1. Аминқышқылдары: құрылысы, классификациясы, қышқылды-негізді қасиеті, аминқышқылдарының изоэлектрлік нүктесі


Шаперондардың құрылысы мен классификациясы.Нәруыздар фолдингінде шаперондардың функционалдық рөлі



бет2/8
Дата14.09.2022
өлшемі32,99 Kb.
#149532
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
бх

3. Шаперондардың құрылысы мен классификациясы.Нәруыздар фолдингінде шаперондардың функционалдық рөлі.
Тұрақсыз нәруыздардың тұрақтандыруға қабілеті бар нәруыздарды шаперондар деп атайды.Шаперондар молекулалық массасына қарай 6 топқа бөлінеді.1.жоғары молекулалы,молекулалық массасы 110-нан 110 кД. 2.Ш-90, молекулалық массасы 86-90 кД. 3.Ш-70,молекулалық массасы 68 ден 77 кД. 4.Ш-60, 5.Ш-40. 6.төмен молекулалы,молекулалық массасы 15 тен 30 кД.
Нәруыздар фолдингінде шаперондардың функционалды рөлі.Нәруыздар синтезі кезінде полипептидтің N ұшы С ұшына қарағанда ертерек синтезделеді.Нәруыздардың конформациясы қалыптасуы үшін олардың амин қышқылдарының толық тізбегі қажет.Нәруыздардың синтезі кезінде рибосомада реакцияға түсу қабілеті жоғары молекулалы радиалдардың қорғаныштық қызметін Ш-70 атқарады.Ш-70 нәруыздардың жоғарғы консервативті түріне жатады.Ол жасушаның барлық бөлімінде цитозольда,ядрода,эндоплазмалық ретикульмде,митохондрияда болады.Ш-60 14 суббірліктен тұратын олигомерлі полипептидтер болып табылады.Ш-60 7 суббірліктен тұратын екі қатар түріндегі 2 сақина түзеді.Ш-60 суббірліктері 3 домен түзеді.Олар апикальды,аралық және экваториальды.Экваториальды домендерде АТФ-пен байланысу бөлімі орналасқан.АТФ бізде АДФ пен Н3РО4 ке дейін ыдырайды.Нәруыз синтезі мен фолдингін шаперондардың әртүрлі топтары атқарады.Бұл процесс нәруыздар конформациясына кедергі жасайды және басқа молекулалармен әрекеттесуден сақтайды.


4. Нәруыздардың құрылысы, физиологиялық мәні, молекулаларының түріне қарай классификациясы. Жәй нәруыздардар.
Нәруыздар мономері амин қышқылдары болатын полимерлі молекулалар.Адам ағзасында нәруыздардың құрамында 20 шақты амин қышқылдары кездеседі.Нәруыздар молекулаларының пішініне қарай глобулалы және фибрилді нәруыздар болып екіге бөлінеді.Адам ағзасындағы көптеген жеке нәруыздар глобулалы нәоуыздарға жатқызылады.Фибрилді нәруыздар-жіп тәрізді,ұзынша келген нәруыздар.Оларға коллаген,эластин,кератин,миозин жатады.Нәруыздар химиялық құрамы бойынша жай және күрделі нәруыздар болып екіге бөлінеді.Жай нәруыздар қалдықтары амин қышқылдары болатын полипептидті тізбектер.Жай нәруыздарға альбуминдер мен глобулиндер,протаминдер мен гистондар,проламиндер мен глютелиндер жатады.Протаминдер мен гистондар-сілтілі ақуыздар,олардың құрамында көп мөлшерде диамино-монокарбонды қышқылдар болады.Бұлардың молекулалық массасы аз және жақсы гидратталады.Гистондар хромосомалардың қалыптасуына қатысады.Проламиндер мен глютелиндер-өсімдік тектес белоктар.Глютелин судада,тұзды қышқылды ерітінділерде де ерімейді.Альбуминдер мен глобулиндер-жай нәруыздардың ішіндегі ең көп таралған түріне жатады.Олар сүттің,қан сарысуының,жұмыртқаның,бұлшықеттің құрамында болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет