3 сурақ – Кеуде шеңберін өлшеу 3. Алгоритм: «Ерте жастағы баланың бас және кеуде айналымын өлшеу»
Көрсеткіштері:баланың дамуын бағалау
Керекті құралдар:
-сантиметрлік жолақ;
- стерильді емес резеңке қолғап;
- салфетка;
- 70 % спирт;
- дез. ерітіндісі бар ыдыс, ветошь;
- КБУ;
- баланың даму тарихы, ручка.
Іс – шара алгоритмі:
1. Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз.
2. Анасына ( туыстарына ) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірңіз, келісімін алыңыз.
3. Қолды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан жуып, кептіріңіз.
4. Стерильді емес қолғап киіңіз.
5. Жөргектеу столдың үстін дез. ерітіндіге матырылған ветошпен сүртіңіз, таза жөргек төсеңіз. 6. Сантиметрлік жолақты екі жағын, 70 % спиртке матырылған салфеткамен сүртіңіз. 7. Баланы жөргектеу столына отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.
8. Сантиметрлік жолақты келесі белгілі жерлерге салу:
9. артқы жағында – желке шоғыры
10. алдыңғы жағында – қабақ үсті доғасы.
11. Лентаны бас айналымы бойынша сәйкестіріңіз.
12. Алынған қорытындыны физикалық даму тарихына жазып, анасына көрсеткішін айтыңыз.
13. Сантиметрлік жолақты бала кеудесіне келесі белгілі жерлерге салу:
14. артқы жағында – жауырынның астыңғы бұрышы
15. алдыңғы жағында – емшек ұшы бойымен
16. Баланың қолын түсіріп лентаны сәйкестіріңіз.
17. Алынған қорытындыны физикалық даму тарихына жазып, анасына көрсеткішін айтыңыз.
18. Қолғапты шешіп, контейнерге тастаңыз.
19. Қолды жуып, кептіріңіз.
6- сурақ -Суға шомылдыру Сәбидің жыныс органын инфекциядан қорғау үшін ыдысқа отырғызып жуындырудан аулақ болыңыз. Мүмкіндігінше су ағып тұрған ұңғыманың үстіне сәбиді көтеріп тұру арқылы жуған дұрыс. Міндетті түрде жылы су пайдаланыңыз. Баланы суға түсіргенде судың температурасына мән беріңіз, баланың терісі үлбіреген жұқа болғандықтан неғұрлым қан жылы сумен жуындырған абзал. Процедура аяқталғаннан кейін міндетті түрде жылы сүлгімен сәбидің денесін құрғатып, балаларға арналған арнайы крем жағуды ұмытпаңыз.