сонда. 301 б.
Нұрпейісов К. Ұлт-азаттық күрес және "Алаш" қозғалысы. //Ақиқат. 1996.- 21 б.
Қойгелдиев М. Алаш өткен жол. //Ақиқат. 34 б.
Сонда. 35 б.
Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – 310 б.
Қойгелдиев М. Ә.Бөкейханов шығармалар. –32 б.
Мартыненко Н. Алаш орда. Сб. Документов.
Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. –312 б.
Сонда. 313 б.
Өзбекұлы С. Арыстары Алаштың. –30 б.
Қойгеддиев М. Алаш қозғалысы. 262 б.
Нұрпейісов К. Алаш және алашорда тарихының зерттелуі
хақында. //Қазақ тарихы. №1. 1994. – 12 б.
Құл-Мұхаммед М. Алаш қайраткерлерінің саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы. А.: Атамұра, 1998. –296 б.
Сонда. 301 б.
Мартыненко Н. Алаш Орда. Сб. Документов. "Айқап"
баспасы. 92 б.
Құл-Мұхаммед М. Алаш қайраткерлерінің саяси-құқықтық
көзқарастарының эволюциясы. - 310 б.
Мартыненко Н. Алаш Орда. -92 б.
Құл-Мұхаммед М. Алаш қайраткерлерінің саяси-құқықтық
көзқарастарының эволюциясы.- 313 б.
Сонда. 313 б.
Сонда. 313 б.
Құл-Мұхаммед М. Алаш бағдарламасы. 211 б.
Құл-Мұхаммед М. Алаш қайраткерлерінің саяси құқықтық
көзқарастарының эволюциясы. –348 б.
Маймақов Ғ. Қазақстанның саяси құқықтық тарихы.-А., 1996. –110 б.
Материалы по киргизскому землепользованию.-Воронеж, 1903. - т.ІІІ.-4 б.
«Сибирские вопросы». 1908. №27-28.-7 б.
«Сибирские вопросы». 1908. №41-42.-7 б.
«Қазақ».-1914. № 51.
«Қазақ».-1915. № 105.
«Қазақ».-1917. № 252.
Алаш-Орда. Сборник документов.- А., 1992.-37 б.
Сонда. 47 б.
Собрание законодательства КазАССР (1920-1936 гг.).1969.-31-32 б.
Сонда. 81 б.
Сонда. 36 б.
Сонда. 76 б.
Сонда. 29 б.
Алаш-Орда. Сборник документов.-А., 1992.-134 б.
Сонда. 171 б.
Сонда. 74 б.
«Айқап». 1911. №11.-8 б.
Кенжин А. К исторической оценке деятельности партии Алаш.-Известия Киробкома ВКП(б). 1923. №1.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қолданылған әдебиеттер
Абжанов Х.М., Гуревич Л.Я. Интеллигенция Казахстана: история, теория, современность.-Алматы, 1992.
Аймауытов Ж. Шы5армалары.-Алматы, 1989.
Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары.-Алматы, 1995.
Бөкейхан Ә. Таңдамалы. Энциклопедия.-Алматы, 1995.
Брайнин С., Шафиро Ш. Очерки по истории Алашорды.-Алматы, 1935.
Дулатов М. Шығармалары.-Алматы, 1991.
Дулатов М. Шығармалары І және ІІ томдар.-Алматы, 1997.
Жұмабаев М. Шығармалары.-Алматы, 1989.
Кенжин А. К исторической оценке деятельности партии Алаш. Известия Киробкома ВКП(б). 1923. №1.
Қозыбаев М.Қ., Нұрпейісов К. Тағдыры күрделі қайсар талант.-«Социалистік Қазақстан», 1989, 18 январь.
Қойгелдиев М. Отаршылдыққа қарсы күрес кезеңдері//Қазақ тарихы, 1993. №1.
Құдайбердиев Ш. Шығармалары.-Алматы, 1988.
Озғанбай Ө. Ресей Мемлекеттік Думасы және Қазақстан (1905-1917 жж.).-Алматы, 1997.
