1. Алмалы салмалы протездер жіктемесі


Жақ-бет жүйесінің анатомиясы және физиологиясы



бет59/62
Дата23.05.2022
өлшемі186,8 Kb.
#144788
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
Ортопедия эталон

116.Жақ-бет жүйесінің анатомиясы және физиологиясы. Бет-жақ аймағы бала іште пайда болған 12-ші күнінен басталады, алдыңғы ми күлдіреуік (пузырь) пен жүректің дөңесінің арасында эктодерманың түсуімен бірінші ауыз қуысы пайда болады. Жоғарғы жақсүйегі, maxilla – жұп сүйек; қасындағы сүйектер мен қозғалыссыз бекіген. Жоғарғы жақсүйегі - оның денесі-corpus maxilla және төрт жаққа қараған өсінділері бар. Олар: маңдай-processus frontalis, бетсүйектік-processus zygomaticus, тіс ұяшықтық немесе альвеолярлық- processus alveolaris және таңдай- processus palatinus. Жоғарғы жақсүйектің денесін- көзұялық беті-facies orbitalis, яғни көзұясының төменгі, мұрын беті- facies nasalis мұрынның бүйір, сондай-ақ самайасты беті- facies infratemporalis және ауыз қуысының қабырғаларын құрайды. Жоғарғы жақсүйектің төрт қабырғасы бар: алдыңғы, артқы, жоғарғы және ішкі. Алдыңғы қабырғасының беті тері сыртынан жақсы сипап. анықтауға болады. оны жоғарғы жағынан-көзұясының төменгі қыры, төменгі жағынан-тіс ұяшықтық (альвеолярлық) өсінді, ішкі жағынан-алмұрт тесігінің жиектері, сыртқы жағынан-бетсүйек-тіс ұяшықтық (альвеолярлық) қыратыcrista zygomaticoalveolaris өтеді. алдыңғы қабырғасын құрайтын сүйектік табақша жұқа. Сол себептен, жоғарғы жақсүйегінде кездесетін іріңді қабыну аурулары, әдетте оның осы сүйектік қабырғасын тез бұзып, даму барысында айтарлықтай ауыр дәрежелі сүйектік құрамның өзгеруіне өз әсерін тигізбейді, сонымен қатар қиыншылықтарды тудырмайды. Төменгі жақсүйек-mandibula сәбидің 1-2 жас аралығында екі симметриялы сүйектің ортаңғы деңгейде қосылып бітісуінен қалыптасатын дара, бет сүйектері ішіндегі ең ірі де берік сүйек. Төменгі жақсүйек доға тәріздес екі жаққа қарай иіліп өтетін денесіненcorpus mandibulae-дан және жоғарыға тік көтерілген екі бұтақтан- rami mandibulae тұрады. Денесінің астыңғы қыры қайырыла иілген түбінен-basis mandibula, жоғары қараған-альвеолярлық өсіндіден-processus alveolaris-тен құралған. Төменгі жақсүйек бет сүйек қаңқасы ішіндегі жалғыз козғалмалы сүйек. Самай-төменгі жақ буыны-СТЖБ- төменгі жақсүйектің буын басы мен самай шұңқырының буын беттерінен құралған жұп анатомиялық құрылым болып табылады. СТЖБ- төменгі жақсүйектің буын өсіндісінің басынан, самай сүйектің буын шұңқырынан, буын төмпешігінен, екі жағы ойық талшықты шеміршектік табақшадан (мениск немесе диск), буын қапшығы мен буын байламдарынан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет