1. Алгоритм: «Ерте жастағы баланың салмағын өлшеу» Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау. Құрал жабдықтар


- сурақ «Ерте жастағы балалардың жүрек соғуының (пульс) жиілігін санау»



бет7/11
Дата26.12.2022
өлшемі31,4 Kb.
#164472
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Педиатрия

19- сурақ «Ерте жастағы балалардың жүрек соғуының (пульс) жиілігін санау»

Мақсаты: диагностикалық

Көрсеткіші: бақылау

Дайындаңыз: секундомері бар сағат, температура парағы, қаламсап.

Іс-әрекет алгоритмі:





  1. Анасына ем-шараны жүргізудің мақсаты мен жүргізу барысын түсіндіріңіз.



  2. Қолыңызды жуып, кептіріп, жылытыңыз.



  3. Баланы ыңғайлы жатқызыңыз немесе отырғызыңыз. Білегін және қолын үстелге қойыңыз.



  4. Білек артериясына 2,3,4 саусақтармен ақырындап басыңыз (1 саусақ білектің сыртқы жағында орналасады) және артерияның пульсін сезініңіз.




Ескерту:





  • жаңа туған балаларда пульс иық артериясында анықталады;



  • 2 жасқа дейінгі балаларда самай артериясында анықталады;



  • 2 жастан асқан балаларда білек артериясында анықталады;



  1. 1 минут аралығындағы пульсті өлшеңіз (балаларда пульс ритмдік емес)



  2. Температура парағына нәтижесін жазыңыз.



  3. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.




Ескерту: баладағы пульсті санау тыныштық кезінде 1 минут аралығында есептеледі. Бала жылаған кезде және дене қызуы көтерілген кезде пульс жиілейді.
Пульстің жиілігі:





  • жаңа туған балаларда – минутына 120-140 рет;



  • емшек жастағы балаларда - минутына 110-120 рет;



  • 2-4 жастағы балаларда - минутына 100-105 рет;




  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет