1. Алгоритм: «Ерте жастағы баланың салмағын өлшеу» Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау. Құрал жабдықтар



бет3/11
Дата26.12.2022
өлшемі31,4 Kb.
#164472
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Педиатрия

7- сурақ--Көз күтімі
Сәбидің көзін тазалау үшін қайнатылған жылы су пайдаланған абзал. Бір ерекшелікті ескерген дұрыс, баланың көзін сүртуге екі бөлек дәке пайдаланыңыз. Егер көзінің айналасы қатты былшықтанып, жабысқан жағдайда фурацилинді суға езіп, көздің айналасын сүрткен өте пайдалы. Көз күтіміне әсіресе көздің көру қабілетіне бала өмірге келген күннен бастап көңіл бөлген дұрыс. Сәбиді тым жарық сәуледен әрі тіке түсетін күн сәулесінен жырақта ұстауға тырысыңыз. Фотоаппараттың жарқылынан сақтаныңыз. Мұндай жарық сәулелері баланың көру қабілетіне кері әсерін тигізуі мүмкін.

9 сурақ -Құлақ күтімі
Есту қабілеті де көру қабілеті сынды ата-ана тарапынан үлкен жауапкершілік пен күтімді қажет етеді. Сәбидің құлағын жиі тазалап, ластанудан қорғаңыз. Баланың құлағынан құлық немесе сұйықтық байқасаңыз байбалам салудың қажеті жоқ. Бұл қалыпты процесс екенін және құлақ сұйықтық бөлу арқылы өздігінен тазаратынын естен шығармаңыз. Дәл осы құлықты тазалау үшін дәке таяқшасын пайдаланып, өте ұқыпты қараңыз. Таяқшаны терең батырудан аулақ болыңыз, құлақтың барабанына зиян келтіріп алмаңыз.


13- сурақ ШАЛА ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕНІ ЗОНД АРҚЫЛЫ ТАМАҚТАНДЫРУ

Мақсаты:ауызбен тамақтандыру мүмкін болмаған жағдайда жаңа туған нәрестені қажет тамақпен қамтамасыз ету
Құралдар:резеңке қолғап, орамал, бетперде, жылытылған бір рет тамақтандыруға мөлшерленген қажетті сүт, залалсыздандырылған асқазан катетрі, қысқыш, залалсызданған 20 мл шприц, лоток, электросорғыш немесе резеңке үргіш. Күні жетпей туған нәрестеге тамақтандырудан бұрын және тамақтандырғаннан кейін оттегі беріледі (дем алудың тоқтап қалуының алдын алу үшін)
Іс - әрекеті:
1. Басқа орамал тартып, бетперде киеді
2. Қолды жуып, кептіреді; резеңке қолғап киеді
3. Баланың бас жағын биіктетіп, қырынан салады
4. Катетерді құлақ ұшынан мұрын ұшына дейін, мұрын ұшынан семсер тәрізді өсіндіге дейін өлшеп белгілейді
Ескерту:Мұрын ұшынан құлақ артына және төс сүйегінің жоғарғы қырына дейін аралықты өлшеп алуға да болады
5.Зондқа шприцті жалғап, оған ауа жіберу арқылы тексеру қажет
Ескерту:Катетрдің бос жағын қолмен ұстап тұру керек
6. Шприцтен поршенді алып тастайды
7. Шприцті сол жақ қолға орналастырып, жалғанған катетерді 2-3саусақтар арасынан өткізеді
8. Шприцтің 1/3 бөлігіне дейін ана сүтіне толтырады
9. Катетердің бітеу жағын оң қолға ұстап, жайлап төмен түсіре отырып сүтке толтырады (бірінші сүт тамшысы зонд тесігінен шыққанша)
10. Зондты сол қолға әуелгі қалпына қайтарады
Ескерту:Зондты сүтке толтырған кезде, зондтың бітеу жағы үнемі жоғары болуын бақыла
11. Катетерді шприцтен 5-8 см қашықтықта қысқышпен қыс
12. Қысқыш сақинасын сол қолдың бас бармағына орналастыр
13. Оң қолмен зондтың бітеу жағынан 7-8 см жерінен ұста
14. Оны сүтке батыр
15. Зондты мұрын арқылы төменгі мұрын жолдарымен немесе ауызға тілдің ортаңғы сызығымен белгіге дейін енгіз (зондты енгізгенде күш жұмсамай, ентігу мен көгеру жоқ па екенін бақылау қажет)
16. Шприцке сүт еселе
17. Шприцті көтеріңкіреп, қысқышты катетерден алып, сүтті нәрестенің асқазанына жайлап жібер
18. Сүт шприц түбіне тақағанда, тағы катетерге қысқыш сал
Ескерту:Егер қажет сүт мөлшері түгел берілмесе, шприцті қайта толтырып алып, асқазанға жіберу керек
19. Катетерді оң қолдың бас және сұқ саусақтарымен ауыз қуысынан 2-3 см жерден қысып тұрып, салфетка арқылы шапшаң қимылмен алады
20. Нәрестені оң жақ қырына басын жоғары көтеріп жатқызады
21. Қолғапты шешіп, қолын жуып кептіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет