1. Алгоритм: «Ерте жастағы баланың салмағын өлшеу» Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау. Құрал жабдықтар: - электронды таразы; - стерильді емес резина қолғабы; - дез. ертіндісімен ыдыс, ветошь; - кір жаялықтарға арналған қап; - ҚЖК; - қағаз, қалам. Іс – шара алгоритмі: 1. Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз. 2. Баланың анасын зерттеу жолымен таныстырңыз, келісімін алыңыз. 3. Керекті құрал жабдықтарын дайындаңыз. 4. Таразыны тегіс, тұрақты жерге орнатыңыз. 5. Таразының жұмыс істеуін тексеріп, электр торабына қосыңыз, осы жерде индикатор жанады, 35-40 сек. Кейін таблода 0 дегенсан пайда болады. Таразыны 10 мин іске қосып қойңыз. 6. Таразының тостағаншасын қолмен күш түсіріп басу арқылы тексеріңіз, таблода салмақтың саны шығады, қолды жіберіп көрсеткішті 0 келтіріңіз. 7. Таразының тостағаншаларына бір рет қолданатын жаялықты төсеңіз, салмағын өлшеңіз. жөргектің салмағын Т деген кнопканы басу арқылы алып тастаңыз, 0-ге келтіріңіз. 8. Таразының тостағаншасын дез.ерітіндіге малынған ветошпен сүртіңіз .9 Қолды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан жуып, кептіріңіз. 10. Стерильді емес қолғап киіңіз. 11. Баланы шешіндірңіз. 12. Баланы байкап таразыға жатқызыңыз, алдымен төменгі жағын, кейін бас жағын, аяғын ұстап тұру қажет. 13. Баланы таразыдан алыңыз. 14. Таразыдан жайалықты алып, қапқа тастаңыз. 15. Таразының тостағаншасының бетін дез.ерітіндімен сұртіңіз. 16. Қолғапты шешіп, контейнерге тастаңыз. 17. Қолды жуып, кептіріңіз. 18. Зерттеудің нәтижесін тіркеңіз. 2 сурақ –Жаңа туылған баланың бойын өлшеу Жаңа туған баланың бойы 46-56 см арасында қобалжиды: орташа алғанда ер балалардың бойы 50,7 см, қыз балалардың бойы 50,2 см. Бірінші күндері баланың бойы шамалы қысқарады, себебі - басындағы туылуға байланысты пайда болған ісік ыдырайды. Бір жасқа дейінгі бала денесінің бойы келесі формула бойынша саналады: бірінші өмір тоқсанында - ай сайын 3 см, немесе 9 см тоқсанына, екінші өмір тоқсанында - 2,5 см ай сайын немесе 7,5 см тоқсанына, ІІІ өмір тоқсанында - 1,5-2,0 см немесе 4,5-6,0 см, IV өмір - 1 см немесе тоқсанына 3 см. Жылына баланың бойы жиырма бес сантиметрге өседі. Бір жасар баланың бойы 75 см. Қазіргі кезде баланың бойы 4 жасында екі есе өседі, ал 12 жасында 3 есе өседі. Екінші жасында бала бойы 12-13 см-ге өседі, ал үш жасқа таман бала жеті-сегіз см қосады. Баланың дене салмағын әдейіленген 25 кг жүктемелікті бала таразысында өлшейді. Әуелі таразыға салынған жөргекті өлшеп алады, күйентіні жабады, сонан соң өлшенген жөргек үстіне шешіндіріп баланы салады. Баланың басы және иықтары таразының кең жағына, аяқтары тар жаққа қаратылады. Салмағын өлшейтін адам күйентінің тап алдына тұрады, оң қолмен гірлерді ығыстырады, сол қолмен баланы құлаудан сақтайды. Салмақтын көрсеткішін жазып алғаннан кейін гірлерді «нөлге» қояды, күйентіні жауып, баланы таразыдан алады.