Металды емес салмалармен протездеудің клиникалық-зертханалық кезеңдерін атаңыз. Металды емес салмаларды дайындаудың негізгі әдістерінің қысқаша сипаттамасы
113.Металды емес салмалармен протездеудің клиникалық-зертханалық кезеңдерін атаңыз. Металды емес салмаларды дайындаудың негізгі әдістерінің қысқаша сипаттамасы. Салма – тіс технигінің зертханасында ауыз қуысынан тыс жасалынатын пломба. Салмалар шайнау тістерінде үлкен тіс жегі қуысын қалпына келтіруге қолданылады. Қазіргі кезде заманауи үлкен тіс жегі қуыстарын дәстүрлі түсті пломбаға қарағанда салмалармен қалпына келтіру нәтижелі және тиімді екендігі дәлелденген.Салманы дайындаудың клиникалық-зертханалық кезеңдері:1-салма астына қуысты егеп тазалап қалыптастыру;2-балауызды мүсін алу,болашақта металданқұйылады;3-салманы тегістеп жылтырату;4-салманы шақтап көріп,бекіту. Салманы дайындау үрдісі Салма дайындау үрдісі екі қабылдаудан тұрады: Бірінші қабылдау кезінде тісті дайындап алып, қалып алады, салманың түсін таңдайды, уақытша салма қояды. Екінші қабылдау кезінде салманы қондырады. Екі қабылдаудың арасы 1-2 апта. Осы уақыт аралығында тістехник зертханасында техник салма дайындайды. Бірінші қабылдау. Тісті өңдеп, қалып алады. Салмаға тісті егемес бұрын, дәрігер жансыздандыру жасап, тіс жегіне ұшыраған қуысты пішіндейді. Тіске сай салма жасау үшін дәрігер тек егелген тістен ғана емес, қарама - қарсы жақ тісінен де тістердің барлық ерекшеліктерін ескере отырып техник салманы нақтылап мүсіндеу үшін қалып алады. Қалып арнайы қалыптағыш материалмен алынады. Алынған қалып тістехник зертханасына жіберіліп, мүсін құйылады. Ғанышты мүсін науқас тістерінің нақты көшірмесі,осы мүсіннің көмегімен зертханада салма жасалынады. Екінші қабылдау. Салманы орнату. Салманы орналастырмас бұрын дәрігер стоматолог тіске қаншалықты отыратынын, пішінін, және түсін тексереді. Дәрігер салманы тіске кигізіп, артық жерлерін алып тастайды. Тістемді тексереді – салманың ауыз қуысындағы басқа тістермен түйісуін тексереді. Салманың тіске дұрыс орнауын, пішінін және түсінің сәйкестігін анықтаған соң цементке отырғызады.
114.Тіс қатарының ішінара ақауларын жартылай алынбалы пластинкалы протездерімен емдеуге көрсеткіштер, протездерінің құрамдас конструктивтік элементтері, олардың функционалдық сипаттамасы.Адамның ауыз қуысында тістердің бір бөлігінің болмауынан көрінетін тіс патологиясы ішінара адентия деп аталады. Аурудың екі түрі анықталған: ішінара біріншілік және ішінара қайталама адентия. Біріншілік кемістік сирек байқалады, туа біткен, екі түрде дамиды. Тіс қатарының бұзылуына әкелетін этиологиялық факторлар: Кариес. Пульпит. Периодонттың қабыну процестері. Гранулемалар, кисталар. Жарықтар, чиптер. Ауыз және жақ-бет жарақаттары. Сонымен қатар, дикцияның бұзылуы бар, тамақты тістеп алу қиын.Молярлардың немесе премолярлардың жоғалуы кезінде тағамды толық шайнау мәселесі басым болады. Тіс қатарының деформациясы тіс сауыттарының толық немесе жартылай жоюлуына, тістердің біртіндеп жоғалуы, парадонт аурулары, қатерлі ісіктер, және тістердің окклюзия жазықтықтағы сагиттальды және трансверзальды бағытқа қарай өзгеріске ұшырататын басқада патологиялық аурулар. Деформацияның ең басты клиникалық көрінісі науқастың жасына, тіс жұлынғаннан кейін өткен уақыт, қалған тістердің парадонт тіндерінің жағдайы және басқа факторлар. Егер жоғарғы шет тістер жұлынған болса, онда төменгі тістердің вертикальды бағытқа қарай өсіп кетуін көреміз. Ақау шекералас жатқан тістерде болса, онда қасындағы тіс ақауға қарай өзінің алдыңғы ұрттық төмпешігімен қисаюын байқаймыз. Ренгенологиялық зерттеуде жылжыған
тістің периодонтальды саңылаудың кеңеюі, оның деформациясы, тіс альвеоласының атрофиясы, тістің қисайған бағытында сүйектің қалатаны байқаймыз. Тіс түбірінің ұшында остеопороз шекарасын туындайды, оны кейде созылмалы периодонтит ошағымен шатастырады. СТЖБ ауруларының пайда болу себептері: Буын жарақаттары; Тістерді, әсіресе шайнау тістерін жоғалтуға байланысты тістем биіктігінің төмендеуі; Бруксизм, қажалу (стресс әсерінен); Спортпен айналысу барысындағы артық жүктеме; Дұрыс емес тістем. Сонымен қатар, СТЖБ қызметі дисфункциясының себебі стоматолог дәрігерлердің – ортопедтер, ортодонттар, терапевттер және хирург дәрігерлерінің қателіктері болуы мүмкін. Шайнау тіске дұрыс зады, біржақты жүктемеге әкеледі, дисктердің ығысуына және соңында, СТЖБның аурулық дисфункциясына әкеледі.