Рысаков П. Алашординская контрабанда//Правда, 1935, 14 апреля.
Сейфуллин С. Шығармалары.-Алматы, 1988.
Сегизбаев О.А. Казахская философия.-Алматы, 1997.
Сулейменов Б.С. Аграрный вопрос в Казахстане в последней трети XIX-начале ХХ века.-Алматы, 1963.
Сулейменов Б.С. Революционное движение в Казахстане в 1905-1907 годах.-Алматы, 1977.
Сулейменов Б.С., Басин В.Я. Восстание 1916 года в Казахстане (причины, характер, движущие силы).-Алматы, 1977.
Сулейменов Р.Б. Ленинские идеи культурной революции и их осуществление в Казахстане.-Алматы, 1972.
Турсунбаев А.Б. Из истории крестьянского переселения в Казахстан.-Алматы, 1950.
Турсунбаев А.Б. Казахский аулв трех революциях.-Алматы, 1967.
Тынышпаев М. Материалы к истории киргиз-казахского народа.-Ташкент, 1925.
Ушаков А.В. Революционное движение демократической интеллигенции в России.-1895-1904.-М., 1976.
Федюкин С.А. Великий Октябрь и интеллигенция.-М., 1972.
Деректеме
1. Нұрпейісов, Байжанов, Шакеев. Алаш мирас. Құжаттар жинағы.- А, 1995.
2. Мартыненко Н. Алаш Орда. сборник документов.- А.:Айқап, 1992 .
Асфендияров С. История Казахстана.- А-А., 1993.
Баишев Ж. Қазақстан: мемлекеттілік кезеңдері. -А., 1999.
Бекмаханов Е. Қазақстан XIX ғ. 20-30 жылдарында. –А., 1994 .
Дулатов М. Шығармалары. -А., 1991.
Жұмабердіқызы Г. Алаштың бір ардағы. –А., 1998.
Қойгелдиев м. Алаш қозғалысы.- А.:Санат, 1995.
Қойгелдиев М. Ә.Бөкейханов шығармалар А.:Қазақстан,1994 .
Қозыбаев М. Историография Казахстана: уроки истории.- А-А.,
1990.
Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты.- А., 1992.
Қозыбаев М., Қозыбаев Ч. Қазақстан тарихы.- А., 1997.
Құл-Мұхаммед М. Алаштың қайраткерлерінің саяси- құқықтық көзқарастарының эволюциясы.- А.:Атамұра, 1998.
12. Құл-Мұхаммед М. Алаш ардагері. - А.:Атамұра, 1996.
13. Құл-Мұхаммед М. "Алаш" бағдарламасы: қиянат пен ақиқат. -А.:Атамұра, 2000 .
14. Құл-Мұхаммед М. Әлімхан Ермеков:көзқарас эволюциясы.//Жұлдыз. 1989. № 11.
15.Құсанова Ш. "Алаш" партиясы тарихын зерттеу хақында.- А.
16.Маймақов Ғ., Қазыбек М. Құпия кеңестер.- А.:Жалын, 1999.
17.Маймақов Ғ. Қазақстанның саяси-құқықтық тарихы.-А.,1993.
Нүрпейісов К. Алаш һәм алашорда.- А., 1995.
Нұрпейісов К., Құлкенов М., Хабитжанов Б., Мектепов А. Халел Досмұхамедұлы және оның өмірі мен шығармашылығы.- А., 1996.
Нұрпейісов К. Әлімхан Ермеков ОГПУ тергеушілері алдында.-«Ақиқат», 1993. № 4.
Оралтай X. Алаш-Түркістан түркілерінің ұлттық-азатық үшін күресінің ұраны. –С., 1973.
Өзбекұлы С. Барлыбек Сыртанов.- А., 1996.
Өзбекұлы С. Арыстары алаштың.- А., 1998.
Сейфуллин С. Тар жол тайғақ кешу -А., 1977.
Тілеуқұлов Г. Жазықсыз жазаланған тұлғалар.-Т., 2000 .
Тынышпаев М. История казахского народа. -А-А., 1993.
Шоқай М. Түркістанның қилы тағдыры. (Құрастырған Серікбайұлы Б.).- А.:Жалын, 1992.
Алаш-Орда. Сборник документов. Составитель Н.Мартыненко. –Алматы, 1929; переиздание 1992.
Алтынсарин И. Очерки обычаев при сватовсктве и свадьбе у киргизов Оренбургского ведомства. Записки Оренб.отд.,вып.1, 1870.
Вельяминов-Зернов В.В. Исследование о Касимовских царях и царевичах. Ч.2. СПб., 1864.
Завалишин И. Описание Западной Сибири. СПб., 1867, т.ІІІ.
Диваев А. Несколько слов о свадебном ретуале киргизов Сыр-Дарьинской области. Уч.зап.Казанск.унив.Кн.4,1900.
Дужан К. Свадебные обряды у киргизов.//Северная пчела. 1855, № 92.
Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные по обследованию степных областей под руководством Ф.Щербины: а)т.І.Кокчетавский уезд. Воронеж, 1898; б)т.ІІ.Атбасарский уезд.Воронеж, 1902; в)т.ІІІ.Акмолинский уезд. Воронеж, 1902; г)т.IV.Павлодарский уезд.Воронеж, 1903; д)т.V. Кустанайский уезд. Воронеж, 1903; е)т.VI. Каркаралинский уезд. Воронеж, 1905 и др.тома.
Новый энциклопедический словарь. Под ред.К.К:Арсеньева. Издатели Ф.Брокгауз и И.Ефрон. Т.1-29. СПб., 1911-1916.
Харузин А.Н. Киргизы Букеевской орды. М., 1889.
Энциклопедической словарь Ф.А.Брокгауза и и.А:Ефрона. Т.1-82., СПб., 1890-1904.
История и историография национально-освободительных движений второй половины XIX-начала ХХ в. в Средней Азии и Казахстане:итоги, поиски, перспективы изучения.-Ташкент, 1989.
Казахстан в начале ХХ века: методология, историография, источниковедение. Сборник статей.-Алматы, 1993.
Материалы по истории политического строя Казахстана. Т.1.-Алматы, 1960.
Национальные движения в условиях колониализма: Казахстан, Средняя Азия, Северный Кавказ. Материалы Всесоюзного «Круглого стола».-27-28 июля. 1990. Целиноград, 1991.
Образование и развитие СССР. Сб.документов.-М., 1973.
Журналдар
Аққұлыұлы С. Әлихан Бөкейханов //Жұлдыз. №1. 1996.
Қойгелдиев М. Алаш өткен жол //Ақиқат. 3-наурыз. 1994.
Қойгелдиев М. Алаш өткен жол//Ақиқат. 4-сәуір 1994.
Қойгелдиев М. Отаршылдыққа қарсы күрес кезеңдері. //Қазақ тарихы. №1. 1993.
Қасбеков А. Қазақ философиясы тарихын қалай зерттейміз. //Ақиқат. №5. 1994.
Нұрпейісов К. Ұлт-азаттық күрес және Алаш қозғалысы.//Ақиқат. №6. 1996.
Нұрпейісов К. Қос төңкеріс және Алаш қозғалысы //Ақиқат.
№11.1996.
Нұрпейісов К. Алаш және алашорда тарихының зерттелуі
хақында //Қазақ тарихы. №1.1994.
Ілиясова К. М.Дулатовтың Алашорда өкіметіне мәлімдеме
хаты. (1918 ж. 27маусым) //Қазақ тарихы. №6. 2000.
Хазірет-әлі Тұрсын. Түркістан Мұхтарияты мен Алашорда үкіметтерінің тарихи сабақтастығы.//Ақиқат. № 4. 2001.
Шарафудинов 3. Қазақ жерін алаш автономиясына біріктіру.// Қазақ тарихы. № 2. 2001.
«Абай»-1918 жылы М.Әуезов пен Ж.Аймауытов негізін салған әдеби-көркем журнал.
«Айқап»-Троицкіде 1911-1915 жылдар аралығында шығып тұрған демократиялық-ағартушылық бағыттағы журнал.
«Ақиқат»-Ұлттық қоғамдық-саяси журнал.
«Вопросы колонизации»-Мерзімді жинақ.-1907-1915.
«Жұлдыз»-Ай сайын шығатын әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журнал.
«ҚазССР Ғылым Академиясының хабаршысы».
«ҚазССР Ғылым Академиясының хабарлары» (қоғамдық ғылымдар сериялары).
«Қазақ тарихы»- «Қазақстан мектебі» журналының екі айда бір шығатын қосымшасы.
«Қызыл Қазақстан»-Қазақстан өлкелік партия комитетінің органы.
«Мысль»-ай сайын шығатын қоғамдық-саяси журнал.
Газеттер
1. Арнаусөз. Армысың, Алаш азаматы. //Ана тілі. 3-қаңтар. 1991.
2. Қойгелдиев М. "Алашорда" //Егемен Қазақстан.18-қаңтар. 1992.
3. Мұстафин А. Аңызы қайсы, ақиқаты қайсы.//Ана тілі. 8-тамыз. 1991.
4. Өзбекұлы С. Алаштың азаттығын аңсап өткен.//Егемен Қазақстан.9-сөуір.
5. «Ақ жол»-Қазақ Өлкелік партия Комитеті мен Қазақ Өлкелік Атқару Комитетінің органы. 1920-1925 ж.
6. «Ана тілі»-1990 жылдан шығатын тіл және ұлттану апталығы.
7. «Жас алаш»-Республикалық жастар газеті.
8. «Егемен Қазақстан»-Ұлттық қоғамдық-саяси газет.
9. «Қазақ»-1913-1918 жылдары Орынбор қаласында қазақ тілінде шығып тұрған газет.
10. «Қазақ әдебиеті»-Қазақстан жазушылар одағының органы.
11. «Новое время»-С.-Петербургте 1868-1917 жылдары күн сайын шығып тұрған газет.
12. «Речь»-Кадеттер партиясының орталық органы. С.-Петербургте 1906-1917 жылдары күн сайын шығып тұрған.
13. «Сарыарқа»-1917-18 ж. шығып тұрған газет.
14. «Степной край»-ХХ ғасырдың басында шығып тұрған газет.
«Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы
(Нұсқалардың салыстырма кестесі)
Араб әрпімен жазылған түпнұсқасының көшірмесі
|
Жобаның қазіргі қазақ
алфавитіне түсірілген
нұсқасы
|
Кейбір түсініктермен қазіргі қазақ орфографиясы бойынша берілген М. Құл-Мұхаммед нұсқасы
|
1
|
2
|
3
|
|
«АЛАШ» ПАРТИАСЫНЫҢ ПРОГРАММАСЫНЫҢ ЖОБАСЫ
І
Мемлекет қалпы
Росиа димократичиски, фи-диративни риспоблика болу. (Димократиа мағнасы мемлекетті жүрт билеу. Фидиратсиа мағнасы құрдас мемлекеттер бірле-суі. Фидиративни риспобликада һәр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Һәрқай-сисы өз тізгінін өзі алып жүреді).
Хүкімет басында учридитилнойе собрание мен Г. Дума қалауынша кесімді жылға сайланатын призидинт болу. Призидинт ха-
|
«АЛАШ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ПРОГРАММАСЫНЫҢ ЖОБАСЫ
I
Мемлекет қалпы
Россия демократиялық, федеративтік республика болу. (Демократия мағынасы - мемлекетті жұрт билеу. Федерация мағынасы - құрдас мемлекеттер бірлесуі. Федеративтік республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Әрқайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді.)
Үкімет басыңца Учредительное собрание мен Г. Дума қалауынша кесімді жылға сайланатын прези-дент болу. Президент халықты
|
Достарыңызбен бөлісу: |